О мерах по предупреждению и пресечению проявлений терроризма и экстремизма

Указ Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2000 года N 332.

      В целях предупреждения и пресечения проявлений терроризма и экстремизма, недопущению их распространения на территории Казахстана постановляю:

      1. Правительству Республики Казахстан: R000033

      1) упорядочить визовый режим в двустороннем и многостороннем форматах межгосударственных отношений;

      2) усилить контроль за хранением, использованием и ввозом - вывозом вооружения, боеприпасов и военной техники;

      3) разработать систему мер по государственному регулированию и контролю за туристическими и иными миграционными потоками;

      4) рассмотреть вопрос о присоединении к международным конвенциям по борьбе с терроризмом, а также заключении международных договоров о сотрудничестве по борьбе с терроризмом и экстремизмом, обмену опытом и подготовке специалистов со странами, имеющими положительный опыт в данной области.

      2. Министерству культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан: U060073

      1) проводить мониторинг деятельности религиозных объединений;

      2) обеспечить проведение религиоведческой экспертизы распространяемой в стране литературы.

      3. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами разработать мероприятия по упорядочению авиационных, железнодорожных, морских, речных и автомобильных международных сообщений.

      4. Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить строгий контроль за соблюдением иностранными гражданами и лицами без гражданства правил пребывания на территории Казахстана.

      5. Министерству образования и науки Республики Казахстан:

      1) провести экспертизу международных обменов студентами и преподавателями высших учебных заведений;

      2) разработать программу и учебник по основам религиоведения для выпускных классов общеобразовательной школы.

      6. Таможенному комитету Министерства государственных доходов Республики Казахстан за счет имеющейся штатной численности образовать дополнительные пункты таможенного контроля на южном, юго-западном и западном направлениях.

      7. Генеральной прокуратуре Республики Казахстан в трехмесячный срок проверить соблюдение законности религиозными объединениями и духовными учебными заведениями, а также благотворительными, культурными и образовательными организациями с иностранным участием.

      8. Возложить на Комитет национальной безопасности Республики Казахстан координацию деятельности государственных органов по борьбе с терроризмом и экстремизмом.

      9. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан и Службе охраны Президента Республики Казахстан за счет имеющейся штатной численности укрепить подразделения по борьбе с терроризмом, а также усилить оперативно-розыскную деятельность по предупреждению и пресечению терроризма и экстремизма.

      10. Акимам областей, городов Астаны и Алматы:

      1) начиная с I квартала 2000 года выделять необходимые средства на депортацию за пределы страны нелегальных мигрантов ;

      2) разработать и осуществить комплекс мер по обеспечению безопасности зданий центральных и местных исполнительных органов, объектов жизнеобеспечения регионов и иных стратегических объектов, а также мест проведения важных общественно-политических мероприятий.

      11. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на помощника Президента Республики Казахстан - Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан Тажина М.М.

      12. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент

      Республики Казахстан

Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 10 ақпан N 332.

      Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю, олардың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: R000033

      1) екі жақты және көп жақты мемлекетаралық қатынастар нысандарында визалық режимді ретке келтірсін;

      2) қару-жарақты, оқ-дәрілерді және әскери техниканы сақтауға, пайдалануға және әкелу мен әкетуге бақылауды күшейтсін;

      3) туристік және өзге де миграциялық ағындарды мемлекеттік реттеу мен бақылау жөніндегі шаралар жүйесін әзірлесін;

      4) терроризмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылу туралы, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық, осы салада оң тәжірибесі бар елдермен тәжірибе алмасу және мамандар даярлау туралы халықаралық шарттар жасасу туралы мәселені қарайтын болсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі: U060073

      1) діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізсін;

      2) елде таратылатын әдебиетке дінтанымдық сараптама жасауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып халықаралық әуе, темір жол, теңіз, өзен және автомобиль қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлесін.

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағында болу тәртібін сақтауына қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

      1) жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын халықаралық алмасулар ісіне сараптама жүргізсін;

      2) жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сыныптары үшін дінтаным негіздері жөнінде бағдарлама мен оқулық әзірлесін.

      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті штатта бар адам саны есебінен оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс бағыттарда қосымша кедендік бақылау пунктерін ашсын.

      7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үш ай мерзімде діни бірлестіктер мен діни оқу орындарының, сондай-ақ шетел қатысатын қайырымдылық, мәдени және білім беру ұйымдарының заңдылықты сақтауын тексерсін.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мемлекеттік органдардың терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылын үйлестіру жүктелсін.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі штатта бар адам саны есебінен терроризмге қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерді нығайтсын, сондай-ақ терроризм мен экстремизмнің алдын алу және тыю жөніндегі жедел-іздестіру қызметін күшейтсін.

      10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) 2000 жылдың I тоқсанынан бастап, заңсыз мигранттарды елден шығарып жіберуге қажетті қаражат бөлетін болсын;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдар ғимараттарының, аймақтардың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және өзге де стратегиялық объектілердің, сондай-ақ маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілетін орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, жүзеге асыратын болсын.

      11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы М.М.Тәжинге жүктелсін.

      12. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

      Оқығандар: Қасымбеков Б.А.

      Омарбекова А.Т.