Об отдельных вопросах Управления делами Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 17 марта 2004 года N 1308

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 17-1  Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан" постановляю:

      1. Упразднить Хозяйственное управление Управления делами Президента Республики Казахстан.

      2. Внести изменения в следующие указы Президента Республики Казахстан:

     
      1) в Указ  Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2000 года N 378 "О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 20, ст. 218; 2002 г., N 6, ст. 40; 2003 г., N 33, ст. 323):

     
      в пункте 4 Положения об Управлении Делами Президента Республики Казахстан, утвержденного названным Указом, слова "Хозяйственное управление Управления Делами Президента Республики Казахстан," исключить;

     
      2) в Указ  Президента Республики Казахстан от 18 августа 2003 года N 1167 "О структуре Управления делами Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 33, ст. 323):

     
      структуру Управления делами Президента Республики Казахстан, утвержденную названным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению.

     

      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

Приложение     
к Указу Президента 
Республики Казахстан
от 17 марта 2004 года
N 1308       

Утверждена     
Указом Президента 
Республики Казахстан
от 18 августа 2003 года
N 1167       

Структура
Управления делами Президента Республики Казахстан

      Руководство
      Отдел бюджетного планирования и финансового контроля
      Отдел правового обеспечения
      Отдел капитального строительства и технического надзора
      Отдел по управлению подведомственными организациями
      Отдел бухгалтерского учета и отчетности
      Отдел обслуживания мероприятий и внешних связей
      Отдел защиты государственных секретов и кадровой работы
      Отдел контроля и документационного обеспечения

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 1308 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  17-1-бабының  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 4-тармағында "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы," деген сөздер алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 323-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Іс басқармасының құрылымы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2004 жылғы 17 наурыздағы  
N 1308 Жарлығына      
ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2003 жылғы 18 тамыздағы  
N 1167 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН        

  Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық
      Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі
      Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
      Күрделі құрылыс және техникалық бақылау бөлімі
      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім
      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
      Іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімі
      Мемлекеттік құпияларды қорғау және кадр жұмысы бөлімі
      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.