О подготовке производственного и социального комплекса Республики Казахстан к работе в осенне-зимний период 1998/99 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 1998 г. № 745


      В целях своевременной и качественной подготовки производственного и социального комплекса Республики Казахстан к работе в предстоящий осенне- зимний период 1998/99 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Центральным исполнительным органам, акимам областей, гг. Астаны и Алматы, руководителям соответствующих организаций в установленном законодательством порядке с целью бесперебойного электро- и газоснабжения, эффективного использования энергии и топлива и своевременной подготовки производственного и социального комплекса к работе в осенне-зимний период 1998/99 года:
      1) в месячный срок разработать и утвердить организационно-технические мероприятия, подкрепленные финансовыми и материальными ресурсами, по подготовке до 1 ноября т.г. электрических станций, тепловых и электрических сетей, отопительных и газоснабжающих систем, а также промышленных, сельскохозяйственных и коммунально-бытовых объектов к работе в осенне-зимних условиях, обеспечить их реализацию;
      2) предусмотреть на осенне-зимний период по соглашению с энергоснабжающей организацией плановый вывод в ремонт энергоемкого оборудования промышленных предприятий;
      3) обеспечить электрокотельные и другие электронагревательные установки, используемые для целей отопления и горячего водоснабжения, аккумуляторами тепла и автоматикой отключения их на часы прохождения максимальных нагрузок в энергообъединении;
      4) принять меры и установить контроль за погашением потребителями энергии задолженности энергоснабжающим организациям за использованные электрическую, тепловую энергию и природный газ по согласованному графику. Принять меры по оплате потребителями задолженности в указанный по согласованному графику срок;
      5) в недельный срок разработать и утвердить месячные графики накопления запасов топлива по каждому энергоисточнику, предприятию и организовать контроль за их выполнением;
      6) организовать территориальные и ведомственные штабы по координации и контролю за своевременной подготовкой объектов к работе в зимних условиях.
      2. Акимам областей, гг. Астаны, Алматы обеспечить:
      1) своевременную подготовку теплоисточников, систем транспортировки и потребления тепловой энергии и газа, а также обеспечение устойчивого тепло- и газоснабжения потребителей в предстоящий отопительный сезон;
      2) организацию работы кооперативов собственников квартир по проведению ремонтно-профилактических мероприятий по подготовке систем отопления и газоснабжения к работе в предстоящий осенне-зимний период;
      3) оснащение приборами учета тепловой энергии, холодной и горячей воды, газа в организациях, финансируемых из бюджета, и жилых домах;
      4) заключение контрактов с поставщиками на поставку твердого и жидкого топлива, а также природного газа на весь отопительный период, с созданием необходимого запаса;
      5) организацию в течение III квартала т.г. заключение договоров, обеспеченных финансовыми ресурсами, с энергопроизводящими организациями Казахстана и зарубежными энергопроизводителями, а также с акционерным обществом "Казахстанская компания по управлению электрическими сетями" на поставку электроэнергии в области на недостающее количество электроэнергии для электроснабжения потребителей области;
      6) совместно с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан до сентября т.г. погашение задолженности сельскохозяйственных товаропроизводителей, образовавшейся за использованную в 1996-1998 годах электрическую энергию;
      7) ремонт коммунальных и сельскохозяйственных отопительных котельных и систем теплоснабжения, а также заготовку в необходимых объемах топлива для указанных котельных и населения, а для г. Алматы, Алматинской, Жамбылской и Южно-Казахстанской областей - плановую закачку Полтарацкого и Акыртюбинского газохранилищ с целью бесперебойного теплоснабжения в предстоящий осенне-зимний период до начала отопительного сезона;
      8) финансирование бюджетных организаций для погашения задолженности за использованные топливо и энергию и своевременной оплаты ими получаемых топливно-энергетических ресурсов.
      3. Создать Республиканский штаб по оперативной организации и контролю за подготовкой производственного и социального комплекса Республики Казахстан к работе в осенне-зимний период.
      Руководство Республиканским штабом возложить на Министра энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Аблязова М.К.
      4. Рекомендовать акционерному обществу "Казахстанская компания по управлению электрическими сетями" рассмотреть вопрос создания в часы максимума нагрузок резерва мощности для устойчивой работы энергосистемы Казахстана на основе заключения договоров с энергопроизводящими организациями.
      5. Госэнергонадзору Республики Казахстан установить контроль за подготовкой энергоисточников, сетей транспортировки электрической и тепловой энергии к работе в осенне-зимний период 1998/99 года и ежемесячно представлять информацию в Министерство энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан.
      6. Министерству сельского хозяйства совместно с Министерством энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан и другими заинтересованными министерствами обеспечить в осенне-зимний период 1998/99 года работу Капчагайской гидроэлектростанции и каскада Иртышских гидроэлектростанций в соответствии с правилами эксплуатации, отвечающими требованиям всех отраслей экономики и экологической безопасности.
      7. Акимам Алматинской, Восточно-Казахстанской, Кызылординской, Павлодарской областей до 1 октября 1998 года обеспечить вывоз запасов кормов из возможных зон затопления рек Иртыша, Или и Сырдарьи.
      8. Акимам областей и гг. Астаны и Алматы с 1 августа т.г. два раза в месяц представлять информацию в Министерство энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан о ходе выполнения настоящего постановления для последующего информирования Правительства Республики Казахстан.
      9. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министра энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Аблязова М.К.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан 



Қазақстан Республикасының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн 1998/99 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде жұмыс iстеуге дайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 6 тамыздағы N 745

      Қазақстан Республикасының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн 1998/99 жылдың алдағы күзгi-қысқы кезеңiнде жұмыс iстеуге уақытылы және сапалы дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Орталық атқарушы органдар, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, тиiстi ұйымдардың басшылары электрмен және газбен үздiксiз жабдықтау, энергия мен отынды тиiмдi пайдалану және өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендi 1998/99 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде жұмыс iстеуге заңдарда белгiленген тәртiппен уақытылы дайындау мақсатында:
      1) бiр ай мерзiм iшiнде үстiмiздегi жылдың 1 қарашасына дейiн электр станцияларын, жылу және электр тораптарын, жылыту және газбен жабдықтау жүйелерiн, сондай-ақ өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылығы және коммуналдық тұрмыстық объектiлердi күзгi-қысқы жағдайда жұмыс iстеуге дайындау жөнiнде қаржылық және материалдық ресурстармен нығайтылған ұйымдастыру-техникалық шараларды әзiрлесiн және бекiтсiн;
      2) энергиямен жабдықтаушы ұйымның келiсiмi бойынша өнеркәсiп орындарының энергиямен қамтымды жабдықтарын күзгi-қысқы кезеңге жөндеуге жоспарлы түрде енгiзудi қарастырсын;
      3) жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсаттары үшiн пайдаланылатын электр қазандықтарды және басқа да электрмен жылыту қондырғыларын жылу аккумуляторларымен және оларды энергия бiрлестiгiнде ең жоғары жүктеме өтетiн сағаттарда ажырату автоматтарымен қамтамасыз етсiн;
      4) энергияны тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға пайдаланылған электр, жылу энергиясы және табиғи газ берешектерiн келiсiлген кесте бойынша өтеуiне шаралар қабылдасын және оған бақылау орнатсын. Тұтынушылардың келiсiлген кесте бойынша көрсетiлген мерзiмде берешектерiн төлеуi жөнiнде шаралар қабылдасын;
      5) бiр апта мерзiм iшiнде әрбiр энергия көзi, кәсiпорын бойынша отын қорларының жинақталуының айлық кестелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн және олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырсын;
      6) объектiлердi қысқы жағдайда жұмыс iстеуге уақтылы дайындауды үйлестiру және оны бақылау жөнiнде аумақтық және ведомстволық штабтар ұйымдастырсын.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мыналарды қамтамасыз етсiн:
      1) жылу көздерiн, жылу энергиясы мен газды тасымалдау және тұтыну жүйелерiн уақытылы дайындау, сондай-ақ алдағы жылу маусымында тұтынушыларды тұрақты түрде жылумен және газбен жабдықтау;
      2) пәтер иелерi кооперативтерiнiң жылыту және газбен жабдықтау жүйелерiн алдағы күзгi-қысқы кезеңде жұмыс iстеуге дайындау бойынша жөндеу-профилактикалық шараларды жүргiзу жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) бюджеттен қаржыланатын ұйымдар мен тұрғын үйлердi жылу энергиясын, суық және ыстық суды, газды есептеу құралдарымен жарақтандыруды ұйымдастыру;
      4) қажеттi запас жасай отырып, осы өнiм берушiлермен бүкiл жылыту кезеңiнде қатты және сұйық отын мен газ беру жөнiнде келiсiм-шарт жасасу;
      5) үстiмiздегi жылдың III тоқсанының iшiнде Қазақстанның энергия өндiретiн ұйымдарымен және шетел энергия өндiрушiлерiмен, сондай-ақ "Энергия жүйелерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамымен облыстың тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшiн облыстарға электр энергиясын жетпей тұрған мөлшерiнде беру жөнiнде қаржылық ресурстармен қамтамасыз етiлген шарттар жасасуды ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесе отырып, үстiмiздегi жылдың қыркүйегiне дейiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң 1996-1998 жылдары пайдаланылған электр энергиясы үшiн пайда болған берешектерiн өтеу;
      7) алдағы күзгi-қысқы кезеңде жылумен үздiксiз жабдықтау мақсатында жылыту маусымы басталғанға дейiн коммуналдық және ауыл шаруашылығы жылыту қазандықтары мен жылумен қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеу, сондай-ақ көрсетiлген қазандықтар мен халық үшiн отынды жеткiлiктi көлемде дайындау, ал Алматы қаласы және Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары үшiн Полторацкое және Ақыртөбе газ қоймаларын газбен толтыру;
      8) пайдаланылған отын мен энергия үшiн берешектi өтеуi және олардың алған отын-энергия ресурстарына уақытылы ақы төлеуi үшiн бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру.
      3. Қазақстан Республикасының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн күзгi-қысқы кезеңде жұмыс iстеуге дайындауды жедел ұйымдастыру және бақылау жөнiндегi республикалық штаб құрылсын.
      Республикалық штабқа басшылық жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi М.Қ.Әблязовқа жүктелсiн.
      4. "Электр жүйелерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамына энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарттар жасасудың негiзiнде Қазақстан энергетика жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуi үшiн ең жоғары жүктеме сағаттарында қуат резервiн жасау мәселесiн қарау ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалауы энергия көздерiн, электр мен жылу энергиясын тасымалдау тораптарын 1998/99 жылғы күзгi-қысқы кезеңде жұмыс iстеуге дайындауға бақылау орнатсын және ай сайын Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне ақпарат ұсынатын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен бiрлесе отырып, 1998/99 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде Қапшағай су электр станциясы мен Ертiс су электр станциялары каскадының экономиканың барлық салалары мен экологиялық қауiпсiздiктiң талаптарына жауап беретiн пайдалану ережелерiне сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
      7. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарының әкiмдерi 1998 жылдың 1 қазанына дейiн Ертiс, Iле және Сырдария өзендерiнiң су жайылуы ықтимал аймақтарынан мал азығының запастарын әкетудi қамтамасыз етсiн.
      8. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi үстiмiздегi жылдың 1 тамызынан бастап айына екi рет Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне, кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлау үшiн осы қаулының

 

орындалу барысы туралы ақпарат беретiн болсын.

     9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi

М.Қ.Әблязовқа жүктелсiн.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi