О подготовке и проведении официального визита Премьер-Министра Республики Корея Хан Сын Су в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 7 мая 2008 года N 123-р

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Республикой Корея (далее - Корея), обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению официального визита Премьер-Министра Республики Корея Хан Сын Су в Республику Казахстан в период с 13 по 15 мая 2008 года в городах Астане, Алматы:

      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению официального визита Премьер-Министра Республики Корея Хан Сын Су в Республику Казахстан в период с 13 по 15 мая 2008 года в городах Астане, Алматы (далее - визит).

      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию):

      принять организационные меры по обслуживанию членов официальной делегации Кореи по формату "1+1+10" согласно приложению;

      обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2008 год по программам 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне".

      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить безопасность членов официальной делегации Кореи в аэропортах городов Астаны, Алматы, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.

      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:

      совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Премьер-Министра Республики Корея Хан Сын Су над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропортах городов Астаны, Алматы;

      техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропортах городов Астаны, Алматы.

      5. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации, а также организовать концертную программу во время официального обеда от имени Премьер-Министра Республики Казахстан.

      6. Акиматам городов Астаны, Алматы обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Кореи в аэропортах городов Астаны, Алматы, оформлению аэропорта и улиц, а также организацию культурной программы.

      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Премьер-Министра Республики Корея Хан Сын Су в аэропортах городов Астаны, Алматы.

      8. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Приложение           
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан      
от 7 мая 2008 года N 123-р   

  Организационные меры по обслуживанию членов
официальной делегации Республики Корея

      1. Размещение, питание и транспортное обслуживание членов официальной делегации Кореи (по формату 1+1+10), сопровождающих лиц в гостиницах городов Астаны, Алматы.
      2. Размещение сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице "Rixos President Astana".
      3. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      4. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов официальной делегации Кореи.
      5. Организация чайного стола в аэропортах городов Астаны, Алматы при встрече и проводах официальной делегации Кореи.
      6. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Организация официального приема от имени Премьер-Министра Республики Казахстан К. Масимова в честь Премьер-Министра Республики Корея Хан Сын Су в городе Астане.
      8. Медицинское обслуживание членов официальной делегации Кореи и сопровождающих лиц.

Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 мамырдағы N 123-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы (бұдан әрі - Корея) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2008 жылғы 13 - 15 мамыр кезеңінде Астана, Алматы қалаларында Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2008 жылғы 13 - 15 мамыр кезеңінде Астана, Алматы қалаларында Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес "1+1+10" форматы бойынша Кореяның ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Кореяның ресми делегациясы мүшелерінің Астана, Алматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарында қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана, Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана, Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері Корея ресми делегациясын Астана, Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана, Алматы қалаларының әуежайларында Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Суды қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2008 жылғы 7 мамырдағы
N 123-ө өкіміне   
қосымша      

  Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Кореяның ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша), бірге жүретін адамдарды Астана, Алматы қалаларындағы қонақ үйлеріне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін "Rixos President Astana" қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Корея ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.

      5. Кореяның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана, Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.

      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің атынан Астана қаласында Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.

      8. Корея ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.