О подготовке и проведении официального визита Премьер-Министра Турецкой Республики Реджепа Эрдогана в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 22 мая 2012 года № 108-р

      В целях подготовки и проведения официального визита Премьер-Министра Турецкой Республики Реджепа Эрдогана в Республику Казахстан:
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению официального визита Премьер-Министра Турецкой Республики Реджепа Эрдогана в Республику Казахстан 22 – 24 мая 2012 года в городе Астане (далее – визит).
      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять организационные меры по обслуживанию членов официальной делегации Турецкой Республики на высшем уровне по формату «1+1+10» согласно приложению, обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2012 год по программам 001 «Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов», 003 «Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне» и 004 «Оказание медицинской помощи отдельным категориям граждан».
      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов официальной делегации Турецкой Республики в аэропорту города Астаны, местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Премьер-Министра Турецкой Республики над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      2) техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.
      5. Министерству культуры и информации Республики Казахстан:
      1) организовать концертные программы во время приемов от имени Президента Республики Казахстан;
      2) обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.
      6. Акимату города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Турецкой Республики в аэропорту города Астаны, оформлению аэропорта и улиц, сопровождению в местах посещений, а также организацию культурных программ.
      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Премьер-Министра Турецкой Республики в аэропорту города Астаны.
      8. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) и Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить соответствующее содействие во время встреч и проводов официальной делегации Турции в аэропорту города Астаны.
      9. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                             К. Масимов

Приложение           
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан    
от 22 мая 2012 года № 108-р 

Организационные меры по обслуживанию
членов официальной делегации Турецкой Республики

      1. Размещение членов официальной делегации Турецкой Республики (1+1+10) и сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице города Астаны.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      3. Организация чайного стола и цветочного оформления в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Турецкой Республики.
      4. Организация приемов (завтраки, обеды, ужины), неформального приема от имени Президента Республики Казахстан и/или Премьер-Министра Республики Казахстан в честь Премьер-Министра Турецкой Республики, а также технических столов.
      5. Техническое обеспечение мест проведения мероприятий (микрофоны, звукоусиление).
      6. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов официальной делегации.
      7. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      8. Транспортное обслуживание главы и членов официальной делегации, а также сопровождающих лиц.
      9. Медицинское обслуживание главы и членов официальной делегации, а также сопровождающих лиц.
      10. Аренда залов в гостинице города Астаны для проведения двусторонних переговоров.

Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Ердоғанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 22 мамырдағы 108-ө Өкімі

      Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Ердоғанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 22 - 24 мамыр кезеңінде Астана қаласында Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Ердоғанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру шараларын 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы», 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Түркия Республикасы Премьер-Министрінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің атынан қабылдаулар кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын;
      2) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Түркия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қалаcының әуежайында Түркия Республикасының Премьер-Министрін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Түркия ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 108-ө өкіміне    
қосымша       

Түркия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Түркия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламаларын, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Түркия Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің атынан Түркия Республикасының Премьер-Министрі Р. Ердоғанның құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Іс-шараларды өткізу орындарын техникалық қамтамасыз ету (микрофондар, дыбыс күшейткіш).
      6. Делегация басшысы мен ресми мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      7. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүруші адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      9. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүруші адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      10. Екіжақты келіссөздер өткізу үшін Астана қаласындағы қонақ үйде залдарды жалдау.