Утвердить Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о сотрудничестве в области туризма, подписанное в Анкаре 15 июня 1998 года.
Премьер-Министр Республики Казахстан
Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 1998 года N 949
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 қыркүйек N 949
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылдың 15 маусымында Анкарада қол қойылған Келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 6, 99-құжат) (1998 жылғы 18 желтоқсанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 74 бет)
Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi, екi елдiң арасындағы туризмдi дамытудың маңыздылығын пайымдай отырып;
туризмнiң өзара түсiнiктi, достықты, нығайтудағы маңызды құрал болып табылатындығына сенiм бiлдiре отырып;
1962 жылы Римде өткен, Халықаралық туризм және саяхат жөнiндегi БҰҰ конференциясының ұсыныстарын, 1-шi тамыз 1975 жылғы Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Кеңестiң Хельсинки Қорытынды Актiсi ережелерiн, сондай-ақ туризм саласындағы басқа да халықаралық құжаттарды назарға ала отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Тараптар олардың заңдарына, осы Келiсiмге және өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдерге сәйкес тең құқық пен өзара мүдделiлiк принциптерi негiзiнде туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытады және жәрдемдеседi.
Тараптар құзыреттi органдар, мемлекеттiк және жекеменшiк ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықты қолдайтын болады, ұйымдасқан және жеке туризмдi, үшiншi елдерден келген туристердiң туларын көтермелейтiн болады.
Тараптар туризм жөнiндегi бiрлескен семинарларды, мәжiлiстердi, көрмелердi және басқа да iс-шараларды ұйымдастыруды, Қазақстан және Түрiк Апталықтарын өзара өткiзудi көтермелейтiн болады.
Тараптар төмендегi мәселелер жөнiндегi бiлiм және тәжiрибе алмасуды жүргiзу мақсатында ұлттық туристiк ұйымдарды көтермелейдi және қолдау көрсететiн болады. Олар:
- екi елдегi туристiк қызметке қатысты ұлттық заңдар мен нормативтi-құқықтық актiлер;
- туризм саласындағы мәлiметтер мен статистикалық деректер;
- турларды ұйымдастыру;
- туристерге қызмет көрсететiн, қонақ үйлер мен басқа да туристiк мекемелер;
- туризмнiң түрлерi;
- жарнама және маркетинг техникасы.
Тараптар жеке келiсiмдер жасау жолымен туризм саласында мамандарды, қызметкерлердi және қызмет көрсетудiң барлық буындарында тәжiрибе алмасуды көтермелейтiн болады.
Тараптар туризм секторында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi даярлау және оқыту мақсатында құзыреттi органдар арқылы техникалық ынтымақтастық мүмкiндiктерiн зерттейтiн болады және осы мәселе бойынша бiрлескен жобаларды жүзеге асыруды көтермелейдi.
Тараптар екi елдiң туризм саласындағы қазiргi инвестициялық мүмкiндiктерiн бiрлесiп зерттеу мақсатында тұрақты ақпарат ағынын қамтамасыз етедi және оны құзыреттi органдар мен тиiстi ұйымдар арқылы туристiк индустрияға мәлiмет үшiн жеткiзiп отырады.
Тараптар бiрлескен туристiк өкiлдiктердi ашу үшiн қажеттi күш-жiгер жұмсайтын болады.
Өкiлдiктердiң ашылуы және қызметi екi елдiң құзыреттi органдары арасындағы уағдаластықтар негiзiнде және өкiлеттiк ашылатын елдiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тараптар туризм түрлерiнiң бiрi ретiнде тарихи Жiбек Жолы маркетингi мәселесi бойынша ынтымақтасатын болады және Жiбек Жолы бойынша халықаралық деңгейде қызметтердiң барлық түрлерiнен бiр-бiрiне қолдау көрсететiн болады.
Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi қолдану жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру, шешiмдердi iске асыру және оларды қабылдау үшiн ұсыныстар мен бағдарламаларды әзiрлеу мақсатында Туризм жөнiндегi бiрлескен комиссияны құрады.
Бiрлескен Комиссияның мәжiлiстерi екi жылда бiр рет дипломатиялық арналар арқылы келiсiлген және қолайлы мерзiмдерде елдердiң әрқайсысында алма-кезек өткiзiлетiн болады. Қажет болған жағдайда екi Тараптың уағдаласуы бойынша Бiрлескен Комиссия мерзiмiнен бұрын шақырылуы мүмкiн.
Туризм саласындағы құзыреттi органдар болып табылатындар: Қазақстан Республикасында - Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi;
Түрiк Республикасында - Туризм министрлiгi.
Алматы қаласында 1992 жылғы қазанның 8-iнде жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап өзiнiң қолданысын тоқтатады.
Осы Келiсiм тараптардың қажеттi заңды процедураларының жасалынып бiткенi жайлы бiр-бiрiне соңғы бiлдiрген күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 5 жыл қолданыста болады және егер Келiсiмнiң қолданысы мерзiмiнiң аяқталуына дейiн кем дегенде алты ай бұрын Тараптардың бiрде-бiрi осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату тiлегi туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарламайтын болса осы Келiсiм келесi бес жылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылды деп есептелетiн болады.
Осы Келiсiмге Анкара қаласында 1998 жылы 15 маусымда екi дана болып, әрқайсысы қазақ, түрiк және ағылшын тiлдерiнде қол қойылады және де барлық мәтiндерiнiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн