"О вопросах присвоения воинских и специальных званий, права ношения форменной одежды военнослужащими и сотрудниками иных государственных органов"

Комментарий к Указу Президента Республики Казахстан от 10 сентября 2003 года N 1184, Администрация Президента Республики Казахстан, 17 сентября 2003 года

      По итогам совещания правоохранительных органов, проведенного 10 сентября текущего года, Главой государства издан упомянутый  указ . Необходимость его вызвана следующим.
      Несмотря на проводимые сокращения, республиканские и областные управленческие аппараты силовых структур остаются многочисленными, значительной является доля служб обеспечения, которые непосредственно не связаны с решением их основных задач.
      Уровень милитаризации силовых структур в стране остается высоким. Изучение зарубежной практики показывает, что во многих странах функции, аналогичные вышеизложенным, выполняются гражданскими лицами, а военная или специальная форма с погонами положена лишь сотрудникам государственных органов, непосредственно выполняющим свои обязанности на улицах и иных общественных местах, для восприятия их населением как представителей власти, поддержания правопорядка при проведении специальных операций и выполнения задач при чрезвычайных ситуациях, публичного подчеркивания необходимости законопослушания и безусловности исполнения законных требований представителя власти. 
      В связи с этим 10 сентября текущего года Главой государства подписан  Указ  "О вопросах присвоения воинских и специальных званий, права ношения форменной одежды военнослужащими и сотрудниками иных государственных органов".
      Указом предусмотрено радикальное сокращение генеральских должностей.
      Сокращение произведено в основном за счет ряда руководящих должностей центральных аппаратов силовых структур и должностных лиц, курирующих кадровые, тыловые, финансовые вопросы, а также руководителей ряда областных подразделений МВД, КНБ.
      Учитывая опыт некоторых зарубежных государств, должности первых руководителей военных, правоохранительных и специальных органов отнесены к неаттестованным (гражданским) должностям, что позволит им видеть и успешно решать не только узкоспециальные, но и
более широкие в общегосударственном плане задачи этих органов.
      Воинские и специальные звания, право ношения форменной одежды с погонами (обмундирования) будут сохранены только за военнослужащими и сотрудниками подразделений Вооруженных сил, Комитета национальной безопасности, Республиканской гвардии, Службы охраны Президента, Министерства внутренних дел, Агентства финансовой полиции, Агентства по чрезвычайным ситуациям, Военной прокуратуры, Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, непосредственно выполняющими основные задачи и функции, поставленные перед этими органами. Будет установлен также исчерпывающий перечень должностей таких сотрудников, за исключением вспомогательных подразделений и служб обеспечения.
      Право ношения форменной одежды (без погон) остается за сотрудниками Агентства таможенного контроля, судебными приставами, отдельными категориями работников системы Министерства транспорта и коммуникаций, Министерства сельского хозяйства.
      В соответствии с поручением Главы государства будут упразднены квалификационные классы судей и классные чины сотрудников органов прокуратуры.
      Предусмотрено введение права ношения специальной мантии для сотрудников органов прокуратуры, принимающих участие в судебных заседаниях. По поручению Главы государства будет проработан вопрос о предоставлении такого права и адвокатам. Этот внешний атрибут
будет способствовать обеспечению провозглашенного равенства адвоката и прокурора.
      Указом поручено пересмотреть перечни должностей и соответствующие им предельные воинские и специальные звания в государственных органах, войсках и воинских формированиях, в которых они сохраняются.
      В сторону увеличения будут установлены сроки выслуги в воинских и специальных званиях лиц среднего и старшего начальствующего состава. Оптимизация организационно-штатных структур, сокращение управленческих звеньев и начальствующего
состава, а также прием на работу сотрудников служб обеспечения без присвоения специальных званий позволят высвободить значительные средства, необходимые для кадрового и материально-технического укрепления служб и подразделений, непосредственно выполняющих
военные, правоохранительные и специальные функции, и, что немаловажно, для повышения заработной платы их сотрудников.
      Одновременно определены и механизмы защиты интересов лиц, подпадающих под действие указа. Так, подобным сотрудникам предполагается установить должностные оклады не ниже имевшихся, с учетом надбавок за воинские и специальные звания, сохранить социальное обеспечение, все льготы и преимущества при выходе на пенсию.
      Правительству поручено до 1 января 2004 года подготовить и внести на рассмотрение Парламента проекты соответствующих законодательных актов, а также привести ранее изданные акты по данным вопросам в соответствие с указом и принять иные меры, вытекающие из него. 

 
       Государственно-правовой
      отдел Администрации
      Президента Республики
      Казахстан

"Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері"

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің Мемлекет басшысының 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 1184 Жарлығына түсініктемесі

      Үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегінде өткен құқық қорғау органдары кеңесінің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы жоғарыда аталған Жарлықты шығарды.
      Оның қажеттілігі мынадай жәйттерге байланысты туындаған.
      Жүргізілген қысқартуларға қарамастан, әлеует құрылымдарының республикалық және облыстық басқару аппараттары адам саны жағынан көп, олардың негізгі міндеттерді шешумен тікелей байланысты емес қамтамасыз ету қызметтерінің үлесі елеулі болып қалуда.
      Елдегі әлеует құрылымдарының әскерилендіру деңгейі жоғары болып тұр.
      Шетелдік практиканы зерттеу көрсеткеніндей, көптеген елдерде жоғарыда аталған ұқсас функцияларды азаматтық тұлғалар атқарады, ал погоны бар әскери немесе арнаулы нысандағы киім өздерінің міндеттерін көшелерде және басқа қоғамдық орындарда тікелей атқаратын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ғана тиесілі екен, бұл халық оларды билік өкілдері ретінде қабылдауы үшін, арнаулы операциялар өткізу кезінде құқық тәртібін сақтау және төтенше жағдайларда міндеттерін орындауы, заңға құлықты болу және билік өкілдерінің заңды талаптарын сөзсіз орындау қажеттігін жария атап көрсету үшін қажет.
      Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегінде Мемлекет басшысы "Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері" бойынша Жарлыққа қол қойды.
      Жарлықта генералдық лауазымдарды түбегейлі қысқарту көзделген.
      Қысқарту негізінен әлеует құрылымдары орталық аппараттарының бірқатар басшы лауазымдары және кадр, тыл, қаржы мәселелеріне құзырлық ететін лауазымды тұлғалар, сондай-ақ ІІМ-нің, ҰҚК-нің бірқатар облыстық бөлімшелерінің жетекшілері есебінен жүргізілді.
      Кейбір шетелдік мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, әскери, құқық қорғау және арнаулы органдардың бірінші басшыларының лауазымы әскери қызметке аттестацияланбаған (азаматтық) лауазымдарға жатқызылды, мұның өзі оларға бұл органдардың тек арнайы ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік тұрғыдағы әлдеқайда кең міндеттерін көріп, ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.
      Әскери және арнаулы атақтар, погоны бар нысанды киім кию құқығы Қарулы Күштер бөлімшелерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Республикалық ұланның, Президенттің Күзет қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы полициясы агенттігінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің, Әскери прокуратураның, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, осы органдардың алдына қойылған негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей атқаратын әскери қызметшілері мен қызметкерлерінде ғана сақталатын болады. Көмекші бөлімшелер мен қамтамасыз ету қызметтерін қоспағанда, мұндай қызметкерлер лауазымының түпкілікті тізімі бекітілетін болады.
      Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы Кедендік бақылау агенттігінің қызметкерлерінде, сот атқарушыларында, Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесіндегі қызметкерлердің жекелеген категорияларында қалады.
      Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес судьялардың біліктілік сыныптары және прокуратура органдары қызметкерлерінің сыныптық шендері жойылатын болады.
      Сот мәжілісіне қатысатын прокуратура органдарының қызметкерлері үшін арнаулы мантия киіп жүру құқығын енгізу көзделген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұндай құқықты адвокаттарға да беру туралы мәселе талдап зерттелетін болады. Бұл сыртқы атрибут адвокат пен прокурордың жария етілген теңдігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
      Жарлықта мемлекеттік органдарда, әскерлер мен әскери құрылымдарда сақталып қалатын лауазымдар мен оларға сәйкес шекті әскери және арнаулы атақтар тізімін қайта қарау тапсырылған.
      Әскери және арнаулы атақтағы орта және аға басшы құрамдағы адамдардың еңбек сіңіру мерзімі ұлғайтылу жағына қарай бекітілетін болады.
      Ұйымдық-штаттық құрылымдарды оңтайландыру, басқару буындары мен басшылық құрамды қысқарту, сондай-ақ қамтамасыз ету қызметтерінің қызметкерлерін жұмысқа арнаулы атақтар берместен қабылдау тікелей әскери, құқық қорғау және арнаулы функциялар атқаратын қызметтер мен бөлімшелерді кадрлық және материалдық-техникалық нығайту үшін және олардың қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін, бұл да маңызды, қажетті елеулі қаржыны босатып алуға мүмкіндік береді.
      Осылармен бір мезгілде Жарлықтың іс-әрекетіне ұшырайтын адамдардың мүддесін қорғау тетіктері де анықталған. Мәселен, мұндай қызметкерлерге әскери және арнаулы атақтар үшін үстемелерді ескере отырып, қазіргі алатын жалақыларынан төмен болмайтын лауазымдық окладтар белгілеу, әлеуметтік қамтамасыз етуді, зейнет демалысына шығу кезіндегі барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау көзделген.
      Үкіметке 2004 жылдың 1 қаңтарына дейін тиісті заңнамалық актілердің жобасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізу, сондай-ақ осы мәселелер бойынша бұрын шығарылған актілерді Жарлыққа сәйкес келтіру және одан туындайтын басқа да шараларды қабылдау тапсырылды.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Әкімшілігінің
      Мемлекеттік-құқық бөлімі