Комментарий к Указу Президента Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года № 1113 "О Государственной программе развития здравоохранения Республики Казахстан "Саламатты Қазақстан" на 2011-2015 годы"

Отдел социально-экономического мониторинга Администрации Президента Республики Казахстан

      29 ноября 2010 года Главой государства подписан Указ "О Государственной программе развития здравоохранения Республики Казахстан "Саламатты Қазақстан" на 2011 - 2015 годы" (далее - Государственная программа).
      Данная Государственная программа утверждена в целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 года № 922 "О стратегическом плане развития Республики Казахстан до 2020 года".
      Основной целью Государственной программы является улучшение здоровья граждан Казахстана для обеспечения устойчивого социально-демографического развития страны и направлена на:
      повышение эффективности межсекторального и межведомственного взаимодействия по вопросам охраны общественного здоровья;
      усиление профилактических мероприятий, целенаправленных исследований, совершенствование диагностики, лечения и реабилитации основных социально значимых заболеваний;
      совершенствование санитарно-эпидемиологической службы;
      совершенствование организации, управления и финансирования медицинской помощи в рамках Единой национальной системы здравоохранения;
      совершенствование медицинского, фармацевтического образования, развитие и внедрение инновационных технологий в медицине;
      повышение доступности лекарственных средств населению страны и их качества, улучшение оснащения организаций здравоохранения.
      На период до 2015 года основным приоритетом в отрасли здравоохранения станет значительное усиление профилактической медицины и социальной направленности здравоохранения.
      Для обеспечения доступности медицинской помощи, особенно для сельских жителей, проживающих в отдаленных и труднодоступных регионах, государством поддержано развитие транспортной медицины, в том числе санитарной авиации.
      Реализация Государственной программы будет способствовать укреплению здоровья казахстанцев путем достижения согласованности усилий всего общества в вопросах охраны здоровья и формированию конкурентоспособной системы здравоохранения, с увеличением продолжительности жизни населения, снижением общей, материнской и младенческой смертности, а также социально значимых заболеваний.
      Государственной программой предусмотрены расходы из государственного бюджета в размере 359 358,9 млн. тенге, с уточнением при утверждении республиканского и местных бюджетов на соответствующие финансовые годы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Отдел социально-экономического
      мониторинга Администрации
      Президента Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Жарлығына түсіндірме

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

      2010 жылғы 29 қарашада Мемлекеттік басшысы "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлыққа қол қойды.
      Осы Мемлекеттік бағдарлама "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген.
      Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады және:
      Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық іс-қимылдың тиімділігін арттыру;
      Профилактикалық іс-шараларды, мақсатты зерттеп-қарауды күшейтуге, диагностиканы жетілдіруге, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен оңалтуға;
      Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді жетілдіруге;
      Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге;
      Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіруге; инновациялық технологияларды дамытуға және медицинаға енгізуге;
      Халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсартуға бағытталған.
      2015 жылға дейін денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық медицинаның профилактикалық және әлеуметтік бағдарды күшейту болады.
      Медициналық көмектің, әсіресе шалғайда және жетуге жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғындары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекет көлік медицинасын, оның ішінде санитариялық авиацияны дамытуды қолдады.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру денсаулық сақтау мәселелерінде бүкіл қоғамның келісімге қол жеткізу жолымен қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыра отырып, жалпы және ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ауруларды төмендете отырып, денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
      Мемлекеттік бағдарламада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтылана отырып, 359 358,9 млн. теңге мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен жалпы шығыстар көзделген.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Әкімшілігінің
      Әлеуметтік-экономикалық
      мониторинг бөлімі