О дополнительных мерах по усилению борьбы с преступностью и коррупцией и дальнейшему совершенствованию правоохранительной деятельности в Республике Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 22 апреля 2009 года № 793.


      Подлежит опубликованию в Собрании актов

      Президента и Правительства Республики

      Казахстан и республиканской печати

      В целях усиления противодействия преступности и коррупции, дальнейшего совершенствования правоохранительной деятельности ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Определить приоритетными направлениями деятельности правоохранительных органов борьбу с коррупцией и защиту конституционных прав и свобод граждан от преступных посягательств с обеспечением неотвратимости реакции государства на любые правонарушения и привлечением виновных к установленной законом ответственности.

      2. Возложить на руководителей государственных органов, государственных организаций и организаций с долей государственного участия непосредственную обязанность по противодействию коррупции с установлением за это персональной ответственности.

      3. Правительству Республики Казахстан совместно с заинтересованными центральными государственными органами в установленном законодательством порядке:

      предусмотреть меры по стимулированию антикоррупционного поведения граждан, включающие механизмы поощрения деятельности граждан, направленной на оказание содействия в пресечении и раскрытии коррупционных правонарушений;

      ввести обязанность государственного служащего доводить до сведения руководства государственного органа, в котором он работает, или до правоохранительных органов о ставших ему известными случаях коррупционных правонарушений, предусмотрев за невыполнение данной обязанности дисциплинарную ответственность;

      разработать правовой механизм, обеспечивающий прозрачность имущественного положения граждан в период прохождения ими государственной службы, а также на протяжении определенного периода после увольнения с государственной службы, установив обязанность государственных служащих, а также лиц, уволенных с государственной службы, в течение определенного периода после увольнения предоставлять информацию о происхождении имущества, стоимость которого превышает официальный доход этих лиц;

      выработать меры противодействия "корпоративной коррупции";

      в государственных органах определить перечни должностей с высоким риском совершения коррупционных правонарушений, с установлением особых, повышенных требований для поступления и прохождения службы на этих должностях, в том числе с принятием обязательств о возможности применения в отношении лиц, занимающих указанные должности, механизмов, предусматривающих специальные проверки на предмет соблюдения ими антикоррупционного законодательства. При этом лица, не выдержавшие такой проверки, должны подлежать увольнению с государственной службы;

      отнести к исключительной подследственности Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовой полиции), наряду с имеющейся подследственностью , расследование уголовных дел о преступлениях, предусмотренных частью 2 статьи 307 и частью 2 статьи 308 Уголовного кодекса Республики Казахстан, при этом сохранив альтернативную подследственность с органами национальной безопасности по расследованию уголовных дел о преступлениях, предусмотренных частями 3 и 4 статьи 307 , частями 3, 4 статьи 308 и частями 3, 4, 5 статьи 311 Уголовного кодекса Республики Казахстан;

      для каждой должности в правоохранительных органах, за исключением политических должностей, разработать и утвердить специальные квалификационные требования по аналогии с квалификационными требованиями к категориям административных государственных должностей;

      обеспечить унификацию правового статуса сотрудников правоохранительных органов и прохождения ими службы, предусмотрев при этом повышение процессуального статуса следователя, назначение и аттестацию участковых инспекторов полиции с учетом мнения населения, а также установив конкурсный порядок приема на службу в правоохранительные органы с обязательным прохождением кандидатами стажировки;

      в пределах средств республиканского бюджета принять меры по установлению для сотрудников правоохранительных органов, выполняющих основные функции, более высокого уровня оплаты труда по сравнению с сотрудниками, выполняющими обеспечивающие функции. При этом пересмотреть порядок определения выслуги лет, пенсионного обеспечения, присвоения званий и классных чинов в зависимости от выполнения основных или обеспечивающих функций;

      принять законодательные меры, предусматривающие повышение эффективности прокурорского надзора за соблюдением прав и свобод граждан в социальной сфере;

      усилить уголовную ответственность за преступления, посягающие на несовершеннолетних, их права и законные интересы, обеспечив должную профилактику указанных преступлений;

      усовершенствовать правовые механизмы противодействия преступлениям, совершаемым в составе организованной преступной группы или преступного сообщества, в том числе с усилением уголовной ответственности за их совершение.

      4. Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы совместно с заинтересованными государственными органами:

      обеспечить создание единой электронной базы данных, содержащей сведения о личных и профессиональных качествах лиц, работающих и ранее работавших на государственной службе, а также о допущенных ими нарушениях и фактах привлечения к различным видам ответственности и причинах прекращения государственной службы;

      на законодательном уровне определить понятие "конфликта интересов" в системе государственной службы, при котором могут возникнуть противоречия между личными интересами государственного служащего, интересами общества и государства. При этом регламентировать порядок предотвращения и урегулирования конфликта интересов, в том числе установить запрет для перехода государственного служащего, в течение определенного периода после увольнения с государственной службы, на работу в коммерческие организации, которые были в период исполнения им служебных обязанностей ему непосредственно подконтрольны или непосредственно связаны с ним в соответствии с его компетенцией;

      распространить ограничения, установленные для государственных служащих, на лиц, выполняющих управленческие функции в государственных организациях и организациях с долей государственного участия.

