О подготовке и проведении официального визита Президента Республики Беларусь Александра Лукашенко в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 21 мая 2011 года № 69-р

      В целях подготовки и проведения официального визита Президента Республики Беларусь Александра Лукашенко в Республику Казахстан:
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению официального визита Президента Республики Беларусь Александра Лукашенко в Республику Казахстан 23-25 мая 2011 года в городе Астане (далее - визит).
      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять организационные меры по обслуживанию членов официальной делегации Республики Беларусь на высшем уровне по формату "1+10", обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2011 год по программам 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов" и 003 "Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне" согласно приложению.
      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов официальной делегации Республики Беларусь в аэропорту города Астаны, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Президента Республики Беларусь над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      2) техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.
      5. Министерству связи и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.
      6. Министерству культуры Республики Казахстан организовать концертную программу во время официального приема от имени Президента Республики Казахстан.
      7. Акимату города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Республики Беларусь в аэропорту города Астаны, оформлению аэропорта и улиц, сопровождению в местах посещений, а также организацию культурных программ.
      8. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Президента Республики Беларусь в аэропорту города Астаны.
      9. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Приложение         
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан    
от 21 мая 2011 года № 69-р 

Организационные меры по обеспечению и обслуживанию членов
официальной делегации Республики Беларусь

      1. Размещение членов официальной делегации Республики Беларусь (по формату 1+10) и сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице города Астаны.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      3. Организация чайного стола и цветочного оформления в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Республики Беларусь.
      4. Организация приемов (завтраки, обеды, ужины) от имени Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева в честь Президента Республики Беларусь А. Лукашенко в городе Астане.
      5. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов делегации.
      6. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Транспортное обслуживание главы и членов официальной делегации, а также сопровождающих лиц.
      8. Медицинское обслуживание главы и членов официальной делегации, а также сопровождающих лиц.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 21 мамырдағы № 69-ө Өкімі

      Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 23 - 25 мамырда Астана қаласында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Беларусь Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып етуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      7. Астана қаласының әкімдігі Беларусь Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Беларусь Республикасының Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2011 жылғы 21 мамырдағы
№ 69-ө өкіміне    
қосымша       

Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелерін қамтамасыз
ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Беларусь Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Астана қаласында Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенконың құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      5. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүрушілерге көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүрушілерге медициналық қызмет көрсету.