О подготовке и проведении рабочего визита Президента Российской Федерации В. Путина в Республику Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 134-р

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Российской Федерацией, обеспечения протокольно-организационных мероприятий по подготовке и проведению рабочего визита Президента Российской Федерации В.Путина в Республику Казахстан с 6 по 7 июля 2013 года (далее – визит):
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению визита.
      2. Управлению Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять организационные меры по обслуживанию членов официальной делегации Российской Федерации на высшем уровне по формату «1+5» согласно приложению, обеспечить финансирование расходов на проведение визита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2013 год по программам 001 «Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов», 003 «Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне» и 004 «Оказание медицинской помощи отдельным категориям граждан».
      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов официальной делегации Российской Федерации в аэропорту города Астаны, местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специального самолета.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Президента Российской Федерации В.Путина над территорией Республики Казахстан, посадку и вылет в аэропорту города Астаны;
      2) техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропорту города Астаны.
      5. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации и организовать концертную программу во время официального приема от имени Президента Республики Казахстан.
      6. Акимату города Астаны обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Российской Федерации в аэропорту города Астаны, оформлению аэропорта и улиц, сопровождению в местах посещений, а также организацию культурной программы.
      7. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов Президента Российской Федерации в аэропорту города Астаны.
      8. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) и Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить соответствующее содействие во время встреч и проводов официальной делегации Российской Федерации в аэропорту города Астаны.
      9. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Приложение        
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан   
от 8 августа 2013 года № 134-р 

Организационные меры по обслуживанию
членов официальной делегации Российской Федерации

      1. Размещение членов официальной делегации Российской Федерации (по формату «1+5») и сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан в гостинице города Астаны.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием).
      3. Организация чайного стола и цветочного оформления в аэропорту города Астаны при встрече и проводах официальной делегации Российской Федерации.
      4. Организация приемов (завтраки, обеды, ужины, в том числе неформальные) от имени Президента Республики Казахстан в честь Президента Российской Федерации.
      5. Приобретение подарков и сувениров для главы и членов официальной делегации Российской Федерации.
      6. Техническое обеспечение, тематическое и цветочное оформление в местах проведения мероприятий.
      7. Транспортное обслуживание главы и членов официальной делегации Российской Федерации, а также сопровождающих лиц.
      8. Медицинское обслуживание главы и членов официальной делегации Российской Федерации, а также сопровождающих лиц.
      9. Аренда залов для проведения двусторонних встреч и приемов в городе Астане.

Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 134-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің 2013 жылғы 6 – 7 шілдеде Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+5» форматы бойынша Ресей Федерациясының ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қалаcының әуежайында Ресей Федерациясының Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу барысында тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                             С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 134-ө өкіміне  
қосымша     

Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерін (1+5 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Ресей Федерациясының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Ресей Федерациясы Президентінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас, соның ішінде бейресми) ұйымдастыру.
      5. Ресей Федерациясының ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын техникалық қамтамасыз ету, тақырыптық және гүлмен безендіру.
      7. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласында екіжақты кездесулер мен қабылдаулар өткізу үшін залдарды жалға алу.