О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2009 года № 780 "Об утверждении Положения о Республиканской бюджетной комиссии"

Указ Президента Республики Казахстан от 1 ноября 2012 года № 419. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.

      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов Президента и

      Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2009 года № 780 "Об утверждении Положения о Республиканской бюджетной комиссии" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 18, ст. 155; 2011 г., № 7, ст. 87) следующие изменения:

      в Положении о Республиканской бюджетной комиссии, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Комиссия в соответствии с возложенными на нее задачами осуществляет следующие функции:

      1) рассматривает подготовленные рабочим органом комиссии материалы и определяет:

      приоритетные направления расходования бюджетных средств и субсидирования юридических лиц;

      направления развития межбюджетных отношений;

      политику в сфере государственного и гарантированного государством заимствования и долга;

      перечень концессионных проектов на плановый период, на условии софинансирования из республиканского бюджета в разрезе объектов;

      перечень приоритетных республиканских бюджетных инвестиций, включая бюджетные инвестиции в разрезе объектов, а также целевые трансферты на развитие и кредиты в разрезе областей, города республиканского значения, столицы на плановый период;

      2) рассматривает подготовленные рабочим органом комиссии материалы и вырабатывает предложения по:

      прогнозу социально-экономического развития республики;

      заимствованию местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы;

      результатам бюджетного мониторинга и проведенной оценки результатов;

      предложениям центральных государственных органов об изменении или отмене натуральных норм;

      расходам администраторов бюджетных программ на плановый период с учетом заключений центрального уполномоченного органа по бюджетному планированию по бюджетным заявкам и центрального уполномоченного органа по государственному планированию по проектам стратегических планов или проектам изменений и дополнений в стратегические планы;

      целесообразности привлечения связанных грантов согласно перечню заявок центральных государственных органов;

      проекту закона о республиканском бюджете на плановый период;

      проектам законов Республики Казахстан, указов Президента Республики Казахстан и постановлений Правительства Республики Казахстан, предусматривающим увеличение расходов или сокращение доходов республиканского или местных бюджетов;

      перечню и объемам бюджетных программ для финансирования мероприятий чрезвычайного или военного положения, составленным центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию;

      объемам целевых трансфертов и бюджетных кредитов из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам города республиканского значения, столицы;

      уточнению, секвестру и корректировке республиканского бюджета;

      перечню отдельных государственных услуг, бюджетных инвестиционных проектов и других задач, направленных на обеспечение социально-экономической стабильности государства, планируемых к выполнению в форме государственного задания;

      урегулированию разногласий между администраторами бюджетных программ, центральными уполномоченными органами по государственному планированию и бюджетному планированию;

      использованию Правительством Республики Казахстан в текущем финансовом году неперечисленной за отчетный финансовый год суммы гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан в республиканский бюджет для финансирования текущих бюджетных программ и бюджетных программ развития, утвержденных в республиканском бюджете истекшего финансового года, в объеме не более суммы неоплаченных зарегистрированных обязательств по соответствующим бюджетным программам посредством корректировки бюджета;

      финансированию концессионных проектов для разработки или корректировки, а также проведению необходимых экспертиз технико-экономических обоснований;

      разработке или корректировке, а также проведению необходимых экспертиз технико-экономических обоснований бюджетных инвестиционных проектов;

      объемам финансирования услуг по консультативному сопровождению концессионных проектов;

      софинансированию концессионного проекта из бюджета;

      бюджетным инвестициям, направленным на реализацию особо важных и требующих оперативной реализации задач, не прошедшим этапы планирования, установленные законодательством Республики Казахстан;

      3) осуществляет другие функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. План-график работы устанавливается комиссией. Согласование с членами комиссии и рассылка плана-графика работы комиссии осуществляется за месяц до начала работы комиссии по рассмотрению бюджетных заявок и проектов стратегических планов или проектов изменений и дополнений в стратегические планы.";

      пункты 16 и 17 изложить в следующей редакции:

      "16. Рабочим органом комиссии является центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию.

      17. В период между заседаниями комиссии организационные вопросы ее деятельности решает рабочий орган комиссии.

      Вопросы, входящие в компетенцию комиссии, рассматриваются рабочим органом не более двадцати рабочих дней и выносятся на рассмотрение комиссии при условии наличия полного пакета документов.

      Материалы для рассмотрения на заседании комиссии направляются членам комиссии рабочим органом не позднее двух рабочих дней до даты проведения заседания.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н.Назарбаев


"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 419 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат; 2011 ж., № 7, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

      бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;

      бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

      мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

      объектілер бөлінісінде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін;

      объектілер бөлінісінде бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлінісінде нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;

      2) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

      республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;

      бюджеттік мониторинг нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері;

      орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстары;

      бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;

      орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;

      жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы;

      республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе кірістерінің азаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін жасаған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемі;

      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі;

      республикалық бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету;

      жекелеген мемлекеттік қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған өзге міндеттердің тізбесі;

      бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;

      есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбей тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;

      техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптама жүргізу үшін концессиялық жобаларды қаржыландыру;

      бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу;

      концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі;

      концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жоспарлау кезеңінен өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жұмыстың жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Комиссия мүшелерімен келісу және комиссия жұмысының жоспар-кестесін жіберу бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болып табылады.

      17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді.

      Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді жұмыс органы жиырма жұмыс күнінен асырмай қарайды және құжаттардың толық пакеті болған жағдайда комиссияның қарауына шығарады.

      Жұмыс органы комиссия отырысында қарау үшін материалдарды комиссия мүшелеріне отырыс өткізілетін күнге дейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев