О реализации Закона Республики Казахстан "О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 мая 2000 года N 79-р. Утратило силу - распоряжением Премьер-Министра РК от 30 декабря 2004 года N 383-р (R040383)

      В соответствии с Законом Республики Казахстан Z990496_ "О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза" и в целях предотвращения дальнейшего распространения туберкулеза среди населения:
      1. Агентству Республики Казахстан по делам здравоохранения совместно с Министерством внутренних дел Республики Казахстан в месячный срок разработать и утвердить порядок организации и осуществления принудительного лечения, а также режим пребывания больных заразной формой туберкулеза в специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации.
      2. Агентству Республики Казахстан по делам здравоохранения совместно с акимами областей, городов Астаны и Алматы обеспечить организацию принудительного лечения больных заразной формой туберкулеза, уклоняющихся от лечения, на базе специализированных организаций, финансируемых из средств местных бюджетов.
      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Агентство Республики Казахстан по делам здравоохранения.

      Премьер-Министр

"Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2000 жылғы 18 мамыр N 79-ө. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және туберкулездің халық арасында одан әрі таралуының алдын алу мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, бір айлық мерзімде мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін, сондай-ақ туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдарында болуы режимін әзірлесін және бекітсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, емделуден жалтарушы науқастарды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мамандандырылған ұйымдардың базасында мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне жүктелсін.     

     Премьер-Министр