Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года

Указ Президента Республики Казахстан от 18 апреля 2006 года N 96

Подлежит опубликованию в
республиканской печати  
 

                                                                    В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе"  ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Уволить в запас из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан, внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканской гвардии Республики Казахстан, Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы.

      2. Призвать на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года граждан мужского пола, которым ко дню призыва исполнилось 18 лет, не имеющих права на освобождение или отсрочку от призыва на срочную воинскую службу, а также граждан, утративших право на отсрочку от призыва.

      3. Местным исполнительным органам организовать и обеспечить проведение призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года через соответствующие местные органы военного управления.

      4. Правительству Республики Казахстан, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканской гвардии Республики Казахстан организовать финансовое и материальное обеспечение отправки граждан Республики Казахстан, призванных в Вооруженные Силы Республики Казахстан, внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан для прохождения срочной воинской службы, и увольнения военнослужащих, выслуживших установленные сроки срочной воинской службы.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 96 Жарлығы

Республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс     

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі  Заңына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.

      2. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

      3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және белгіленген мерзімді әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті