Об открытии в г.Алматы Высшего колледжа Государственного университета штата Нью-Йорк (г.Бингхамтон)

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 1997 г. N 1192

      Руководствуясь положениями Хартии о демократическом партнерстве между Соединенными Штатами Америки и Республикой Казахстан, в целях содействия новым достижениям в области образования и активного вовлечения американского опыта по подготовке магистров технических наук для обеспечения структурной перестройки и технологического развития сферы производства Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Согласиться с предложением Министерства образования и культуры Республики Казахстан об открытии в г. Алматы Высшего колледжа Государственного университета Штата Нью-Йорк (г.Бингхамтон) со статусом высшего учебного заведения.
      2. Министерству юстиции Республики Казахстан произвести регистрацию Высшего колледжа в установленном порядке.
      3. Министерству образования и культуры Республики Казахстан в установленном порядке выдать лицензию на право ведения образовательной деятельности Высшему колледжу.
      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан оказать содействие в информировании через Посольства Республики Казахстан об открытии в г. Алматы Высшего колледжа Государственного университета штата Нью-Йорк (г.Бингхамтон).
      5. Департаменту управления государственным имуществом и активами Министерства финансов Республики Казахстан совместно с акимом г.Алматы оказать содействие в решении вопроса размещения Высшего колледжа.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан


Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттiк университетiнiң Жоғары колледжiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1192

      "Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы демократиялық әрiптестiк туралы хартияның" ережелерiн басшылыққа ала отырып, бiлiм беру саласындағы жаңа жетiстiктерге жәрдемдесу және өндiрiс аясын құрылымдық қайта құру мен технологиялық дамытуды қамтамасыз ету үшiн техникалық ғылымдар магистрлерiн даярлау жөнiндегi американдық тәжiрибенi белсендi түрде тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттiк университетiнiң жоғары оқу орны мәртебесi бар Жоғары колледжiн ашу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жоғары колледждi белгiленген тәртiппен тiркейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Жоғары колледжге бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттiк университетiнiң Жоғары колледжiнiң ашылғаны туралы Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi арқылы хабарлауға жәрдемдессiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару жөнiндегi департаментi Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп Жоғары колледждi орналастыру мәселесiн шешуге жәрдемдессiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi