О штатной численности центрального аппарата Комитета Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июля 1998 г. N 724. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 марта 2003 г. N 258


      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 июня 1998 года № 3986 U983986_ "О дальнейших мерах по оптимизации органов государственного управления" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить штатную численность центрального аппарата Комитета Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции в количестве 75 единиц, в том числе 55 единиц за счет реорганизованного Комитета по ценовой и антимонопольной политике Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и 20 единиц за счет сокращения штатной численности Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.
      2. Разрешить Комитету Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции иметь двух заместителей Председателя.
      3. Комитету Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции в срок до 30 июля 1998 года разработать и представить на утверждение в Правительство Республики Казахстан структуру и Положение о Комитете Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің орталық аппараты штатының саны туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 30 шілдедегі N 724 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      "Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті орталық аппаратының штат саны 75 адам болып, оның ішінде 55 адам Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қайта ұйымдастырылған Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің есебінен және 20 адам Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің штат санын қысқартудың есебінен белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетіне төрағаның екі орынбасары болуына рұқсат етілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелесті қорғау жөніндегі комитеті 1998 жылдың 25 шілдесіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі