1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мүдделi
министрлiктермен және ведомстволармен мынадай мәселелердi
пысықтап, бұларды 1996 жылға арналған бюджет жобасын қалыптастыру
кезiнде ескеретiн болсын:
қолданылып жүрген салық заңдарының бюджеттен
қаржыландырылатын ұйымдарға санкциялар қолдануға, бюджетке
төленетiн төлемдер бойынша мерзiмiн ұзартуға рұқсат берудiң
тәртiбiне, автомобиль жолдарын ұстау мен дамытуға қаражат алуға,
Қазақстан Республикасының кепiлiне берiлген кредиттер бойынша
сатып алынған импортталатын тауарларға жеңiлдiктер беруге және
басқаларға қатысты бөлiгiне қажеттi өзгертулер енгiзу туралы;
кәсiптiк-техникалық училищелерде, арнаулы орта және жоғары
оқу орындарында бiрiн-бiрi қайталайтын мамандықтар бойынша кадрлар
даярлауды жою, денсаулық сақтау мекемелерiнiң тегiн қызмет
көрсетуiнiң нормативтерiн белгiлеу туралы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң қарулы
күштерiнiң, Шекара әскерлерiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң,
Республика ұланының санын қысқарту туралы.
<*>
Ескерту. 1-тармақтың 3 абзацы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң
1996.01.09. N 31 қаулысымен.
P960031_
2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Экономика
министрлiгi мен Қаржы министрлiгi мүдделi министрлiктермен және
ведомстволармен бiрге бюджеттiк ұйымдарға еңбекақы төлеу қорына
бюджеттiк саладағы мекемелер мен ұйымдарға арналған iссапар
шығыстары бойынша нормативтер енгiзу мәселелерiн пысықтасын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қаржы министрлiгiне:
әлеуметтiк-экономикалық дамудың тұтастай республика,
облыстар, Алматы және Ленинск қалалары бойынша 1996 жылға
болжамының негiзгi көрсеткiштерiн;
бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын көлемi мен қаржыландыру
көздерi қоса көрсетiлген нысаналы бағдарламалардың тiзбесiн;
тұтастай республика бойынша, облыстар мен Алматы және
Ленинск қалалары бойынша жиынтық қаржы балансының жобасын;
республиканың төлем жасау балансының 1996 жылға арналған
болжамын ұсынатын болсын.
4. Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетiне мыналарды:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1996 жылы Үкiметке
беретiн кредиттiк ресурстары көлемiнiң, бюджетке беретiн ақша
массасының, керi қаржыландырудың проценттiк ставкасының,
пайдасының (кiрiсiнiң) болжамын беру ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiмен, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, 1996 жылға арналған
республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлегенде шетелдiк кредиттер
бойынша берешектерi республикалық бюджет қаражаты есебiнен
өтелген кәсiпорындардың мүлкiн сатудан түскен қаражатты ескеретiн
болсын.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жаппай
жекешелендiруге және жеке жобалар бойынша жекешелендiруге жататын
мемлекеттiк объектiлердiң 1996 жылға арналған нақтыланған
тiзбесiн, акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң құнын бағалаумен
жеке-жеке; республика бюджетiне 1996 жылы қаражат түсуiнiң
болжамын; мемлекеттiк активтердi (мүлiктi жалға беру, акциялардың
мемлекеттiк пакеттерi бойынша дивидендтер және басқалары)
пайдаланудан 1996 жылы келетiн кiрiстiң болжамын ұсынатын болсын.
7. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жергiлiктi әкiмдердiң өмiрлiк
мұрагерлiк иелену құқығын, жер учаскелерiн пайдалану құқығы мен
жалға алу құқықтарын сатуынан түсетiн түсiмдердiң 1996 жылға
арналған болжамын беретiн болсын.
8. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлiгi
Қаржы министрлiгiне Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың
мемлекеттiк қоры шығыстарының 1996 жылға арналған болжамын
ұсынатын болсын.
9. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiне, министрлiктер мен ведомстволарға, сондай-ақ
жергiлiктi әкiмдерге 1996 жылға арналған республикалық және
жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеуге көрсеткiштер
тiзбелерi бойынша қажеттi статистикалық ақпарат берiп отырсын.
10. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен
бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне
шетел қарыздары бойынша 1996 жылға арналған болжамын республика
кәсiпорындарына Үкiмет кепiлдiгiмен берiлген қарыздар, Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне бюджет тапшылығын
қаржыландыруға берiлген займдар, сондай-ақ шетел қарыздарының
тауарлық құраластары бойынша бөле отырып беретiн болсын.
11. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi
министрлiгi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне
Қазақстан Республикасының үкiметi мен шетелдiк мұнай компаниялары
арасындағы келiсiмдер бойынша роялтилер мен бонустар көлемiнiң
1996 жылға арналған болжамын ұсынатын болсын.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1995 жылдың 10 қазанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетiне республиканың 1996 жылға
арналған бюджетiнiң жобасы бойынша бастапқы материалдарды және
1995 жылдың 5 қарашасына қарай 1996 жылға арналған республикалық
бюджеттiң нақтыланған жобасын ұсынатын болсын;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мемлекеттiк
қаржы статистикасының нормаларына сәйкес әзiрленген және мүдделi
министрлiктермен, ведомстволармен, Қазақстан Республикасының
Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген 1996 жылғы
Қазақстан Республикасының бюджеттiк жiктемесiн ұсынатын болсын.
13. Министрлiктер мен ведомстволар жоғарыда аталған
материалдарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 15
күн iшiнде бередi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министр