О подписании Протокола о присоединении Республики Узбекистан к Договору об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года

Указ Президента Республики Казахстан от 23 января 2006 года N 37

Подлежит опубликованию в   
"Собрании актов Президента 
и Правительства"           

       ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Одобрить проект Протокола о присоединении Республики Узбекистан к  Договору  об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года.

      2. Подписать Протокол о присоединении Республики Узбекистан к Договору об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
 Республики Казахстан

ОДОБРЕН             
Указом Президента       
Республики Казахстан      
от 23 января 2006 года N 37  

Проект

  ПРОТОКОЛ
о присоединении Республики Узбекистан к Договору
об учреждении Евразийского экономического сообщества
от 10 октября 2000 года

      Республика Беларусь, Республика Казахстан, Кыргызская Республика, Российская Федерация и Республика Таджикистан, являющиеся государствами-членами Евразийского экономического сообщества (далее - ЕврАзЭС), с одной стороны, и Республика Узбекистан, с другой стороны, далее именуемые Договаривающимися Сторонами,
      принимая во внимание обращение Республики Узбекистан о вступлении в члены ЕврАзЭС,
      руководствуясь  статьей 9  Договора об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года,
      договорились о нижеследующем:

  Статья 1

      Настоящим Протоколом Республика Узбекистан присоединяется к  Договору  об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года и принимает на себя в полном объеме права и обязательства, вытекающие из него.

  Статья 2

      Настоящий Протокол временно применяется с даты подписания, подлежит ратификации Договаривающимися Сторонами и вступает в силу с даты сдачи депозитарию, которым является Интеграционный Комитет ЕврАзЭС, последнего письменного уведомления о выполнении внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

  Cтатья 3

      Настоящий Протокол в соответствии со статьей 102 Устава ООН подлежит регистрации в Секретариате Организации Объединенных Наций.
      Совершено в городе _________ ____ _________ 200_ года в одном экземпляре на белорусском, казахском, кыргызском, русском, таджикском и узбекском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу. В случае возникновения разногласий по тексту настоящего Протокола Договаривающиеся Стороны будут использовать текст на русском языке.
      Подлинный экземпляр настоящего Протокола хранится в Интеграционном Комитете ЕврАзЭС, который направит Договаривающимся Сторонам его заверенную копию.

      За Республику Беларусь
      За Республику Казахстан
      За Кыргызскую Республику
      За Российскую Федерацию
      За Республику Таджикистан
      За Республику Узбекистан

Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 37 Жарлығы

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы  хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы  шартқа қосылуы туралы хаттамаға қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2006 жылғы 23 қаңтардағы 
N 37 Жарлығымен     
МАҚҰЛДАНҒАН       

Жоба 

  Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық
қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы
шартқа қосылуы туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттер болып табылатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы бiр тараптан және Өзбекстан Республикасы екiншi тараптан,
      Өзбекстан Республикасының ЕурАзЭҚ-қа мүшелiкке кiруi туралы өтiнiшiн назарға ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың  9-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Осы Хаттамамен Өзбекстан Республикасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы  шартқа қосылады және одан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi толық көлемде өзiне қабылдайды.

  2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады, Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына жатады және депозитарийi болып табылатын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.

  3-бап

      Осы Хаттама БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуге тиiс.
      200 __ жылғы ____ ________ ___________ қаласында беларусь, қазақ, қырғыз, орыс, тәжiк және өзбек тiлдерiнде бiр данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың мәтiнi бойынша келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн Уағдаласушы Тараптарға жiберетiн ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

       Беларусь Республикасы үшiн

      Қазақстан Республикасы үшiн

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Ресей Федерациясы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

      Өзбекстан Республикасы үшiн