О подготовке и проведении визита Премьер-Министра Французской Республики Ф. Фийона в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 30 января 2008 года N 22-р

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Французской Республикой, обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению визита Премьер-Министра Французской Республики Ф. Фийона в Республику Казахстан 7-8 февраля 2008 года (далее - визит):

      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению визита.

      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию):
      принять организационные меры по обслуживанию членов делегации Французской Республики по формату "1+10" согласно приложению;
      обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2008 год по программам 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне".

      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов делегации Французской Республики в аэропорту города Астаны, местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.

      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Премьер-Министра Французской Республики Ф. Фийона над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.

      5. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации, а также организовать концертную программу во время официального приема от имени Премьер-Министра Республики Казахстан.

      6. Акиму города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам делегации Французской Республики в аэропорту города Астана, сопровождение в местах посещения, а также организацию культурной программы.

      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие во встрече/проводах делегации Французской Республики в аэропорту города Астаны.

      8. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

       Премьер-Министр

Приложение          
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан      
от 30 января 2008 года N 22-р 

Организационные меры по обслуживанию
членов делегации Французской Республики

      1. Размещение, питание и транспортное обслуживание членов делегации Французской Республики по формату "1+10" в гостинице "Интерконтиненталь" города Астаны.
      2. Размещение сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице "Интерконтиненталь" города Астаны.
      3. Изготовление печатной продукции (бейджи, программки визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      4. Приобретение подарка и сувениров для главы и членов делегации Французской Республики.
      5. Организация чайного стола в аэропорту города Астаны при встрече и проводах делегации Французской Республики.
      6. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Организация официального приема от имени Премьер-Министра Республики Казахстан К. Масимова в честь Премьер-Министра Французской Республики Ф. Фийона в городе Астане.
      8. Медицинское обслуживание членов делегации и сопровождающих лиц.

Француз Республикасының Премьер-Министрі Ф.Фийонның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 22-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Француз Республикасының Премьер-Министрі Ф.Фийонның 2008 жылғы 7-8 ақпандағы Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Француз Республикасы делегациясының мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Француз Республикасының делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Француз Республикасы Премьер-Министрінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана қаласының әкімі Француз Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Француз Республикасының делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2008 жылғы 30 қаңтардағы  
N 22-ө өкіміне қосымша  

Француз Республикасы делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Француз Республикасы делегациясының мүшелерін Астана
қаласындағы "Интерконтиненталь" қонақ үйіне "1+10" форматы бойынша
орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Интерконтиненталь" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Француз Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Француз Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атынан Француз Республикасының Премьер-Министрі Ф.Фийонның құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.