О юбилейной медали в ознаменование 20-летия Конституции Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 1015

Подлежит опубликованию в Собрании актов
Президента и Правительства Республики
Казахстан и республиканской печати 

      В целях поощрения граждан Республики Казахстан и иностранных граждан, внесших значительный вклад в обеспечение верховенства Конституции, становление и развитие конституционных основ Республики Казахстан, защиту конституционных прав граждан, а также в ознаменование 20-летия Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Учредить юбилейную медаль «Қазақстан Конституциясына 20 жыл».
      2. Утвердить:
      1) Правила награждения юбилейной медалью «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»;
      2) описание юбилейной медали «Қазақстан Конституциясына 20 жыл».
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ

УТВЕРЖДЕНЫ         
Указом Президента     
Республики Казахстан    
от 24 февраля 2015 года № 1015

ПРАВИЛА
награждения юбилейной медалью
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл»

      1. Настоящие Правила регламентируют порядок награждения юбилейной медалью «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (далее - юбилейная медаль).
      2. Юбилейной медалью награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане, внесшие весомый вклад в обеспечение верховенства Конституции Республики Казахстан, укрепление независимости страны, согласия и стабильности в казахстанском обществе, защиту конституционных прав граждан, становление и развитие идей и принципов конституционализма.
      3. Представления к награждению юбилейной медалью вносятся Президенту Республики Казахстан палатами Парламента, Правительством, Конституционным Советом, Верховным Судом, министерствами, иными центральными государственными органами Республики Казахстан, акимами городов Астаны и Алматы, областей, а также общественными объединениями.
      4. Юбилейная медаль вручается Президентом Республики Казахстан.
      Юбилейную медаль от имени и по поручению Президента Республики Казахстан также могут вручать:
      1) Государственный секретарь Республики Казахстан;
      2) акимы городов Астаны и Алматы, областей, а также иные уполномоченные Главой государства должностные лица.
      5. Вручение юбилейной медали производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично. Перед вручением оглашается Указ Президента Республики Казахстан о награждении.
      6. Вместе с медалью награжденному вручается удостоверение установленного образца.
      7. Юбилейная медаль носится на левой стороне груди. При наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них.
      8. О вручении юбилейной медали в списке для награждения делается соответствующая запись.
      Неврученные медали и удостоверения к ним возвращаются в Орденскую кладовую Управления делами Президента Республики Казахстан с указанием причин возврата, о чем делается соответствующая отметка в списках.
      Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейных медалей ведутся Администрацией Президента Республики Казахстан.

УТВЕРЖДЕНО        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от 24 февраля 2015 года № 1015

ОПИСАНИЕ
юбилейной медали «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»

      Юбилейная медаль «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» изготавливается из латуни.
      Имеет правильную круглую форму с диаметром окружности 34 мм.
      Все изображения и надписи на окружности выступающие. Края медали окаймлены бортиком.
      На лицевой стороне медали (аверсе) вверху вдоль гурта выступает надпись «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА».
      В центре аверса находится окружность. Внутри круга в верхней части расположен Государственный Герб Республики Казахстан, в нижней части расположена открытая рельефная книга, символизирующая Конституцию Республики Казахстан, с текстом в две строки «20 жыл». Фон аверса блестящий, рельеф выступающий матированный.
      На обратной стороне медали (реверсе) по центру расположен казахский национальный орнамент. В нижней части реверса нанесены цифры «1995-2015». Под орнаментом и цифрами поверхность матированная. Цифры и орнамент выступающие блестящие.
      Юбилейная медаль «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» с помощью ушка и кольца соединяется с колодкой шестиугольной формы шириной 32 мм и высотой 50 мм. Колодка обтянута шелковой муаровой лентой цвета Государственного Флага Республики Казахстан с четырьмя белыми полосами. По краям ленты располагаются по одной полосе шириной 4 мм с отступом 3 мм с каждой стороны и две центральные полосы шириной 2 мм с промежутком между ними.
      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1015 Жарлығы

Қазақстан Республикасы     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында және республикалық 
баспасөзде жариялануға тиіс 

      Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-aқ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалі тағайындалсын.
      2. Мыналар:
      1) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
      2) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 1015 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН     

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Қағидалар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін регламенттейді.
      2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, конституционализм идеялары мен қағидаттарының қалыптасуы мен дамуына салмақты үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.
      3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсынуларды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.
      4. Мерекелік медальды Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.
      Мерекелік медальды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
      2) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы өкілеттік берген өзге лауазымды адамдар да тапсыра алады.
      5. Мерекелік медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.
      6. Наградталған адамға медальмен бірге, белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады.
      7. Мерекелік медаль кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналастырылады.
      8. Мерекелік медальдың тапсырылғандығы туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жасалады.
      Тапсырылмаған медальдар мен олардың куәліктері, қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.
      Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 1015 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН    

"Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалінің СИПАТТАМАСЫ

      «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі жезден жасалады.
      Шеңбер диаметрі 34 мм болатын дұрыс дөңгелек нысанында болады.
      Шеңбердегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдың қырлары жақтаушамен көмкерілген.
      Медальдың бет жағында (аверсте) жиектің үстін бойлай отырып, «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген сөздер шығыңқы жазылған.
      Аверстің ортасында дөңгелек орналасқан. Дөңгелектің ішінде, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін, «20 жыл» деген екі жол мәтіні бар, бедерлі ашық кітап орналасқан. Аверстің түсі жылтыр, бедері шығыңқы күңгірттендірілген.
      Медальдың сыртқы жағының (реверстің) ортасында қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан. Реверстің төменгі бөлігінде «1995-2015» деген цифрлар жазылған. Ою-өрнек пен цифрлар астындағы бет күңгірттендірілген. Цифрлар мен ою-өрнек шығыңқы жылтыр.
      «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі құлақша мен шығыршық арқылы, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты нысандағы тағанмен жалғанады. Таған ақ түсті төрт жолағы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл жібек лентамен қапталған. Лентаның жиектерінде әр жағынан 3 мм шегініспен ені 4 мм болатын бір-бір жолақ және олардың ортасында ені 2 мм болатын, арасы ашық екі орталық жолақ орналасады.
      Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.