О мерах по борьбе с вредителями и болезнями сельскохозяйственных растений

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года № 1183. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2010 года № 453

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 453.

      В целях защиты сельскохозяйственных растений от вредителей и болезней Правительство Республики постановляет:
      1. Министерству сельского хозяйства совместно с Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан организовать в течение августа текущего года проведение обследований с целью выявления очагов размножения вредителей, болезней растений и сорняков на территории Республики Казахстан.
      Финансирование работ по проведению указанных обследований производить за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 1999 год Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан по программе "Прикладные научные исследования в области сельского, водного (разработка водного кадастра) и лесного хозяйства и охраны окружающей среды" по принципу из одного источника.
      Акимам областей оказать содействие проведению указанных обследований и рекомендовать в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры по включению при формировании местных бюджетов на 2000 год средств для финансирования работ по профилактике и борьбе с вредителями и болезнями растений.
      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан до 25 августа 1999 года представить в Правительство Республики Казахстан информацию по итогам обследований, проведенных в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления с расчетами потребности необходимых материально-технических и финансовых ресурсов в разрезе областей на 2000 год.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан предусмотреть при формировании проекта Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2000 год" целевые средства на профилактику и ликвидацию массовых вредителей и болезней растений, с условием их выделения в полном объеме в январе-феврале 2000 года.
      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в срок до 15 марта 2000 года в соответствии с законодательством Республики Казахстан обеспечить заключение контрактов и договоров на приобретение необходимого объема пестицидов и работ (услуг), связанных с профилактикой и борьбой с вредителями и болезнями растений.
      5. Образовать консультативно-совещательный орган при Правительстве Республики Казахстан - Республиканский совет по профилактике и борьбе с вредителями и болезнями растений в составе согласно приложению.
      6. Министерству сельского хозяйства не позднее сентября текущего года с участием заинтересованных министерств и агентств разработать республиканскую программу на 2000-2003 по профилактике и ликвидации вредителей и болезней и представить в установленном порядке для утверждения в Правительство Республики Казахстан.
      7. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, акимам приграничных областей проработать вопрос с сопредельными государствами по проведению совместных мер по защите сельскохозяйственных растений от вредителей и болезней.
      8. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан



                                                       Приложение



                                             к постановлению Правительства 

                                                  Республики Казахстан

                                             от 18 августа 1999 года № 1183




                                 Состав



 
                  Республиканского совета по профилактике

 

                и борьбе с вредителями и болезнями растений


Мынбаев Сауат Мухаметбаевич   -  Министр сельского хозяйства

                                 Республики Казахстан, председатель

Амантаев Женисбек Жаунбаевич  -  заместитель Председателя Комитета

                                 по защите растений Министерства

                                 сельского хозяйства, заместитель

                                 председателя

Баяхметов Еркеш Баяхметович   -  главный инспектор Отдела регионального

                                 развития и кадров Канцелярии Премьер-

                                 Министра Республики Казахстан, заместитель

                                 председателя


                          Члены Совета:


Бахмутова Елена Леонидовна    -  директор Бюджетного департамента

                                 Министерства финансов Республики Казахстан

Каримов Болат Есенгельдиевич  -  директор Департамента гражданской авиации

                                 Министерства транспорта, коммуникаций и

                                 туризма Республики Казахстан

Жарылгапов Нургазы Галымович  -  заместитель Председателя Таможенного

                                 комитета Министерства государственных

                                 доходов Республики Казахстан

Нурмуратулы Тлеу              -  директор КазНИИ защиты растений     



     (Специалисты: Склярова И.В.,

                   Кушенова Д.С.)   





Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыз N 1183 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн зиянкестерден және аурулардан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың тамыз айының iшiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы өсiмдiктер зиянкестерiнiң, ауруларының және арамшөптердiң көбею ошақтарын анықтау мақсатында зерттеу жүргізудi ұйымдастырсын.
      Көрсетiлген зерттеулердi жүргізу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруды бiр көзден принципi бойынша 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Ауыл, су (су кадастрын жасау) және орман шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көзделген қаражаттың есебiнен және шегінде жүргiзсiн.
      Облыстардың әкiмдерi көрсетiлген зерттеулердi жүргізуге жәрдем көрсетсiн және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен 2000 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде өсiмдiктердiң зиянкестерi мен ауруларының алдын алу және күресу жөніндегі жұмыстар үшiн қаржы енгiзу жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі 1999 жылдың 25 тамызына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне облыстардың тұрғысында 2000 жылға арналған қажеттi материалдық-техникалық және қаржы ресурстарына қажеттілiк есептерiмен бiрге осы қаулының 1-тармағына сәйкес жүргізiлген зерттеулердiң қорытындысы бойынша ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қалыптастыру кезiнде оларды 2000 жылдың қаңтар-ақпан айында толық көлемде бөлу шартымен өсімдiктердiң жалпы зиянкестерi мен ауруларының алдын алуға және жоюға арналған мақсатты қаражаты көздесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2000 жылдың 15 наурызына дейiн мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пестицидтер мен өсiмдiктердiң зиянкестерi мен ауруларының алдын алуға және күресуге байланысты жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) қажеттi көлемiн сатып алуға арналған келісiмшарттар мен шарттар жасауды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан қосымшаға сәйкес құрамда консультативтiк-кеңесшi орган - Өсiмдіктердiң зиянкестерi мен ауруларының алдын алу және күресу жөнiндегі республикалық кеңес құрылсын.
      6. Ауыл шаруашылығы министрлiгі үстiмiздегі жылдың қыркүйегiнен кешiктiрмей мүдделi министрлiктер мен агенттiктердің қатысуымен зиянкестер мен аурулардың алдын алу және жою жөнiндегi 2000-2003 жылдарға арналған республикалық бағдарламаны әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiне бекiту үшiн ұсынсын.
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, шекара

 

маңындағы облыстардың әкiмдерi шектес мемлекеттермен ауыл шаруашылығы

өсiмдiктерiн зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiнде бiрлескен шаралар

жүргiзу жөнiндегi мәселенi пысықтасын.

     8. Осы қаулы қол қойылған күннен күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                               Қазақстан Республикасы

                               Үкіметінің

                               1999 жылғы 18 тамыздағы

                               N 1183 қаулысына

                                      қосымша


     Өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларының таралуының алдын алу

         және күресу жөніндегі республикалық кеңестің

                            Құрамы


     Мыңбаев Сауат             - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Мұхаметбайұлы               шаруашылығы министрі, төраға


     Амантаев Жеңісбек         - Қазақстан Республикасы Ауыл

     Жауынбайұлы                 шаруашылығы министрлігінің

                                 Өсімдіктерді қорғау жөніндегі

                                 комитеті төрағасының орынбасары,

                                 төрағаның орынбасары


     Баяхметов Еркеш           - Қазақстан Республикасы

     Баяхметұлы                  Премьер-Министрінің Кеңсесі Аймақтық

                                 даму және кадр бөлімінің бас

                                 инспекторы, төрағаның орынбасары


                Кеңестің мүшелері:


     Бахмутова Елена           - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Леонидовна                  министрлігі Бюджет департаментінің

                                 директоры


     Кәрімов Болат             - Қазақстан Республикасының Көлік,

     Есенгелдіұлы                коммуникациялар және туризм

                                 министрлігі Азаматтық авиация

                                 департаментінің директоры


     Жарылғапов Нұрғазы        - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

     Ғалымұлы                    кіріс министрлігінің Кеден

                                 комитеті төрағасының орынбасары


     Нұрмұратұлы Тілеу         - Қазақ өсімдіктерді қорғау

                                 ғылыми-зерттеу институтының директоры



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.