О создании военной кафедры в Кызылординском государственном университете имени Коркыт Ата

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 1999 года № 1282

      В целях подготовки офицеров запаса из числа студентов Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата для Вооруженных Сил Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Создать в Кызылординском государственном университете имени Коркыт Ата военную кафедру за счет средств названного университета. 
      2. Министерству науки и высшего образования совместно с Министерством обороны Республики Казахстан принять предусмотренные законодательством меры по реализации настоящего постановления. 
      3. Внести в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 октября 1994 года № 1094  P941094_  "Об утверждении Положений о военной подготовке студентов (курсантов) высших учебных заведений по программе офицеров запаса, о военных кафедрах при высших учебных заведениях и Перечня высших учебных заведений, в которые устанавливается военная подготовка студентов (курсантов) по программе офицеров запаса" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., № 40, ст.439) следующие изменения и дополнения: 
      1) в Положении о военной подготовке студентов (курсантов) высших учебных заведений по программе офицеров запаса, утвержденном указанным постановлением: 
      в абзаце третьем пункта 17: 
      слова "на военной кафедре" заменить словами "на военных кафедрах"; 
      после слов "имени Х.А. Ясави" дополнить словами "Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата"; 
      слова "вышеназванного университета" заменить словами "вышеназванных университетов"; 
      2)  (утратил силу постановлением Правительства РК от 24 мая 2006 года N  449 ) .
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

 
        Премьер-Министр 
      Республики Казахстан 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде әскери кафедра құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 қыркүйек N 1282

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері қатарынан запастағы офицерлерді даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аталған университеттің қаражаты есебінен әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы қаулыны іске асыру жөнінде заңдарда көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. "Жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелерді және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердің (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленген жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде: 
      17-тармақтың үшінші абзацында: 
      "әскери кафедрадағы" деген сөздер "әскери кафедралардағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" деген сөздерден кейін "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Жоғарыда аталған университеттің" деген сөздер "жоғарыда аталған университеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі