Біріккен Ұлттар Ұйымының аясындағы бітімгершілік үшін технологиялардағы әріптестік жөніндегі V Халықаралық симпозиумға (бұдан әрі - симпозиум) сапалы дайындалуды және 2019 жылғы 27 - 31 мамырда Астана қаласында оны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған симпозиумға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
2. Ұйымдастыру комитеті симпозиумға дайындауды және оны өткізуді жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастыруды, оның ішінде мемлекеттік органдардың оны дайындау және өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
|
Б. Сағынтаев
|
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 15-ө өкімімен бекітілген |
Біріккен Ұлттар Ұйымының аясындағы бітімгершілік үшін технологиялардағы әріптестік жөніндегі V Халықаралық симпозиумға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Астана қаласы әкімінің орынбасары