О государственных фондах охраны окружающей среды Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 1998 г. N 280

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 июля 1997 г. Z970160_ "Об охране окружающей среды" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 17-18, ст. 213) и в целях реализации единой экологической политики государства и его стратегических планов устойчивого развития Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. (Пункты 1-6 утратили силу - постановлением Правительства РК от 5 марта 2002 г. N 272 P020272_ )
      7. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 октября 1993 г. N 1024 "О фондах охраны природы в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 41, ст.482);
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 октября 1994 г. N 1113 "О внесении дополнений и изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 октября 1993 г. N 1024" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 41, ст.448);
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 июня 1993 г. N 549 "Об утверждении порядка оплаты и использования средств государственной экологической экспертизы в Республике Казахстан".
 
     Премьер-Министр

     Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 280

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат) сәйкес және мемлекеттiң бiрыңғай экологиялық саясаты мен оны тұрақты дамытудың стратегиялық жоспарларын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1 - 6.
      Ескерту. 1-6-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.03.05. N 272
               қаулысымен. P020272_
      7. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасындағы табиғат қорғау қорлары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қазандағы N 1024 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 41, 482-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15

қазандағы N 1024 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу

туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15

қазандағы N 1113 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1994 ж., N 41, 448-құжат);

     "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама

қаражатынан ақы төлеу және оны пайдалану тәртiбiн бекiту туралы"

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы

29 маусымдағы N 549 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1998 жылғы 1 сәуiрдегi

                                        N 280 Қаулысына

                                              қосымша

           Мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорларының

                              ТIЗБЕСI

     "Республикалық қоршаған ортаны қорғау" мемлекеттiк қоры

     "Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк

қоры

     "Ақтөбе облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк

қоры

     "Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк

қоры

     "Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк

қоры

     "Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Жамбыл облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк

қоры

     "Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Қарағанды облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Қостанай облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Солтүстiк Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау"

жергiлiктi мемлекеттiк қоры

     "Оңтүстiк Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi

мемлекеттiк қоры

     "Ақмола қалалық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк

қоры

     "Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк

қоры

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1998 жылғы 1 сәуiрдегi

                                        N 280 Қаулысымен

                                              бекiтiлген

            "Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры"

                      мемлекеттiк қоры туралы

                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы

     Мемлекеттiң бiрыңғай экологиялық саясатын iске асыруды қаржылық

қолдау.

                         I. Жалпы ережелер

       1. "Республикалық қоршаған ортаны қорғау" мемлекеттiк қоры (бұдан әрi - Қор) мемлекеттiң экологиялық саясатын және оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық жоспарларын iске асыру мақсатында құрылады.
      2. Қор заңды тұлға болып табылады және осы Ережеде белгiленген құқықтарды пайдаланады. Қордың оқшауланған мүлкi, дербес балансы, бюджеттiк және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде атауы жазылған мөрi болады.
      3. Қор өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына,

заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң

актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы

Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

     4. Қор мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын

алады.

     5. Қор мына мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан

Республикасы, Көкшетау қаласы, Карл Маркс көшесi, 81.

                          II. Басымдықтары

     6. Қор өз қызметiнiң аясында мына басымдықтарды басшылыққа

алады:

     мемлекеттiң экологиялық саясаты мен оның қоршаған ортаны қорғау

саласындағы стратегиялық жоспарларынан туындайтын жобаларды

қаржыландыру;

       экологиялық құрылымдарға, ағартуға, экологиялық туризмге және көгалдандыру жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал ету жолымен қоғамның экология проблемаларына оң қатынасын қалыптастыру;
      халықаралық қаржы көмегiн қоса алғанда қоршаған ортаны қорғауға арналған қаражатты қамтамасыз ету және басқару.
 
       III. Қордың негiзгi тапсырмалары және қызметiнiң нысанасы
 
      7. Қордың негiзгi тапсырмалары:
      қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға, сондай-ақ халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басым экологиялық республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру;
      табиғат қорғау шаралары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған қаражатты қалыптастыру және бөлу;
      табиғи ресурстарды ұқыпты және тиiмдi пайдалануды ынталандыру;
      ресурс үнемдейтiн және экологиялық таза технологияларды енгiзуге ықпал ету болып табылады.
      8. Қор қызметiнiң нысанасы:
      қаражатты осы Ережеде айқындалған мiндеттердi және басқа да

кезек күттiрмейтiн экологиялық проблемаларды шешуге бағыттау;

     тазарту құрылғыларын, табиғат қорғау объектiлерiн салуға және

қайта жаңартуға қатысу;

     экологиялық бiлiм берудi, ағартуды, экологиялық туризмдi,

сондай-ақ көгалдандыру жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды

дамытуға ықпал ету;

     қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi

әзiрлеуге ықпал ету;

     қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтердi

жүзеге асыру болып табылады.

                IV. Қордың құқықтары мен мiндеттерi

     9. Қордың өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:

     өз қызметi туралы ақпарат таратуға;

     жергiлiктi мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорларының

қызметiн үйлестiруге және бақылауға;

     қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ұйымдардың

тарапынан мақсатты жобалар мен бағдарламалардың қаржыландырылуын

үйлестiруге;

     шарттар мен келiсiм-шарттар жасасуға;

     қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру шараларын

қолдануға;

     қоршаған ортаны қорғау саласында қолданылып жүрген заңдарға

қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

     10. Қор өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде:

     уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға заңдарда көзделген Қорға

алымдар мен төлемдердiң толықтығын қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуге;

     Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

     қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа да мiндеттердi атқаруға

мiндеттi.

                    V. Қордың басқару органдары

     11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар

министрлiгi Қордың басқару органы болып табылады.

     12. Қордың жедел және ағымдағы мiндеттерiн шешу үшiн Қор

Басқармасы құрылады.

                    VI. Қордың басқарушы органы

     13. Басқарушы орган Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарына қатысты

шешiм қабылдайды.

     14. Басқарушы органның құзыретiне:

       Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк Ереженiң негiзiнде жергiлiктi мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы ережелердi бекiту;
      Қордың iшкi нормативтiк құжаттарын бекiту;
      Қор мен жергiлiктi мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорлары қызметiнiң жылдық жоспарын, жылдық есептерiн бекiту;
      тәуелсiз аудиторларды шақыру арқылы Қордың қызметiне тексерулiк тексерiстер ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау;
      жергiлiктi мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорлары басқармасының құрамын айқындау;
      Қор қызметiнiң басқа да мәселелерi кiредi.
 
                            VII. Басқарма
 
      15. Басқарма атқарушы орган болып табылады және Қордың қызметiн күнделiктi басқаруды жүзеге асырады. Қордың басқармасы заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес Қордың мүлкiн басқарады, оның қаражатына билiк етедi. Басқарма Басқарманың төрағасынан - Қордың директорынан және Басқарманың 4 мүшесiнен тұрады. Басқарманың мүшелерiн Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрi тағайындайды. Қордың директорын Экология және табиғи ресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi тағайындайды.
      16. Басқарманың қызметiне тiкелей басшылық жасауды Қордың

директоры жүзеге асырады. Қордың директоры Басқармаға есептi,

Басқарушы органның құзыретiне кiретiндердi қоспағанда Қор қызметiнiң

барлық, оның iшiнде оған Басқарма жүктеген, мәселелерiн шешедi.

     17. Қор Басқармасының өкiлеттiгi:

     Қордың ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асыру;

     Қордың бухгалтерлiк балансы мен оның қызметiнiң жылдық есебiн

Басқарушы органның бекiтуiне ұсыну;

     қызметтiң жылдық жоспарының жобасын дайындау және оның

атқарылуына бақылау жасау;

     Қордың ақша қаражатын қоса алғанда оның мүлкiне иелiк ету;

     Қордың қызметкерлерiн қызметке қабылдау және қызметтен босату;

     бюджеттiк және өзге де шоттарды ашу, штаттық кестенi бекiту;

     осы Ережеде белгiленген шектерде өзге де заңды және жеке

тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен қатынастарда Қорды

бiлдiру;

     Қордың атынан шарттар (келiсiм-шарттар) жасасу және олардың

орындалуын қамтамасыз ету;

     Қордың мiндеттемелерiнен туындайтын басқа да өкiлеттiктер болып

табылады.

                VIII. Қордың қаражатын қалыптастыру

     18. Қордың қаражаты:

     заңдарда көзделген мөлшерлерде жергiлiктi мемлекеттiк қорлардың

аударымдарының;

     қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды

iске асыруға бағытталған халықаралық көмектiң;

     заңдарға қайшы келмейтiн басқа да кiрiстер мен түсiмдердiң

есебiнен қалыптастырылады.

                   IХ. Қордың қаражатын пайдалану

     19. Қордың қаражаты Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн

Қордың бюджетiне сәйкес пайдаланылады.

     20. Қордың қаражаты қаржыландырудың басқа да көздерiн

алмастырмастан:

       қоршаған ортаны қорғаудың сапасын жақсартуға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға үлестiк қатысуға;
      ғылыми-техникалық зерттеулерге, ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды енгiзуге жәрдемдесуге;
      қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге қатысуға;
      заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар жүзеге асыратын табиғатты қорғау объектiлерiн салу мен қайта жаңартуды қаржыландыруға қатысуға;
      мемлекеттiк экологиялық сараптауды қаржыландыруға;
      айрықша қорғалатын табиғи аймақтарды құруға және жайластыруға, қоршаған ортаның ластануының нәтижесiнде залал келтiрген табиғи ресурстарды қайта қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      белгiленген тәртiппен азаматтарға қоршаған ортаның ластануына және оған өзге де қолайсыз әсер етiлуiне орай олардың денсаулығына келтiрiлген залалды өтеуге арналған өтемақы сомаларын төлеуге;
      экологиялық тәрбие мен бiлiм берудi дамытуға;

     қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың

материалдық-техникалық базасын нығайтуға;

     Қор Басқармасының аппараты мен оның материалдық-техникалық

базасын ұстауға;

     табиғи зiлзалалардың зардаптарын болдырмауға және жоюға және

олар қоршаған ортаға тигiзген залалды өтеуге;

     қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және қолданылып жүрген

заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мақсаттарға пайдаланылады.

     21. Қордың қаражатын қоршаған ортаны қорғауға байланысты емес

мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.

     22. Қордың кiрiстерi Қордың мiндеттерiн қаржыландыруға

бағытталады.

                  Х. Қордың есебi және есептiлiгi

     23. Қордың бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгi қолданылып жүрген

заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

     24. Қордың Басқармасы үш айда бiр рет басқарушы органға Қордың

қаражатының жұмсалуы туралы қаржылық есеп ұсынады.

     25. Қордың Басқармасы есептi жылдың қорытындылары бойынша,

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынуы үшiн, Қазақстан

Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiне Қордың

және жергiлiктi мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау қорларының

қызметiнiң аяқталған жылғы нәтижелерi туралы баяндама жолдайды.

                         ХI. Жауапкершiлiгi

     26. Қор өз қызметiнiң нәтижесi үшiн қолданылып жүрген заңдарда

көзделген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.

              ХII. Қорды қайта ұйымдастыру және тарату

     27. Қорды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүргiзiледi.

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1998 жылғы 1 сәуiрдегi

                                        N 280 Қаулысымен

                                              бекiтiлген

          "Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қоры"

              жергiлiктi мемлекеттiк қоры туралы үлгi

                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы

     Мемлекеттiң бiрыңғай экологиялық саясатын iске асыруды қаржылық

қолдау.

                         I. Жалпы ережелер

       1. "Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттiк қоры (бұдан әрi - Қор) мемлекеттiң экологиялық саясатын және оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық жоспарларын iске асыру мақсатында құрылады.
      2. Қор заңды тұлға болып табылады және осы Ережеде белгiленген құқықтарды пайдаланады. Қордың оқшауланған мүлкi, дербес балансы, бюджеттiк және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған

мөрi болады.

     3. Қор өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына,

заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң

актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы

Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

     4. Қор мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын

алады.

     5. Қордың заңдық мекен-жайы:__________________________________

________________________________

                          II. Басымдықтары

     6. Қор өз қызметiнiң аясында мынадай басымдықтарды басшылыққа

алады:

     мемлекеттiң экологиялық саясаты мен оның қоршаған ортаны қорғау

саласындағы стратегиялық жоспарларынан туындайтын жобаларды

қаржыландыру;

       экологиялық бiлiмге, ағартуға, экологиялық туризмге және көгалдандыру жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдемдесу жолымен қоғамның экология проблемаларына оң қатынасын қалыптастыру;
      халықаралық қаржы көмегiн қоса алғанда қоршаған ортаны қорғауға арналған қаражатты қамтамасыз ету және басқару.
 
       III. Қордың негiзгi тапсырмалары және қызметiнiң нысаны
 
      7. Қордың негiзгi тапсырмалары:
      қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға, сондай-ақ халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басым экологиялық облыстық (қалалық) және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру;
      табиғат қорғау шаралары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған қаражатты қалыптастыру және жұмсау;
      табиғи ресурстарды ұқыпты және тиiмдi пайдалануды ынталандыру;
      ресурс үнемдейтiн және экологиялық таза технологияларды енгiзуге жәрдемдесу болып табылады.
      8. Қор қызметiнiң нысанасы:
      қаражатты осы Ережеде айқындалған мiндеттердi және басқа да

кезек күттiрмейтiн экологиялық проблемаларды шешуге бағыттау;

     тазарту құрылғыларын, табиғат қорғау объектiлерiн салуға және

қайта жаңартуға қатысу;

     экологиялық бiлiм берудi, ағартуды, экологиялық туризмдi,

сондай-ақ көгалдандыру жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды

дамытуға жәрдемдесу;

     қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi

әзiрлеуге жәрдемдесу;

     қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi

жүзеге асыру болып табылады.

                IV. Қордың құқықтары мен мiндеттерi

     9. Қордың өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:

     өз қызметi туралы ақпарат таратуға;

       қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ұйымдардың

тарапынан мақсатты жобалар мен бағдарламалардың қаржыландырылуын

үйлестiруге;

     шарттар мен келiсiм-шарттар жасасуға;

     қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру шараларын

қолдануға;

     қоршаған ортаны қорғау саласында қолданылып жүрген заңдарға

қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

     10. Қор өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде:

     уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға заңдарда көзделген Қорға

алымдар мен төлемдердiң толықтығын қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуге;

     "Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры" мемлекеттiк қорына

заңдарда көзделген мөлшерлерде аударымдар жүргiзуге;

     Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

     қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа да мiндеттердi

атқаруға мiндеттi.

                    V. Қордың басқару органдары

     11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар

министрлiгi Қордың басқару органы болып табылады.

     12. Қордың жедел және ағымдағы мiндеттерiн шешу үшiн Қор

Басқармасы құрылады.

                    VI. Қордың басқарушы органы

     13. Басқарушы орган Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарына қатысты

шешiм қабылдайды.

     14. Басқарушы органның құзыретiне:

     осы Ереженiң негiзiнде Қор туралы ереженi бекiту;

     Қордың iшкi нормативтiк құжаттарын бекiту;

     Қор қызметiнiң жылдық жоспарын, жылдық есептерiн бекiту;

     тәуелсiз аудиторларды шақыра отырып Қордың қызметiне тексерулiк

тексерiстер ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдау;

     Қордың Басқармасының құрамын айқындау;

     Қор қызметiнiң басқа да мәселелерi кiредi.

                           VII. Басқарма

       15. Басқарма атқарушы орган болып табылады және Қордың қызметiн күнделiктi басқаруды жүзеге асырады. Қордың басқармасы заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес Қордың мүлкiн Басқарады, оның қаражатына билiк етедi. Басқарма 5 адамнан тұрады. Басқарманың мүшелерiн басқармашы орган тағайындайды.
      16. Басқарманың қызметiне тiкелей басшылық жасауды Қордың

директоры жүзеге асырады. Қордың директоры Басқармаға есептi,

Басқарушы органның құзыретiне кiретiндердi қоспағанда Қор қызметiнiң

барлық, оның iшiнде оған Басқарма жүктеген, мәселелердi шешедi.

     17. Қор Басқармасының өкiлеттiктерi:

     Қордың ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асыру;

     Қордың бухгалтерлiк балансы мен оның қызметiнiң жылдық есебiн

басқарушы органның бекiтуiне ұсыну;

     қызметтiң жылдық жоспарының жобасын дайындау және оның

атқарылуына бақылау жасау;

     Қордың ақша қаражатын қоса алғанда, оның мүлкiне иелiк ету;

     Қордың қызметкерлерiн қызметке қабылдау және қызметтен босату;

     бюджеттiк және өзге де шоттар ашу, штат кестесiн бекiту;

     осы Ережеде белгiленген шектерде өзге де заңды және жеке

тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен қатынастарда Қорды

бiлдiру;

     Қордың атынан шарттар (келiсiм-шарттар) жасасу және олардың

орындалуын қамтамасыз ету;

     Қордың мiндеттемелерiнен туындайтын басқа да өкiлеттiктер болып

табылады.

                VIII. Қордың қаражатын қалыптастыру

     18. Қордың қаражаты:

       1) ластайтын заттарды тастағаны, өндiрiстiң қалдықтарын орналастырғаны және белгiленген лимиттердiң шектерiнде тұтынғаны үшiн;
      белгiленген лимиттерден тыс қоршаған ортаны ластағаны үшiн;
      қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап-арыздар

бойынша алынған және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны

үшiн айыппұл;

     тәркiленген аңшылық және балық аулау құралдарын, заңсыз

өндiрiлген өнiмдi сатудан алынған төлемдердiң;

     2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен

жобаларды iске асыруға бағытталған халықаралық көмектiң;

     3) заңдарға қайшы келмейтiн басқа да кiрiстер мен түсiмдердiң

есебiнен қалыптастырылады.

                   IХ. Қордың қаражатын пайдалану

     19. Қордың қаражаты басқарушы орган бекiтетiн Қордың бюджетiне

сәйкес пайдаланылады.

     20. Қордың қаражаты қаржыландырудың басқа да көздерiн

алмастырмастан:

       қоршаған ортаны қорғаудың сапасын жақсартуға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға үлестiк қатысуға;
      ғылыми-техникалық зерттеулерге, ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды енгiзуге жәрдемдесуге;
      қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге қатысуға;
      заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар жүзеге асыратын табиғатты қорғау объектiлерiн салу мен қайта жаңартуды қаржыландыруға қатысуға;
      мемлекеттiк экологиялық сараптауды қаржыландыруға;
      айрықша қорғалатын табиғи аймақтарды құруға және жайластыруға, қоршаған ортаның ластануының нәтижесiнде залал келтiрген табиғи ресурстарды қайта қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      белгiленген тәртiппен азаматтарға қоршаған ортаның ластануына және оған өзге де қолайсыз әсер етiлуiне орай олардың денсаулығына келтiрiлген залалды өтеуге арналған өтемақы сомаларын төлеуге;
      экологиялық тәрбие мен бiлiм берудi дамытуға;

     қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың

материалдық-техникалық базасын нығайтуға;

     Қор Басқармасының аппараты мен оның материалдық-техникалық

базасын ұстауға;

     табиғи зiлзалалардың зардаптарын болдырмауға және жоюға және

олар қоршаған ортаға тигiзген залалды өтеуге;

     қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және қолданылып жүрген

заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мақсаттарға пайдаланылады.

     21. Қордың қаражатын қоршаған ортаны қорғауға байланысты емес

мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.

     22. Қордың кiрiстерi Қордың мiндеттерiн қаржыландыруға

бағытталады.

                  Х. Қордың есебi және есептiлiгi

     23. Қордың бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгi қолданылып жүрген

заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

     24. Қордың Басқармасы үш айда бiр рет басқарушы органға Қордың

қаражатының жұмсалуы туралы қаржылық есеп ұсынады.

     25. Қордың Басқармасы есептi жылдың қорытындылары бойынша