О созданий Государственного ансамбля классической музыки "Камерата Казахстана"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 1997 г. N 1338

      В целях пропаганды классического музыкального наследия и развития лучших традиций казахстанской исполнительской школы Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение Министерства образования и культуры Республики Казахстан о создании республиканского государственного учреждения "Государственный ансамбль классической музыки "Камерата Казахстана".
      2. Министерству образования и культуры Республики Казахстан в месячный срок утвердить Положение о республиканском государственном учреждении "Государственный ансамбль классической музыки "Камерата Казахстана", назначить руководителя ансамбля и зарегистрировать учреждение в установленном порядке.
      3. Министерству образования и культуры Республики Казахстан осуществить финансирование ансамбля за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 1997 год по функциональной группе 08 (программа 11, подпрограмма 36).
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан


"Қазақстан Камератасы" мемлекеттiк классикалық музыка ансамблiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 15 қыркүйектегi N 1338

      Классикалық музыка мұраларын насихаттау және қазақстандық орындау мектебiнiң үздiк дәстүрлерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң "Қазақстан Камератасы" мемлекеттiк классикалық музыка ансамблiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгi бiр ай мерзiмде "Қазақстан Камератасы" мемлекеттiк классикалық музыка ансамблi" республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiтсiн, ансамбльдiң жетекшiсiн тағайындасын және мекеменi белгiленген тәртiппен тiркесiн.
      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгi ансамбльдi қаржыландыруды 1997 жылға арналған республикалық бюджетте 08 функционалдық топ (11-бағдарлама, 36-кiшi бағдарлама) бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi