О создании Комиссии по охране прав интеллектуальной собственности

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 64-р. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 5 апреля 2019 года № 51-р.

      Сноска. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра РК от 05.04.2019 № 51-р.

      В целях выработки предложений по реализации конкретных действий по регулированию вопросов охраны прав интеллектуальной собственности в Республике Казахстан:

      1. Создать Комиссию по охране прав интеллектуальной собственности (далее - Комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) состав Комиссии;

      2) Положение о Комиссии.

      Премьер-Министр Б. Сагинтаев

  Утвержден
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 1 июня 2017 года № 64-р

Состав
Комиссии по охране прав интеллектуальной собственности

      Министр юстиции Республики Казахстан, председатель

      заместитель Министра юстиции Республики Казахстан, заместитель председателя

      руководитель управления по авторскому и смежным правам Департамента по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан, секретарь

      судья Верховного Суда Республики Казахстан (по согласованию)

      заместитель Министра внутренних дел Республики Казахстан

      вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      вице-министр финансов Республики Казахстан

      вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан

      вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан

      вице-министр здравоохранения Республики Казахстан

      вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан

      вице-министр информации и коммуникаций Республики Казахстан

      директор Департамента по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан

      директор Республиканского государственного предприятия "Национальный институт интеллектуальной собственности" Министерства юстиции Республики Казахстан

      председатель Общественного совета по вопросам деятельности органов юстиции

      генеральный директор Республиканского общественного объединения "Казахстанское общество по управлению правами интеллектуальной собственности" (по согласованию)

      генеральный директор Республиканского общественного объединения "Авторское общество "Абырой" (по согласованию)

      генеральный директор частного учреждения "Некоммерческая организация по защите авторских и смежных прав "Аманат" (по согласованию)

      президент объединения юридических лиц "Казахстанская ассоциация по защите авторских и смежных прав" (по согласованию)

      президент объединения юридических лиц "Интернет ассоциация Казахстана" (по согласованию)

      президент Казахстанской ассоциации гостиниц и ресторанов (по согласованию)

      президент Ассоциации содействия развитию парка информационных технологий Alatau IT City (по согласованию)

      член правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

      представитель общественного объединения "Ассоциация фармакологов и фармацевтов" (по согласованию)

      представитель акционерного общества "Национальное агентство по технологическому развитию" (по согласованию)

      представитель Ассоциации патентных поверенных (по согласованию)

      представитель Союза патентных поверенных (по согласованию)

  Утверждено
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 1 июня 2017 года № 64-р

Положение
о Комиссии по охране прав интеллектуальной собственности

1. Общие положения

      1. Комиссия по охране прав интеллектуальной собственности (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Целью деятельности Комиссии является выработка предложений по реализации конкретных действий по регулированию вопросов охраны прав интеллектуальной собственности в Республике Казахстан.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией, законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, международными договорами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Рабочим органом Комиссии является Министерство юстиции Республики Казахстан.

      5. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в полугодие.

2. Задача Комиссии

      6. Основной задачей Комиссии является выработка предложений по вопросам:

      1) координации деятельности государственных органов Республики Казахстан в сфере охраны прав интеллектуальной собственности;

      2) перспективного планирования совместных действий государственных органов Республики Казахстан, общественных организаций в области защиты прав интеллектуальной собственности;

      3) определения, подготовки и реализации мер по недопущению производства и распространения на территории Республики Казахстан контрафактной продукции (аудио-, видеопродукции, компьютерных информационных носителей, объектов промышленной собственности, товарных знаков);

      4) развития и укрепления межведомственного сотрудничества, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан - международного сотрудничества в рамках Евразийского экономического союза по координации усилий в области защиты прав интеллектуальной собственности и противодействия производству и распространению контрафактной продукции;

      5) противодействия криминализации рынка и общественных отношений в сфере интеллектуальной собственности.

3. Организация и порядок работы Комиссии

      7. Организация и порядок работы Комиссии осуществляются в соответствии с Инструкцией о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 64-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 51-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 05.04.2019 № 51-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін реттеу бойынша нақты іс-қимылдарды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 1 маусымдағы
№ 64-ө өкімімен
бекітілген

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кұрамы

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі басқармасының басшысы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

      Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы

      "Қазақстан зияткерлік меншік құқықтарын басқару қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      "Абырой" авторлық қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      "Аманат" авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау коммерциялық емес ұйымы" жеке мекемесінің бас директоры (келісім бойынша)

      "Қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстанның интернет қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

      Alatau IT City ақпараттық технологиялар паркін дамытуға ықпал ету қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі (келісім бойынша)

      "Фармакологтар мен фармацевтер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)

      "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамының өкілі (келісім бойынша)

      Патенттік сенім білдірілген өкілдер қауымдастығының өкілі (келісім бойынша)

      Патенттік сенім білдірілген өкілдер одағының өкілі (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 1 маусымдағы
№ 64-ө өкімімен
бекітілген

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Негізгі ережелер

      1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін реттеу бойынша нақты іс-қимылдарды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3 Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және езге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы қызметін үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылын перспективалы жоспарлау;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында контрафактілі өнімдерді (аудио-, бейне өнімдерді, компьютерлік ақпараттық жеткізгіштерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар таңбаларын) өндіруді және олардың таралуын болдырмау жөніндегі шараларды айқындау, дайындау және іске асыру;

      4) ведомствоаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілі өнімдерді өндіру мен таратуға қарсы іс-қимыл саласында күш-жігерді үйлестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту;

      5) зияткерлік меншік саласындағы нарықтың қылмыстануына және қоғамдық қатынастарға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі

      7. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.