О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 28 января 2011 года "О медиации"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 3 марта 2011 года № 31-р

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 28 января 2011 года "О медиации" Верховному Суду Республики Казахстан (по согласованию) совместно с заинтересованными государственными органами до 5 июня 2011 года разработать и внести в Правительство Республики Казахстан проект постановления Правительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил прохождения обучения по программе подготовки медиаторов".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Медиация туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 31-ө Өкімі

      «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2011 жылғы 5 маусымға дейін «Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов