Комментарий к Указу Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 720 О мерах по дальнейшему развитию правоохранительной системы Республики Казахстан

Комментарий Отдела правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан

      Президент Республики Казахстан своим Указом утвердил Государственную программу дальнейшей модернизации правоохранительной системы Республики Казахстан на 2014–2020 годы (далее – Программа) и одобрил Концепцию кадровой политики правоохранительных органов Республики Казахстан (далее – Концепция).

      Основная цель Программы – повышение уровня доверия к органам правопорядка путем обеспечения эффективной защиты прав и свобод граждан, законных интересов общества и государства.

      Программа предусматривает расширение спектра и стандартизацию государственных услуг в правоохранительной сфере, а также меры по повышению их качества.

      Дальнейшее развитие получат новые формы взаимодействия органов правопорядка с населением и институтами гражданского общества.

      Предусмотрено совершенствование правовых и организационных основ правоохранительной деятельности, в том числе разработка новых критериев оценки работы органов уголовного преследования.

      Предполагается создать эффективную систему принудительного исполнения судебных актов и консолидировать судебно-экспертные службы в одном органе.

      Целью Концепции является выработка системных мер по формированию профессионального кадрового состава правоохранительных органов, в том числе предусматривающих:

      планирование потребностей в человеческих ресурсах;

      отбор, аттестацию и расстановку кадров;

      профессиональное развитие кадрового потенциала;

      оптимизацию организационно-штатных структур;

      воспитательную работу и мотивацию сотрудников.

      Реализация Концепции позволит улучшить профессиональный ресурс правоохранительных органов, повысить имидж и престиж службы, улучшить состояние дисциплины и законности среди личного состава.

      Реализацию Программы планируется осуществить в два этапа: первый – 2014–2016 годы, второй – 2017–2020 годы.

      При этом Правительством Республики Казахстан, государственными органами, непосредственно подчиненными и подотчетными Президенту Республики Казахстан, будет принят План мероприятий по реализации Программы.

      Реализация Программы позволит завершить процесс создания правоохранительной системы, соответствующей общепринятым международным стандартам и целям Стратегии "Казахстан-2050".

      Отдел правоохранительной системы
Администрации Президента
Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің Түсіндірмесі

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына
ТҮСІНДІРМЕ

      Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітті және Құқық қорғау органдарының кадр саясатының тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) мақұлдады.

      Бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету арқылы құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін арттыру.

      Бағдарлама құқық қорғау саласында мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейтіп, стандарттауды, сонымен қатар, олардың сапасын арттыру шараларын қамтыған.

      Құқықтық тәртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының жаңа түрлері дамитын болады.

      Құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін жетілдіру, оның ішінде қылмыстық қуғындау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін әзірлеу көзделген.

      Сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың тиімді жүйесін құру және сот-сараптама қызметтерін бір органға шоғырландыру белгіленген.

      Тұжырымдаманы әзірлеудің мақсаты құқық қорғау органдарының кәсіби кадр құрамын қалыптастыру, оның ішінде:

      адам ресурстарына қажеттілікті жоспарлауды;

      кадрларды іріктеуді, аттестаттауды және орналастыруды;

      кадрлық әлеуетті кәсіби дамытуды;

      ұйымдық-штаттық құрылымдарды оңтайландыруды;

      тәрбие жұмысын және қызметкерлерді ынталандыруды көздейтін жүйелі шараларды әзірлеу болып табылады.

      Тұжырымдаманы іске асыру құқық қорғау органдарының кәсіби ресурстарын жақсартуға, қызметтің имиджі мен беделін арттыруға, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

      Бағдарламаны іске асыруды екі кезеңде: бірінші – 2014-2016 жылдары, екінші – 2017-2020 жылдары жүзеге асыру жоспарланған,

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдайды.

      Бағдарламаның іске асырылуы "Қазақстан-2050" Стратегиясының мақсаттарына және жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сай құқық қорғау жүйесін қалыптастыру процесін аяқтауға мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы
Президенті
Əкімшілігінің
Құқық
қорғау жүйесі бөлімі