О подготовке и проведении государственного визита Президента Туркменистана Г. Бердымухамедова в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 8 мая 2013 года № 76-p

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Туркменистаном, обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению государственного визита Президента Туркменистана Г. Бердымухамедова в Республику Казахстан с 9 по 11 мая 2013 года (далее - визит):
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению визита.
      2. Управлению Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять организационные меры по обслуживанию членовофициальной делегации Туркменистана на высшем уровне по формату «1+14» по принципу взаимности согласно приложению, обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2013 год по программам 001 «Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов», 003 «Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне» и 004 «Оказание медицинской помощи отдельным категориям граждан».
      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов официальной делегации Туркменистана в аэропортах городов Астаны и Актау, местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Президента Туркменистана Г. Бердымухамедова над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропортах городов Астаны и Актау;
      2) техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропортах городов Астаны и Актау.
      5. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации и организовать концертную программу во время официального приема от имени Президента Республики Казахстан.
      6. Акимату города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Туркменистана в аэропорту города Астаны, оформлению аэропорта и улиц, сопровождению в местах посещений, а также организацию культурной программы.
      7. Акимату Мангистауской области в установленном порядке обеспечить:
      1) выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам, организацию чайного стола и цветочного оформления в аэропорту города Актау, транспортное обслуживание по принципу взаимности, сопровождение официальной делегации Туркменистана в местах посещений, а также организацию (неформального) ужина;
      2) совместно с министерствами транспорта и коммуникаций, обороны и по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан перелет членов официальной делегации Туркменистана на вертолете по маршруту Актау -станция Болашак — Актау.
      8. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Президента Туркменистана в аэропорту города Астаны.
      9. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) и Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить соответствующее содействие во время встреч и проводов официальной делегации Туркменистана
в аэропортах городов Астаны и Актау.
      10. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

Премьер-Министр                                  С. Ахметов

Приложение       
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан   
от 8 мая 2013 года № 76-р 

Организационные меры по обеспечению и обслуживанию членов
официальной делегации Туркменистана

      1. Размещение членов делегации Туркменистана (по формату «1+14») и сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостиницах городов Астаны и Актау по принципу взаимности.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      3. Организация чайного стола и цветочного оформления в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Туркменистана.
      4. Организация приемов (завтраки, обеды, ужины, в том числе неформальные) от имени Президента Республики Казахстан в честь Президента Туркменистана.
      5. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов официальной делегации.
      6. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Транспортное обслуживание главы и членов официальной делегации, а также сопровождающих лиц в городе Астане по принципу взаимности.
      8. Медицинское обслуживание главы и членов официальной делегации, а также сопровождающих лиц.
      9. Обеспечение оплаты аренды залов для проведения двусторонних встреч в городах Астане и Актау.
      10. Обеспечение перелета Президента Туркменистана на вертолете по маршруту Актау - станция Болашак - Актау.

Түрікменстанның Президенті Г. Бердымухамедовтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республкасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 76-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы екіжақты
ынтымақтастықты нығайту, Түрікменстанның Президенті Г. Бердымухамедовтің 2013 жылғы 9-11 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), қосымшаға сәйкес, өзара түсіністік қағидатының «1+14» форматы бойынша Түрікменстанның ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды камтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түрікменстанның ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Ақтау қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Түрікменстанның Президенті Г. Бердымухамедовтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Ақтау қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      2) Астана және Ақтау қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Түрікменстанның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Маңғыстау облысының әкімдігі белгіленген тәртіппен:
      1) Түрікменстанның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Ақтау қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру, өзара түсіністік қағидаты бойынша көліктік қызмет көрсету, баратын орындарда бірге жүру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, сондай-ақ кешкі қонақасын (бейресми) ұйымдастыруды;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп Түрікменстан ресми делегациясының Ақтау - Болашақ стансасы - Ақтау бағыты бойынша тікұшақпен ұшып өтуін қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Түрікменстанның Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Түрікменстанның ресми делегациясын Астана және Ақтау қалаларының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                             С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 76-ө өкіміне   
қосымша     

Түрікменстан ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Түрікменстан делегациясының мүшелерін (1+14 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін өзара түсіністік қағидаты бойынша Астана және Ақтау қалаларындағы қонақүйлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары,
автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға
шақырулар) дайындау.
      3. Түрікменстанның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын және гүлмен
безендіруді ұйымдастыру.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Түрікменстан
Президентінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас, оның ішінде бейресми) ұйымдастыру.
      5. Ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен
кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға Астана қаласында өзара түсіністік қағидаты бойынша көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана және Ақтау қалаларында қонақүйлерінде екіжақты кездесу өткізу үшін залдарды жалға алу ақысын төлеуді қамтамасыз ету.
      10. Түрікменстан Президентінің Ақтау - Болашақ стансасы - Ақтау
бағыты бойынша тікұшақпен ұшып өтуін қамтамасыз ету.