О введении чрезвычайного положения в городе Жанаозен Мангистауской области

Указ Президента Республики Казахстан от 17 декабря 2011 года № 197

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан      
и республиканской печати    

      В целях обеспечения безопасности населения города Жанаозен Мангистауской области, в соответствии с подпунктом 16) статьи 44 Конституции Республики Казахстан и статьями 456 Закона Республики Казахстан «О чрезвычайном положении» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. В связи с произошедшими 16 декабря 2011 года массовыми беспорядками в городе Жанаозен Мангистауской области, в целях обеспечения общественной безопасности, восстановления законности и правопорядка, защиты прав и свобод граждан ввести в границах города Жанаозен Мангистауской области чрезвычайное положение на период с 18 часов 00 минут 17 декабря 2011 года на срок до 7 часов 00 минут 5 января 2012 года.
      2. Ввести в городе Жанаозен Мангистауской области на период действия чрезвычайного положения комендантский час с 23 часов 00 минут до 7 часов 00 минут.
      3. Создать на период чрезвычайного положения комендатуру города Жанаозен Мангистауской области и наделить ее полномочиями, предусмотренными Законом Республики Казахстан «О чрезвычайном положении».
      Назначить комендантом города Жанаозен Мангистауской области начальника Департамента внутренних дел Мангистауской области Кабылова Аманжола Жайгалиулы.
      4. Ввести на период действия чрезвычайного положения следующие меры и временные ограничения:
      1) усилить охрану общественного порядка, охрану особо важных государственных и стратегических объектов, а также объектов, обеспечивающих жизнедеятельность населения и функционирование транспорта;
      2) установить ограничения на свободу передвижения, в том числе транспортных средств, в городе Жанаозен Мангистауской области;
      3) обеспечить проверку документов, удостоверяющих личность физических лиц, личный досмотр, досмотр находящихся при них вещей, транспортных средств;
      4) ограничить въезд в город Жанаозен Мангистауской области, а также выезд из него;
      5) запретить проведение собраний, митингов и демонстраций, шествий и пикетирований, а также зрелищных, спортивных и других массовых мероприятий;
      6) запретить забастовки и иные способы приостановления или прекращения деятельности юридических лиц;
      7) ограничить или запретить использование копировально-множительной техники, радио- и телепередающей аппаратуры, аудио- и видеозаписывающей техники, а также осуществить временное изъятие звукоусиливающих технических средств;
      8) запретить продажу оружия, боеприпасов, взрывчатых веществ, специальных средств, ядовитых веществ, установить особый режим оборота лекарственных, наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров, а также этилового спирта, алкогольной продукции;
      9) обеспечить временное изъятие у физических лиц оружия и боеприпасов, ядовитых веществ, а у юридических лиц временное изъятие, наряду с оружием, боеприпасами и ядовитыми веществами, также боевой и учебной военной техники, взрывчатых и радиоактивных веществ.
      5. Определить ответственными за осуществление мер, применяемых в условиях режима чрезвычайного положения, комендатуру города Жанаозен Мангистауской области, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Министерство обороны Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.
      6. Генеральному прокурору Республики Казахстан обеспечить соблюдение законности при реализации мер и временных ограничений, установленных настоящим Указом.
      7. Правительству Республики Казахстан выделить необходимые средства из резерва Правительства Республики Казахстан для обеспечения режима чрезвычайного положения.
      8. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсандағы № 197 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс       

      Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Төтенше жағдай туралы» Заңының 456-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 2011 жылғы 16 желтоқсанда орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекараларында 2011 жылғы 17 желтоқсандағы 18 сағат 00 минут пен 2012 жылғы 5 қаңтардағы 7 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін.
      2. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.
      3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының комендатурасы құрылып, оған Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін.
      Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының коменданты болып Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Аманжол Жайғалиұлы Қабылов тағайындалсын.
      4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:
      1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
      2) Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жүріп-тұру еркіндігі, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігі шектелсін;
      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;
      4) Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;
      5) жиналыстарға, митингілер мен демонстрацияларға, шерулер мен тосқауылдарға тұруға, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;
      6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;
      7) көшіру-көбейту техникасын, радио және телехабарларын беру аппаратурасын, дыбыс және бейнежазба техникасын пайдалануға шек қойылсын немесе тыйым салынсын, сондай-ақ дыбыс күшейткіш техникалық құралдарын уақытша алу жүзеге асырылсын;
      8) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режім белгіленсін;
      9) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.
      5. Төтенше жағдайдың кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.
      6. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры осы Жарлықпен белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін.
      8. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев