О подготовке и проведении визита Министра по делам Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Мансура бен Заида Аль Нахаяна в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 17 апреля 2008 года N 93-р

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Объединенными Арабскими Эмиратами и обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению визита Министра по делам Президента Объединенных Арабских Эмиратов шейха Мансура бен Заида Аль Нахаяна в Республику Казахстан 18 апреля 2008 года (далее - визит):

      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению визита.

      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию):
      принять организационные меры по обслуживанию членов делегации Объединенных Арабских Эмиратов по формату "1+5" согласно приложению;
      обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2008 год по программе 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов".

      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить сопровождение автомашинами дорожной полиции по маршрутам следования делегации.

      4. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.

      5. Акимату города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам делегации Объединенных Арабских Эмиратов в аэропорту города Астаны.

      6. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

       Премьер-Министр                              К. Масимов

Приложение          
к распоряжению Премьер-Министра 
Республики Казахстан     
от 17 апреля 2008 года N 93-р 

  Организационные меры по обслуживанию
членов делегации Объединенных Арабских Эмиратов

      1. Размещение, питание и транспортное обслуживание членов делегации Объединенных Арабских Эмиратов по формату "1+5" в городе Астане в гостинице "Риксос - Президент Астана".

      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программки визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).

      3. Приобретение подарка и сувениров для главы и членов делегации Объединенных Арабских Эмиратов.

      4. Организация VIP-зала и чайного стола в аэропорту города Астаны при встрече и проводах делегации Объединенных Арабских Эмиратов.

      5. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.

      6. Организация официального приема от имени Премьер-Министра Республики Казахстан К. Масимова в честь Министра по делам Президента Объединенных Арабских Эмиратов в городе Астане.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 93-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Біріккен Араб Әмірліктерінің Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның 2008 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):

      қосымшаға сәйкес Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелеріне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;

      сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегация жүретін бағыттар бойынша жол полициясының автомашиналарымен бірге жүруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

      5. Астана қаласының әкімдігі Біріккен Араб Әмірліктері делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің 
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 93-ө өкіміне   
қосымша       

  Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелеріне қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      3. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      4. Біріккен Араб Әмірліктерінің делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде VІР-залын және шай дастарханын ұйымдастыру.

      5. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.

      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің атынан Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің істері бойынша министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.