О подготовке и проведении официального визита Принца Королевства Бельгия Филиппа в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 8 октября 2010 года № 140-р

      В целях подготовки и проведения официального визита Принца Королевства Бельгия в Республику Казахстан:
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению официального визита Принца Королевства Бельгия в Республику Казахстан 11-15 октября 2010 года в города Астану и Алматы (далее - визит).
      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять организационные меры по обслуживанию членов официальной делегации Королевства Бельгия по формату "1+10" согласно приложению, обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2010 год по программам 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне".
      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов официальной делегации Королевства Бельгия в аэропортах городов Астаны и Алматы, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Принца Королевства Бельгия над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропортах городов Астаны и Алматы;
      техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропортах городов Астаны и Алматы.
      5. Министерству связи и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.
      6. Министерству культуры Республики Казахстан организовать концертную программу во время официального обеда от имени Премьер-Министра Республики Казахстан.
      7. Акиматам городов Астаны и Алматы обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Королевства Бельгия в аэропортах городов Астаны и Алматы, оформлению аэропорта и улиц, сопровождению в местах посещения, а также организацию культурной программы.
      8. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Принца Королевства Бельгия в аэропортах городов Астаны и Алматы.
      9. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Приложение        
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан   
от 8 октября 2010 года № 140-р

Организационные меры по обслуживанию
членов официальной делегации Королевства Бельгия

      1. Размещение членов официальной делегации Королевства Бельгия (по формату 1+10) и сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостиницах городов Астана и Алматы.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      3. Организация чайного стола в аэропортах городов Астана и Алматы при встрече и проводах официальной делегации Королевства Бельгия.
      4. Организация приемов (завтраки, обеды, ужины) от имени Премьер-Министра Республики Казахстан в честь Принца Королевства Бельгия Филиппа в городе Астане.
      5. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов официальной делегации Королевства Бельгия.
      6. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Транспортное обслуживание членов официальной делегации Королевства Бельгия и сопровождающих лиц.
      8. Медицинское обслуживание членов официальной делегации Королевства Бельгия и сопровождающих лиц.

Бельгия Корольдігінің Ханзадасы Филипптің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 140-ө Өкімі

      Бельгия Корольдігі Ханзадасының Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 11 - 15 қазанда Астана және Алматы қалаларында Бельгия Корольдігі Ханзадасының Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Бельгия Корольдігі ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бельгия Корольдігінің ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Бельгия Корольдігінің Ханзадасы арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      7. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Бельгия Корольдігінің ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежай мен көшелерді безендіруді, болатын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Бельгия Корольдігінің Ханзадасын қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 140-ө өкіміне  
қосымша      

Бельгия Корольдігінің ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Бельгия Корольдігі ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана және Алматы қалаларының қонақ үйлеріне орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Бельгия Корольдігінің ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Астана қаласында Бельгия Корольдігінің Ханзадасы Филипптің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      5. Бельгия Корольдігі ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Бельгия Корольдігі ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Бельгия Корольдігі ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.