Заключение Конституционного Совета Республики Казахстан "О проверке проекта Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Конституцию Республики Казахстан" на соответствие Конституции Республики Казахстан"

Заключение Конституционного Совета Республики Казахстан от 20 марта 2019 года № 2

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя К.А. Мами, членов Совета А.К. Даулбаева, В.А. Малиновского, И.Д. Меркеля, А.А. Темербекова и У. Шапак,

      рассмотрел в открытом заседании обращение Президента Республики Казахстан К.К. Токаева о даче заключения на соответствие Конституции Республики Казахстан проекта Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Конституцию Республики Казахстан".

      Заслушав сообщение докладчика – члена Конституционного Совета А.К. Даулбаева, изучив материалы конституционного производства, проанализировав законодательство, Конституционный Совет Республики Казахстан

установил:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 20 марта 2019 года поступило обращение Президента Республики Казахстан о даче заключения на предмет соответствия Конституции Республики Казахстан проекта Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Конституцию Республики Казахстан".

      Проектом Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Конституцию Республики Казахстан" пункт 3 статьи 2 Конституции изложен в новой редакции:

      "3. Административно-территориальное устройство Республики, статус ее столицы определяются законом. Столицей Казахстана является город Нур-Султан.".

      В пункте 3-1 статьи 2 Конституции слово "Астана" заменено словом "Нур-Султан".

      Проанализировав нормы Основного Закона применительно к предмету обращения, Конституционный Совет исходит из следующего.

      1. В соответствии с пунктом 3 статьи 91 Конституции "изменения и дополнения в Конституцию Республики выносятся на республиканский референдум или на рассмотрение Парламента Республики при наличии заключения Конституционного Совета об их соответствии требованиям, установленным пунктом 2 настоящей статьи".

      2. В Нормативном постановлении от 9 марта 2017 года № 1 Конституционный Совет Республики Казахстан отметил, что Законом Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан" (подписан 10 марта 2017 года) расширен перечень особо охраняемых конституционных ценностей: "Установленные Конституцией независимость государства, унитарность и территориальная целостность Республики, форма ее правления, а также основополагающие принципы деятельности Республики, заложенные Основателем независимого Казахстана, Первым Президентом Республики Казахстан – Елбасы, и его статус являются неизменными" (пункт 2 статьи 91 Конституции). Тем самым конституционно подтверждается историческая миссия Нурсултана Абишевича Назарбаева в качестве Основателя нового независимого государства Казахстан, обеспечившего его единство, защиту Конституции, прав и свобод человека и гражданина; внесшего благодаря своему конституционному статусу и личным качествам решающий вклад в становление и развитие суверенного Казахстана, в том числе конституционных ценностей Основного Закона и основополагающих принципов деятельности Республики".

      Вносимые в Конституцию Республики Казахстан изменения, касающиеся переименования столицы Республики Казахстан "Астаны" в "Нур-Султан", связаны с признанием исторической роли и увековечиванием заслуг Первого Президента Республики Казахстан перед народом Казахстана, не затрагивают вопросы независимости государства, территориальной целостности Республики, формы ее правления, а также основополагающие принципы деятельности Республики, заложенные Основателем независимого Казахстана, Первым Президентом Республики Казахстан – Елбасы, и не противоречат требованиям пункта 3 статьи 91 Основного Закона.

      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 2 статьи 72, пунктом 3 статьи 91 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 4 статьи 17, статьями 31-33, 37 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан

решил:

      1. Признать проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Конституцию Республики Казахстан" соответствующим Конституции Республики Казахстан.

      2. Согласно пункту 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан заключение Конституционного Совета Республики Казахстан вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики, окончательным и обжалованию не подлежит.

      3. Опубликовать настоящее заключение на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Председатель Конституционного
Совета Республики Казахстан
К.А. Мами

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 2 қорытындысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак,

      өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келетіні туралы қорытынды беру өтінішін қарады.

      Баяндамашы - Конституциялық Кеңес мүшесі А.Қ.Дауылбаевтың хабарламасын тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, заңнаманы талдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес нысанына қорытынды беру туралы өтініші келіп түсті.

      "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен Конституцияның 2-бабының 3 тармағы жаңа редакцияда берілген:

      "3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.".

      Конституцияның 2-бабының 3-1 тармақтағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылған.

      Негізгі Заңның нормаларын өтініш нысанасына қатысты талдап, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағына сәйкес "Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады".

      2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2017 жылғы 9 наурыздағы № 1 нормативтік қаулысында "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (2017 жылғы 10 наурызда қол қойған) айрықша қорғалатын конституциялық құндылықтар тізбесі кеңейтілгенін атап өтті: "Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді" (Конституцияның 91-бабының 2-тармағы). Сол арқылы, өзінің конституциялық мәртебесі мен жеке қасиеттері арқасында егемен Қазақстанның, оның ішінде Негізгі Заңның конституциялық құндылықтары және Республика қызметінің түбегейлі принциптері қалыптасуы мен дамуына шешуші үлес қосқан; Қазақстанның бірлігі, Конституциясы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалуын қамтамасыз еткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Негізін салушы ретіндегі тарихи миссиясы конституциялық жолмен расталады".

      Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер Қазақстан Республикасы елордасы "Астана" астанасы "Нұр-Сұлтан" деп аталуына орай, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқы алдындағы тарихи рөлін мойындауға және сіңірген ерен еңбегін мәңгі есте сақтауға байланысты мемлекеттің тәуелсіздігі, республиканың аумақтық тұтастығы, оның басқару нысандары мәселелерін, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кепілге алған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қозғамайды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабы 3-тармағының талаптарына қайшы келмейді.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, 91-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

шешті:

      1. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытындысы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

      3. Осы қорытынды республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің Төрағасы
Қ.Ә. Мәми