      5. Правительству Республики Казахстан:

      1) исключен Указом Президента РК от 17.08.2010 № 1039;

      2) разработать и внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проекты законов, вытекающие из настоящего Указа;

      3) принять иные меры по реализации настоящего Указа.

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 17.08.2010 № 1039.

      6. Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией на основе анализа и мониторинга состояния борьбы с коррупцией вырабатывать перспективные направления развития и совершенствования антикоррупционной политики государства.

      7. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      8. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев


Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 793 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      және республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің жауап әрекетінің болуын қамтамасыз етіп және кінәлілерді заңда белгіленген жауапқа тарта отырып, құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары деп айқындалсын.

      2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар көздесін;

      мемлекеттік қызметшінің өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізуін оның міндетіне енгізсін, осы міндетті орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықты көздесін;

      азаматтардың мемлекеттік қызмет өткеруі кезеңінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен босағаннан кейін белгілі бір кезең аралығында мүліктік жағдайының ашықтығын қамтамасыз ететін құқықтық тетікті әзірлесін, мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен босаған адамдардың қызметтен босағаннан кейін белгілі бір кезең ішінде, құны осы адамдардың ресми табысынан асып түсетін мүліктің шығу тегі туралы ақпарат ұсыну міндетін белгілесін;

      "корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа" қарсы іс-қимыл шараларын талдап-тұжырымдасын;

      мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелі жоғары лауазымдарға қызметке кіру және қызмет өткеру үшін айрықша, жоғары талаптарды белгілей отырып, оның ішінде аталған лауазымдарда қызмет атқаратын адамдарға қатысты олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәніне арнайы тексерулерді көздейтін тетіктерді қолдану мүмкіндігі туралы міндеттемелер қабылдай отырып, мұндай лауазымдар тізбесін айқындасын. Бұл ретте мұндай тексеруден өте алмаған адамдар мемлекеттік қызметтен босатылуға тиіс;

      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) айрықша тергеуіне қазір тергеуінде бар істермен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігінде және 308-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеуін, бұл ретте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3 және 4-бөліктерінде, 308-бабының 3, 4-бөліктерінде және 311-бабының 3, 4, 5-бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеу жөнінде ұлттық қауіпсіздік органдарының баламалы тергеуін сақтай отырып, жатқызсын;

      саяси лауазымдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарындағы әрбір лауазымға, мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына ұқсас арнайы біліктілік талаптарын әзірлеп, бекітсін;

      құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін және олардың қызмет өткеруін біріздендіруді, бұл ретте тергеушінің іс жүргізу мәртебесін көтеруді, тұрғындардың пікірін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларын тағайындауды және аттестаттауды көздей отырып, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаудың конкурстық тәртібін үміткерлердің тағылымдамадан міндетті түрде өтуін белгілей отырып қамтамасыз етсін;

      республикалық бюджет қаражаты шегінде құқық қорғау органдарының негізгі функцияларды орындайтын қызметкерлері үшін қамтамасыз ету функцияларын орындайтын қызметкерлермен салыстырғанда неғұрлым жоғары еңбекақы төлеу деңгейін белгілеу жөнінде шаралар қабылдасын. Бұл ретте негізгі немесе қамтамасыз ету функцияларын орындауға байланысты еңбек сіңірген жылдарын, зейнетақымен қамтамасыз етуді айқындау, атақтар мен сыныптық шендер беру тәртібін қайта қарасын;

      азаматтардың әлеуметтік салада құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруды көздейтін заңнамалық шаралар қабылдасын;

      кәмелетке толмағандарға, олардың құқықтарына және заңды мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар үшін көрсетілген қылмыстардың тиісті профилактикасын қамтамасыз ете отырып, қылмыстық жауаптылықты күшейтсін;

      ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың құрамында жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін, оның ішінде оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейте отырып жетілдірсін.

      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:

      мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін және бұрын жұмыс істеген адамдардың жеке бас және кәсіби қасиеттері, сондай-ақ олар жасаған жолсыздықтар мен оларды түрлі жауаптылыққа тарту фактілері және мемлекеттік қызметті тоқтату себептері туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай электрондық дерекқор жасауды қамтамасыз етсін;

      мемлекеттік қызмет жүйесінде "мүдделер қақтығысы" ұғымын заңнамалық деңгейде айқындасын, мұнда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері, қоғам мен мемлекет мүдделері арасында қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл ретте мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібін регламенттесін, оның ішінде мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтен босағаннан кейін белгілі бір кезең ішінде оның қызметтік міндеттерін атқаруы кезеңінде тікелей бақылауында немесе оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған коммерциялық ұйымдарға жұмысқа ауысуына тыйым салуды белгілесін;

      мемлекеттік ұйымдарда және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулерді қолдансын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) (алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010.08.17 N 1039 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-т.қараңыз) Жарлығымен);

      2) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010.08.17 N 1039 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-т.қараңыз) Жарлығымен.

      6. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйін талдау мен мониторинг жүргізу негізінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын дамыту мен жетілдірудің перспективалық бағыттарын тұжырымдасын.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев