О некоторых вопросах казахстанского содержания при закупке товаров, работ и услуг, приобретаемых организациями и государственными органами

Указ Президента Республики Казахстан от 27 января 2009 года № 733.


      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов Президента и

      Правительства Республики Казахстан

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в целях повышения доли казахстанского содержания при закупках товаров, работ и услуг организациями и государственными органами, а также упорядочения деятельности государственных органов в данной сфере ПОСТАНОВЛЯЮ :

      1. Наделить:

      1) Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан функциями по:

      выработке мер и реализации государственной политики по увеличению доли казахстанского содержания при закупках товаров, работ и услуг организациями и государственными органами (далее - казахстанское содержание), осуществляемых на территории Республики Казахстан;

      координации и методологическому обеспечению деятельности государственных органов по вопросам казахстанского содержания;

      обеспечению свода и анализа общей информации по казахстанскому содержанию, на регулярной основе предоставляемой министерствами финансов, энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан на основании совместно утвержденных форм;

      мониторингу казахстанского содержания в закупках товаров, работ и услуг организаций по перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан, а также анализу предоставляемой соответствующими организациями информации о проведенных, проводимых и планируемых на следующий год закупках товаров, работ и услуг;

      контролю и мониторингу казахстанского содержания в закупках национального управляющего холдинга, национальных холдингов, национальных компаний, их дочерних и аффилиированных компаний, иных юридических лиц с участием государства и принятию мер в случае выявления нарушений;

      методическому руководству деятельностью местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы) по формированию перечня товаров, работ и услуг, производимых на территории области (города республиканского значения, столицы), и их производителей;

      утверждению форм предоставления организациями информации по казахстанскому содержанию в закупках товаров, работ и услуг;

      формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, производимых казахстанскими производителями, а также разработке и утверждению критериев их оценки для внесения в данный реестр;

      методическому руководству и контролю за реализацией офсетной политики;

      2) Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики

      Казахстан функциями по сбору и анализу информации о произведенных,

      производимых и планируемых на следующий за отчетным периодом год

      закупках товаров, работ и услуг, предоставляемой недропользователями и (или) лицами, уполномоченными недропользователями осуществлять закуп товаров, работ и услуг для проведения операций по недропользованию;

      3) местные исполнительные органы областей (города республиканского значения, столицы) функциями по сбору, анализу и предоставлению в Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан информации по казахстанскому содержанию от организаций на основании форм, утвержденных данным министерством.

      2. Правительству Республики Казахстан:

      1) предусмотреть в компетенции:

      Министерства финансов Республики Казахстан функцию и полномочия по осуществлению контроля за соблюдением законодательства о казахстанском содержании при государственных закупках;

      Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан функции и полномочия по осуществлению мониторинга и контроля контрактных обязательств недропользователей по казахстанскому содержанию в закупках недропользователей и (или) лиц, уполномоченных недропользователями осуществлять закуп товаров, работ и услуг, в том числе по принятию мер в случае выявления нарушений;

      2) обеспечить передачу Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан функций Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан по:

      формированию и ведению реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, а также разработке и утверждению критериев их оценки для внесения в данный реестр;

      утверждению формы отчета недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах и годовой программы закупа товаров, работ и услуг на предстоящий год;

      запрашиванию у недропользователей и (или) лиц, уполномоченных недропользователями осуществлять закуп товаров, работ и услуг для проведения операций по недропользованию, информации о производимых и произведенных закупках товаров, работ и услуг;

      3) в двухмесячный срок разработать и внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект закона, вытекающий из настоящего Указа, в том числе, предусматривающий административную ответственность за нарушение требований законов Республики Казахстан в части казахстанского содержания;

      4) обеспечить функционирование соответствующих электронных информационных ресурсов, предоставляющих информацию о продукции казахстанского происхождения и произведенных, производимых и планируемых организациями на следующий за отчетным периодом год закупках товаров, работ и услуг;

      5) утвердить единую методику расчета организациями казахстанского содержания при закупке товаров, работ и услуг;

      6) принять иные необходимые меры по реализации настоящего Указа.

      3. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев


Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 733 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ұйымдар мен мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметін ретке келтіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне:

      ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамтудың (бұдан әрі - қазақстандық қамту) үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясат шараларын талдап-тұжырымдау және іске асыру;

      қазақстандық қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері тұрақты негізде ұсынатын қазақстандық қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамтудың мониторингі, сондай-ақ тиісті ұйымдар ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдау;

      ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылау мен оның мониторингі және жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;

      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруы жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылық ету;

      ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат беру нысандарын бекіту;

      қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлеу мен бекіту;

      офсеттік саясаттың іске асырылуына әдістемелік басшылық ету және бақылау жөніндегі функциялар;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын: жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау жөніндегі функциялар;

      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі бекіткен нысандар негізінде ұйымдардан қазақстандық қамту бойынша ақпарат жинау, талдау және осы министрлікке ұсыну жөніндегі функциялар берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) мыналарды:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретінде мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық қамту туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді;

      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құзыретінде жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың сатып алуында жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қамту бойынша келісім-шарттық міндеттемелерінің мониторингін және оларды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, оның ішінде жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қолдану жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді көздесін;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің:

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлеу және бекіту;

      жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есеп нысанын және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын бекіту;

      жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан жүргізілетін және жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты сұрату жөніндегі функцияларын беруді қамтамасыз етсін;

      3) екі ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңдарының қазақстандық қамту бөлігіндегі талаптарының бұзылуына әкімшілік жауаптылықты көздейтін заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      4) Қазақстанда шығарылған өнімдер және ұйымдар жүргізген, жүргізетін әрі есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарлаған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты ұсынатын тиісті электрондық ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

      5) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезіндегі қазақстандық қамтудың бірыңғай есептеу әдістемесін бекітсін;

      6) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев