О проведении внеочередной аттестации сотрудников правоохранительных органов Республики Казахстан

КОММЕНТАРИЙ к Указу Президента Республики Казахстан от 8 апреля 2012 года № 292

      В рамках реализации Послания Президента Республики народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» Главой государства 8 апреля 2012 года подписан Указ «О проведении внеочередной аттестации сотрудников правоохранительных органов Республики Казахстан».
      В нашей стране впервые проводится такое масштабное мероприятие, предусматривающее многоуровневую систему контроля на всех его этапах.
      Целью внеочередной аттестации является формирование кадрового потенциала для создания современной правоохранительной системы, отвечающей ожиданиям общества и бизнеса.
      Задачи – создание эффективных механизмов отбора честных и профессиональных сотрудников при одновременном очищении от некомпетентных, скомпрометировавших себя должностных лиц;   качественное изменение кадровой политики правоохранительных органов и повышение доверия к ним населения.
      Указом утверждены Положение о Высшей аттестационной комиссии, состав, Правила проведения внеочередной аттестации и план соответствующих мероприятий.
      При проведении внеочередной аттестации сотрудников правоохранительных органов будет дана оценка служебной деятельности аттестуемого, соблюдению им антикоррупционного законодательства. Особое внимание будет обращено оценке профессиональных и личностных качеств, определяющих нравственный облик аттестуемого сотрудника.
      Для проведения данной работы сформированы Высшая аттестационная комиссия, центральные и региональные аттестационные комиссии.
      Аттестация включает:
      компьютерное тестирование сотрудника, подлежащего аттестации на знание законодательства Республики Казахстан и логическое мышление;
      сдача установленных нормативов по физической, боевой и служебной подготовке с учетом специфики деятельности соответствующего правоохранительного органа, а также прохождение собеседования у психолога;
      собеседование с сотрудником, проводимое Высшей аттестационной комиссией при Президенте Республики Казахстан либо соответствующей аттестационной комиссией;
      вынесение решения соответствующей аттестационной комиссией.   Внеочередная аттестация будет завершена к 1 декабря текущего года.

            Отдел правоохранительной системы
      Администрации Президента Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына түсіндірме

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің түсіндірмесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 8 сәуірде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
      Біздің елімізде бақылаудың көп деңгейлі жүйесін оның барлық кезеңінде көздейтін көлемді іс-шара бірінші рет өткізілуде.
      Кезектен тыс аттестаттаудың мақсаты бизнес пен қоғамның қолдауына жауап беретін қазіргі заманғы құқық қорғау жүйесін құруға арналған кадрлық әлеуетті қалыптастыру болып табылады.
      Міндеттері – құзыретті емес, өздерінің беделін түсірген лауазымды тұлғалардан тазарта отырып, сонымен бірге адал және кәсіби қызметкерлерді іріктеудің тиімді тетіктерін құру; құқық қорғау органдарының кадр саясатын сапалы түрде өзгерту және оған халықтың сенімін арттыру болып табылады.
      Жарлықпен Жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ереже, оның құрамы, Кезектен тыс аттестаттауды өткізу қағидасы және тиісті іс-шаралардың жоспары бекітілді.
      Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде аттестатталатынның қызметіне, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақтауына баға берілетін болады. Аттестатталатын қызметкердің адами бет-бейнесін айқындайтын оның кәсіби және жеке бас ерекшеліктерін бағалауға ерекше назар аударылады.
      Осы жұмысты өткізу үшін Жоғары аттестаттау комиссиясы, орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары құрылды.
      Аттестаттау:
      аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуді;
      тиісті құқық қорғау органы қызметінің ерекшелігін ескере отырып, дене шынықтыру, әскери және қызметтік даярлық бойынша белгіленген нормативтерді тапсыруды, сондай-ақ психологпен әңгімелесуден өтуді;
      қызметкермен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы, не тиісті аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді;
      тиісті аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.
      Кезектен тыс аттестаттау үстіміздегі жылғы 1 желтоқсанда аяқталатын болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Әкімшілігінің
      Құқық қорғау жүйесі бөлімі