О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 1999 года № 68

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 1999 года № 469. Утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N 646

 

        Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 1999 года № 469 утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N  646 .
 

        В связи с принятием  Закона Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года № 361-1 "О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О занятости населения" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 1999 года № 68 "Вопросы Государственного фонда содействия занятости и Государственной службы занятости населения Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 2, ст. 17) следующие изменения и дополнения: 
      во втором абзаце пункта 2 после слов "уполномоченным органам по вопросам занятости" исключить слова "определенным акимами областей и городов Алматы и Астаны"; 
      в пункте 3: 
      в абзаце втором слова "предприятия на праве хозяйственного ведения" заменить словами "казенные предприятия"; 
      абзац третий изложить в следующей редакции: 
      "создать в районах и городах областей, где областные центры занятости - биржи труда не имеют подразделений с правами юридических лиц, а также в районах городов Алматы и Астаны коммунальные государственные казенные предприятия-биржи труда"; 
      абзац четвертый исключить; 
      дополнить пунктами 3-1 и 3-2 следующего содержания: 
      "3-1. Акимам областей, городов Алматы и Астаны в установленном порядке внести предложения в маслихаты о компенсационных выплатах работникам областных (не имеющих подразделений с правами юридических лиц), районных и городских центров занятости - бирж труда, высвобождаемым после 1 апреля 1999 года, в связи с их преобразованием в коммунальные государственные казенные предприятия - биржи труда, за счет средств местных бюджетов. 

       3-2. Областные, городские, районные и районные в городах органы по труду, занятости и социальной защите населения выполняют функции уполномоченных органов по вопросам занятости населения.".
     2. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования.

     Премьер-Министр 
     Республики Казахстан

      (Специалисты: Э.Жакупова

                   Л.Цай)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 сәуір N 469. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 361-1  Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 2, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      2-тармақтың екінші абзацындағы "олардың функцияларын" деген сөздерден кейінгі "облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері белгілеген" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3-тармақта: 
      екінші абзацтағы "шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын" деген сөздер "коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын" деген сөздермен ауыстырылсын: 
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "облыстық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржаларының заңды тұлға құқығындағы бөлімшелері жоқ облыстардың аудандарында және қалаларында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының аудандарында коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар - еңбек биржаларын құрсын"; 
      төртінші абзац алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын: 
      "3-1. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері мәслихаттарға облыстық (заңды тұлға құқығындағы бөлімшелері жоқ), аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржаларының, олардың коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар - еңбек биржалары болып қайта өзгертілуіне байланысты, 1999 жылдың 1 сәуірінен кейін жұмыстан босайтын қызметкерлеріне жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен өтемақы төлеу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізсін. 
      3-2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық және қалалардағы аудандық органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың функцияларын атқарады".
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі