1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022 - 2024 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.
2. Жол картасының орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары:
2) жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы есепті ұсынып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасын іске асыру жөніндегі есепті ұсынып тұрсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
Р/с №
|
Атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Орындау мерзімі
|
Жауапты орындаушылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Күтілетін нәтижелер:
1) өрттер санының 10 %-ға немесе 12700-ге дейін жалпы азаюы:
2) тұрғын үй қорындағы өрттер санының 10 %-ға немесе 8100 өртке дейін азаюы;
3) табиғи өрттер санының 15 %-ға немесе 700 өртке дейін азаюы:
4) тұрмыстағы газ жарылыстары оқиғалары санының 20 %-ға азаюы;
5) адамдар жаппай жиналатын, тұрғын және биік ғимараттарды өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбай, жобалау және пайдалануға беру.
|
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру
|
---|
1.
|
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар үшін айыппұлдар мөлшерін арттыру
|
Заң жобасы
|
2023 жыл
|
ТЖМ, Әділетмині
|
2.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне:
1) белгіленген нормалар мен қағидалары жоқ объектілердің өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнайы техникалық шарттарды қарау;
2) сәйкестік, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы декларацияға қол қою сатысында пайдалануға берілетін адамдар жаппай жиналатын объектілердің, тұрғын және биік ғимараттарға қорытындылар беру жөніндегі өкілеттіктер беру
|
Тиісті тұзетулері бар Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК қарауына енгізу
|
2023 жылғы шілде
|
ТЖМ, ИИДМ, Әділетмині
|
3.
|
Баллондардағы сұйытылған мұнай газын, оның ішінде автогаз құю станцияларының баллондарды заңсыз толтыруын ескере отырып, өткізу кезіндегі талаптарды қатаңдату бөлігінде "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Тиісті түзетулері бар Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК қарауына енгізу
|
2023 жылғы шілде
|
ТЖМ, ИИДМ, Әділетмині, ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
4.
|
Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша сәулет, қала кұрылысы және кұрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын жетілдіру
|
ҚжТКШІК бұйрықтары
|
жыл сайын
|
ИИДМ, ТЖМ
|
2. Мемлекеттік емес (ведомстводан тыс) және объектілік өртке карсы қауіпсіздік және қорғау жүйесін қалыптастыру және дамыту
|
5.
|
Ерікті өрт сөндірушілерге берілетін преференциялар тізбесін және оларды іске асыру тетігін тұжырымдау және ВАМК қарауына енгізу
|
ВАМК шешімі
|
2022 жылғы желтоқсан
|
ТЖМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың әкімдіктері
|
6.
|
Мемлекеттік өртке қарсы қызметпен қорғалмаган елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерінің, ерікті өртке қарсы құралымдардың санын арттыру және оларды өрт-техникалық жарақтармен жарақтау арқылы елді мекендерді қорғау жөніндегі шаралар қабылдау
|
қажеттілікке талдау жүргізу
|
2022 жылғы сәуір
|
ТЖМ, облыстардың әкімдіктері
|
мәслихаттардың тиісті шешімдері
|
2022 жылғы маусым, бұдан әрі - жыл сайын
|
облыстардың әкімдіктері
|
ТЖМ-ге ақпарат
|
2022 жылғы қыркүйек, бұдан әрі - жыл сайын
|
облыстардың әкімдіктері
|
7.
|
Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы –жер мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тозған (авариялық) жағдайдағы тұрғын үйлерде қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабыддау
|
ТЖМ-ге ақпарат
|
жыл сайын
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
8.
|
Мемлекеттік өртке карсы қызмет бөлімшелері жоқ ауылдық жерде ерікті өртке қарсы құрылымдардың өрттердің профилактикасы бойынша жұмысты ұйымдастыруы
|
ТЖМ-ге ақпарат
|
жыл сайын
|
облыстардың әкімдіктері
|
3. Өртке қарсы құрылымдардың тиісті өрт сөндіру құралдарымен және өзге де тиісті техникамен жарақталуын нығайту, өртке қарсы инфрақұрылымды қаржыландыру
|
9.
|
Қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден азаматтық қорғау бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтау
|
Тиісті техникамен және жабдықпен жарақтау
|
жыл сайын
|
ТЖМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
10.
|
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бастапған/аяқталған өрт сөндіру деполарын салуды қаржыландыру
|
РБК қарауына енгізу және мәслихаттардың тиісті шешімдері
|
2022 жылғы маусым
|
ТЖМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
11.
|
Бюджет заңнамасына өрт сендіру бекеттерін құруға және күтіп-ұстауға арналған қаражатты жоспарлау мүмкіндігі үшін жергілікті бюджеттер шығыстарының жіктеуішіне енгізу қажеттілігі тұрғысынан талдау жүргізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісілген ұсыныстар
|
2022 жылғы шілде
|
ТЖМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың әкімдіктері
|
12.
|
Табиғат қорғау және орман мекемелерін өрт-техникалық жарақтармен жарақтау, орман өрт сөндіру станциялары мен бақылау мұнараларын салу жөніндегі үш жылдық кезеңге арналған жоспарды әзірлеу
|
Жоспарды бекіту
|
2022 жылғы наурыз
|
ЭГТРМ, Қаржымині, облыстардың әкімдіктері
|
4. Елдің орталық және солтүстік өңірлерін газдандырудың ауқымды жобасына байланысты өңірлерде газ-техникалық қызметтерін дамыту
|
13.
|
Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі тұрғын үй инспекцияларының жұмысын ұйымдастыру
|
ТЖМ-ге ақпарат
|
жыл сайын
|
ИИДМ, ҮЭМ, Каржымині, ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
14.
|
Жергілікті атқарушы органдардың көп пәтерлі үйлердегі үйішілік газ жабдығын, желдеткіш каналдар мен түтіндіктерді ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуына тексерулер жүргізуі
|
ТЖМ-ге ақпарат
|
жыл сайын
|
ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
15.
|
Мыналарды:
1) тұрмыстық баллондардың ауа тарсылдарын, жарылыстарын, тұтанулар санын және адамдар өлімін азайту мақсатында нормативтік қызмет ету мерзімі өткен тұрмыстық баллондарды, сондай-ақ техникалық куәландыру нәтижелері бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылған тұрмыстық баллондарды алып қою және кәдеге жарату тетігін әзірлеу
|
ВАМК шешімі
|
2022 жьогьі маусыч
|
ИИДМ, ТЖМ, ЭМ, СИМ, Каржымині. облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
2) баллондарды есепке алу және бақылау мәселелерін, сондай-ақ баллондардағы сұйытылған мұнай газын жеке тұлғаларға сату кезіндегі талаптарды қоса алғанда, тұрмыстық баллондар айналымының тәртібін
|
ТЖМ, ЭМ, ИИДМ, СИМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
3) босатылатын клапанмен жабдықталған газ баллондарын өткізу және жану тоқтаған кезде газ беруді автоматты түрде тоқтатуды көздемейтін тұрмыстық газ жабдығының айналымына тыйым салуды енгізу мәселелерін тұжырымдау және ВАМК қарауына енгізу
|
|
|
СИМ, ИИДМ, ЭМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
5. Ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмысты жетілдіру, өңірлерде тиісті рейтингтерді қалыптастыруға бағдарланушылық
|
16.
|
Мектепке дейінгі ұйымдардан бастап жалпы білім беретін оқу ұйымдарына дейінгі оқытудың барлық кезеңдерінде балалар мен жасөспірімдерді төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау мәселелері бойынша оқыту материалдарының жиынтығын қалыптастыру
|
брошюралар, әдістемелік ұсынымдар
|
жыл сайын
|
ТЖМ, БҒМ
|
17.
|
Жазғы демалыс орындарында балалар мен жасөспірімдердің демалысын үйымдастыру шеңберінде өрттер мен басқа да төтенше жағдайлардан қорғау дағдыларын әзірлеудің практикалық курстарын жасау мәселесін пысықтау және ВАМК қарауына енгізу
|
ВАМК шешімі
|
2022 жылғы маусым
|
БҒМ, ТЖМ
|
18.
|
Жұртшылық арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша кейіннен республикалық арналарда прайм-таймда, сондай-ақ балалар бағдарламаларын трансляциялау кезінде ротациялай отырып, оқытушы және түсіндіруші бейнероликтер, анимациялық фильмдер әзірлеу
|
БАҚ-та және кинотеатрларда бейнероликтер, анимациялық фильмдер көрсету
|
жыл сайын
|
ТЖМ, АҚДМ, БҒМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
19.
|
Өрт кезіндегі қауіпсіздік шарапарын насихаттау және ілгерілету жөніндегі кең ауқымды жұмысты ұйымдастыру
|
атаулы үгіт- профилактикалық жұмыс жүргізу, акциялар мен секциялар ұйымдастыру, БАҚ-та сөз сөйлеу
|
жыл сайын
|
ТЖМ, АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
20.
|
Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша "Үлгілі үй" көтермелеу жүйесін енгізу және тиісті ақпараттық науқан өткізу
|
ТЖМ-ге ақпарат
|
жыл сайын
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
6. Өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмысқа заманауи цифрлық және өзге де технологияларды енгізу
|
21.
|
Азаматтық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінің жұмыс орындарын автоматтандыру үшін АЖО-диспетчерді енгізу
|
жүйені пайдалануға беру
|
2023 жылғы маусым
|
ТЖМ, Қаржымині
|
22.
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік функцияларды автоматтандырудың қажетті деңгейі мен форматын айқындайтын архитектурасын қалыптастыру
|
ТЖМ архитектурасы
|
2023 жыл
|
ТЖМ, ЦДИАӨМ
|
23.
|
Азаматтық қорғау органдарының қызметіне ұшқышсыз ұшу аппараттарын енгізу
|
РБК қарауына енгізу және мәслихаттардың тиісті шешімдері
|
жыл сайын
|
ТЖМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
24.
|
Орталық өрт байланысы пункттерінен өрттік ахуалды мониторингтеу үшін биік ғимараттарда бейнебақылау камераларын монтаждау және қосу мәселесін пысықтау және ВАМК қарауына енгізу
|
ВАМК шешімі
|
2022 жылғы желтоқсан
|
ТЖМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|