О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 августа 2009 года № 861 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета"

Указ Президента Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 958. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие настоящего Указа см. п.2

      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов Президента и

      Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 августа 2009 года № 861 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 36, ст.342; 2013 г., № 33, ст.496; № 60, ст.819; 2014 г., № 30, ст.255) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах разработки проекта республиканского бюджета, утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 4-1 изложить в следующей редакции:

      "4-1. Лимиты расходов администраторов республиканских бюджетных программ, лимиты на новые инициативы определяются центральным уполномоченным государственным органом по государственному планированию на основе прогнозных показателей социально-экономического развития Республики Казахстан и республиканского бюджета, приоритетных направлений расходования бюджетных средств, размера дефицита соответствующего бюджета на плановый период.";

      подпункт 6) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6) по целевым трансфертам на развитие - анализ достижения целей и задач, на решение которых выделяются целевые трансферты на развитие, предусмотренные в проектах соглашений по целевым трансфертам.";

      подпункт 2) пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "2) бюджетные заявки администраторов бюджетных программ на предмет их соответствия бюджетному и иному законодательству Республики Казахстан, прогнозу социально-экономического развития, действующим натуральным нормам и проектам стратегических планов или проектам изменений и дополнений в стратегические планы, при этом при рассмотрении бюджетных заявок также используется база данных цен на товары, работы, услуги, установленная законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, в качестве ориентира при расчете по видам расходов по каждой бюджетной программе;";

      пункт 13 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Заключения центрального уполномоченного органа по государственному планированию по бюджетным заявкам к бюджетным программам, направленным на предоставление целевых трансфертов на развитие и бюджетных кредитов местным исполнительным органам, формируются на основе предложений центрального уполномоченного органа в сфере регионального развития с учетом рекомендаций комиссии по вопросам региональной политики.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев пятого и шестого пункта 1 настоящего Указа, которые вводятся в действие с 1 января 2015 года.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев


"Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 958 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат; 2013 ж., № 33, 496-құжат; № 60, 819-құжат; 2014 ж., № 30, 255-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобаларын әзірлеу қағидаларында:

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.";

      6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) нысаналы даму трансферттері бойынша - шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісімдердің жобаларында көзделген нысаналы даму трансферттері бөлінетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры да пайдаланылады;";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға арналған бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.".

      2. Осы Жарлықтың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев