Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Государства Катар о торгово-экономическом сотрудничестве

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 1998 года № 953


     Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     
     Утвердить Соглашение между Правительством Республики Казахстан и 
Правительством Государства Катар о торгово-экономическом сотрудничестве,
подписанное в городе Доха 23 мая 1998 года.
     
     
     Премьер-Министр
     Республики Казахстан 
     
     
     
     Оператор:   А.Е. Турсынова 
     Специалист: Э.А. Жакупова 
      
      


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 25 қыркүйек N 953


     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     
     1998 жылғы 23 мамырда Доха қаласында қол қойылған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Сауда-
экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
          
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
             
     
     
                   Қазақстан Республикасы Үкіметі
              мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы
              Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
                              КЕЛІСІМ
     


      Бұдан былай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі;

     екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың 
маңыздылығын пайымдай отырып,

     екі елде қолданылатын заңдар мен ережелер сақталған жағдайда егемен 
теңдік, өзара тиімділік принциптерін және халықаралық құқықтың жалпы жұрт 
таныған басқа да принциптері мен нормаларын басшылыққа алып;
     
     төмендегілер туралы келісті:
     
                                 1-бап
     
     Екі Уағдаласушы Тарап өз арасында ұзақ мерзімді және тұрақты 
қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы 
мақсаттарда тиісінше қолайлы жағдайлар туғызатын болады.
     
                                 2-бап
     


      Екі Уағдаласушы Тарап мұнай өндіру және оны өңдеу саласында, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерін және халық тұтынатын тауарларды алмасуда, сондай-ақ қаржы және банк қызметтерін көрсету саласында, ынтымақтастықтың басқа да салаларында бірлесіп қызмет істейтін болады.
                                  3-бап




      1. Уағдаласушы Тараптар:

      - баж салығы мен алымдарды өндіріп алу тәсілдерін қоса алғанда, кедендік баж салықтарына және басқа да ішкі алымдарға;
      - импорт пен экспорттың ақы төлеу тәсілдеріне және мұндай төлемдердің халықаралық аударымына;
      - кедендік тазалауға, тасымалдауға, жинақтауға және қайта тиеуге жататындарды қоса алғанда, импорт пен экспортқа байланысты ережелер мен нысаншылдыққа;
      - импортталатын тауарларға тікелей немесе жанама түрде қолданылатын салықтарға және ішкі алымдардың кез келген түріне;
      - тауарларды ішкі рынокта сатуға, сатып алуға тасымалдауға, бөлуге, сақтауға және пайдалануға байланысты ережелерге қатысты барлық мәселелер бойынша бір-біріне анағұрлым қолайлы режим жасайтын болады.

      2. 1-тармақтың ережелері:

      - шекаралас сауданы жеңілдету үшін Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы

көрші елдерге жасаған немесе жасалуы мүмкін артықшылықтарға;
     - кедендік одақтарға немесе еркін сауда аймақтарына Уағдаласушы 
Тараптардың әрқайсысының мүшелігінен туындайтын артықшылықтарға немесе 
осындай одақтарды не болмаса аймақтарды құру мақсатымен жасалатын 
артықшылықтарға;
     - үшінші елдерге басқа да халықаралық ұйымдардағы және келісімдердегі 
мүшелігіне байланысты жасалатын артықшылықтарға қолданылмайды.
     
                             4-бап
    
     
     Уағдаласушы Тараптардың бірінің екіншісіне тауарлар жеткізілімі мен 
қызметтер көрсетуі әрбір Уағдаласушы Тараптың заңдарына және осы 
Келісімнің 
ережелеріне сәйкес сыртқы экономикалық қызметке құқығы бар әрбір тараптың 
заңды және (немесе) жеке тұлғаларының арасында белгіленеді.
     
                             5-бап
     


      Осы Келісім бойынша төлемдерге қатысты барлық есеп айырысулар халықаралық рынок бағалары бойынша еркін өтімді валютада, сондай-ақ халықаралық практикада қабылданған шарттар мен ережелер бойынша жүзеге асырылатын болады.

                              6-бап

      Уағдаласушы Тараптар ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде, атап айтқанда, сауда-экономикалық қатынастарына байланысты заңдар мен басқа да нормативтік актілер саласында, екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін жәрмеңке, көрме және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруда бір-

біріне жәрдем көрсететін болады.
     
                             7-бап
     
     Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз елінің заңдарына сәйкес өз 
мемлекетінің аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың сыртқы экономикалық 
ұйымдарының өкілдіктерін ашуға және олардың  қызметіне, сондай-ақ екі 
елдің сауда делегацияларымен алмасуына жәрдемдесетін болады.
     
                              8-бап
     
     Уағдаласушы Тараптар олардың әрқайсысының заңдарына сәйкес өндірісті 
біріктіруді ұлғайтуға, бірлескен кәсіпорындарды құруға, ынтымақтастықтың 
басқа да нысандарын дамытуға және енгізуге жәрдемдесетін болады.
     
                              9-бап
     
     Екі Уағдаласушы Тарап елдерінің аумақтары арқылы жүктер мен 
жолаушылар тасымалдау және олардың транзиті жеке келісіммен белгіленетін 
болады.
     
                              10-бап
     


      Осы Келісімнің ережелерін, жүзеге асыру мақсатында екі Уағдаласушы Тарап өз өкілдерінен бірлескен комиссияны құруға келісті, ол кезекпен мерзім-мерзім екі мемлекетте немесе кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша кездесіп отырады.

      Екі елдегі тиісті министрлер аталған комиссияға өз өкілдерін

тағайындауға қатысты шешім қабылдайды. Әрбір Уағдаласушы Тарап екіншісіне 
өз өкілдерінің фамилияларын және қызметтерін хабарлайды.
     
     Комиссия келесі мәселелерді қарайтын болады:
     1. Осы Келісімді жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін проблемалар 
мен кедергілерді шешу.
     
     2. Екі ел арасындағы сауда қатынастарын жақсарту және дамыту 
жөніндегі ұсыныстарды беру. Комиссия берген ұсыныстар оларды екі елдегі 
тиісті органдар мақұлдаған күннен бастап күшіне енеді.
     
                              11-бап
     
     Сауда мәмілелерінен туындайтын даулар келісім-шарт тараптары 
арасындағы келісім-шарттарда немесе жекелеген жазбаша келісімдерде бар 
уағдаластықтарға сәйкес шешілетін болады.
     
                              12-бап
     
     Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге өзгертулер немесе 
толықтырулар енгізілуі мүмкін.
     
                              13-бап
     


      1. Осы Келісім ноталар алмасқаннан кейін күшіне енеді, ноталарда Уағдаласушы Тараптар Келісімнің күшіне енуіне қажетті заңдық процедуралардың орындалғандығы туралы бір-бірін жазбаша түрде хабардар етеді және Келісім 5 жыл бойы қолданылатын болады. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі Келісімнің күшінде болатын мерзімі аяқталардан 6 ай бұрын оның күшін тоқтату ниеті туралы екінші Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, осы Келісімнің қолданылуы осындай мерзімге өздігінен ұзартылатын болады.

      2. Егер Уағдаласушы Тараптардың кез келгені өз ниеті туралы екіншісіне хабар беретін болса, бірінші бесжылдық мерзімі аяқталған соң кез келген уақытта осы Келісімнің күші жойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Келісім өз шешімі туралы Уағдаласушы Тараптардың бірі хабарлаған күннен бастап 6 айдан соң өз қолданысын тоқтатады.

      3. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда оның ережелері осы

Келісімге сәйкес жасалған барлық келісім-шарттардағы Келісім күшінде 
болған мерзімде туындаған және Келісімнің қолданылу мерзімі тоқтатылған 
сәтте орындалмаған міндеттемелерге қатысты қолданылатын болады.
     
     Дохада 1998 жылғы 23 мамырда әрқайсысы екі түпнұсқа дана болып қазақ, 
араб және ағылшын тілдерінде жасалды және де барлық мәтіндердің күші 
бірдей.
     
     Осы Келісім ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған 
жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
     
     
     Қазақстан                       Катар
  Республикасының                 Мемлекетінің
    Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін