О мерах, препятствующих ввозу некондиционных (некачественных) товаров на территорию Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 года N 523 . Утратило силу - постановлением Правительства РК от 31 августа 1999 г. N 1274 ~P991274.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.08.1999 № 1274.

      В целях усиления контроля качества и безопасности импортируемых в республику товаров Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Запретить с 1 октября 1999 года ввоз и соответственно продажу на территории Республики Казахстан товаров, подлежащих обязательной сертификации, не сопровождаемых информацией на государственном и русском языках, включающей наименование товара, страны и изготовителя, даты изготовления и срока годности, условий хранения, способа применения, пищевой ценности.

      Информация должна быть размещена на упаковке или этикетке товара, изложена в технической (эксплуатационной) документации, прилагаемой к товару, листках-вкладышах к каждой единице товара или иным способом, принятым для отдельных видов товаров, согласно соответствующим стандартам и нормативным документам.

      Наличие вышеуказанной информации на товарах обеспечивается их изготовителями или организациями и индивидуальными предпринимателями, осуществляющими их ввоз или продажу в Республике Казахстан.

      В контрактах (договорах), заключаемых на поставку импортируемых товаров, подлежащих обязательной сертификации, должно быть предусмотрено сопровождение их информацией на государственном и русском языках, включающей наименование товара, страны и изготовителя, даты изготовления и срока годности, условий хранения, способа применения, пищевой ценности.

      2. Комитету по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан и Таможенному комитету Министерства государственных доходов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) контроль за исполнением пункта 1 настоящего постановления;

      2) отбор образов (проб) импортируемой продукции, подлежащей обязательной сертификации, при ее таможенном оформлении.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан по согласованию с Таможенным комитетом Министерства государственных доходов Республики Казахстан обеспечить служебными помещениями при таможенных постах республиканские государственные предприятия, подведомственные Комитету по стандартизации, метрологии и сертификации, для осуществления отбора образцов (проб) импортируемой продукции, подлежащей обязательной сертификации.

      4. Комитету по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан:

      усилить контроль за наличием сертификатов соответствия при реализации продукции, подлежащей обязательной сертификации;

      принимать к нарушителям установленного порядка реализации продукции, подлежащей обязательной сертификации, меры в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      вести банк данных по учету некондиционной (некачественной) продукции, предъявленной на сертификацию, и обеспечить свободный доступ к нему государственных органов и иных организаций;

      совместно с Министерством юстиции Республики Казахстан и иными заинтересованными министерствами, агентствами и ведомствами в установленном порядке внести предложения по установлению в законодательных актах Республики Казахстан положений, предусматривающих ответственность за ввоз и продажу в республике товаров, подлежащих обязательной сертификации, не сопровождаемых информацией на государственном и русском языках, включающей наименование товара, страны и изготовителя, даты изготовления и срока годности, условий хранения, способа применения, пищевой ценности.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.


      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының аумағына кондициясына жетпеген (сапасыз) тауарлардың әкелінуіне кедергі болатын шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 523. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.31. N 1274 қаулысымен. ~P991274

      Республикаға импортталатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына тауардың, елдің және дайындаушының атауын, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын, қолдану тәсілдерін, тағамдық құндылығын қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараты жоқ міндетті сертификаттауға жататын тауарларды әкелуге және тиісінше сатуға тыйым салынсын.
      Ақпарат тауардың орамасында немесе этикеткасында орналастырылуы, тауарға қоса берілетін техникалық (пайдалану) құжаттамаларында, тауардың әр бірлігіне жапсырма парақта немесе тиісті стандарттар мен нормативтік құжаттарға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен жазылуы тиіс.
      Тауарларда жоғарыда көрсетілген ақпараттардың болуын оларды дайындаушылар немесе оларды Қазақстан Республикасына әкелуді немесе сатуды жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер қамтамасыз етеді.
      Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын тауарларды беруге жасалатын келісімшарттарда (шарттарда) оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде тауардың, елдің және дайындаушының атауын, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын, қолдану тәсілдерін, тағамдық құндылығын қамтитын ақпараттың болуы көзделінуі тиіс.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағының орындалуын бақылауды;
      2) оны кедендік ресімдеу кезінде міндетті сертификаттауға жататын импортталған өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) сұрыптауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетімен келісім бойынша міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) сұрыптауды жүзеге асыру үшін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды кеден бекеттерінің жанындағы қызметтік жайлармен қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті:
      міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болуын бақылауды күшейтсін;
      міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді сатудың белгіленген тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдансын;
      сертификаттауға ұсынылған кондициясына жетпеген (сапасыз) өнімдердің есебі бойынша деректер банкін жүргізсін және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың оған еркін қол жеткізуін қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және өзге де мүдделі министрліктермен, агенттіктермен және ведомстволармен бірлесіп, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының заң актілерінде республикаға мемлекеттік және орыс тілдерінде тауардың, елдің және дайындаушының атауын, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімдерін,

сақтау шарттарын, қолдану тәсілдерін, тағамдық құндылықтарын қамтитын 
ақпараттары жоқ міндетті сертификаттауға жататын тауарларды әкелгені 
және сатқаны үшін жауаптылықты көздейтін ережелерді белгілеу жөнінде ұсыныс 
енгізсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.