О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 августа 2009 года № 861 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета"

Указ Президента Республики Казахстан от 11 января 2016 года № 166. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 августа 2009 года № 861 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 36, ст. 342) следующие изменения:

      в Правилах разработки проекта республиканского бюджета, утвержденных вышеназванным Указом:

      часть вторую пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "Базовыми расходами являются расходы постоянного характера, капитальные расходы, а также расходы на начатые (продолжающиеся) бюджетные инвестиционные проекты и выполнение принятых государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств.";

      в пункте 14:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "14. Центральный уполномоченный орган по государственному планированию с учетом результатов оценки эффективности деятельности государственного органа по достижению и реализации целей в курируемой отрасли (сфере) рассматривает:

      1) проекты стратегических планов или проекты изменений и дополнений в стратегические планы на предмет их соответствия стратегическим и программным документам, прогнозу социально-экономического развития страны, правильности выбора целевых индикаторов и степени их достижения;

      2) проекты бюджетных программ на предмет правильности выбора показателей результатов, наличия взаимоувязки показателей результатов бюджетных программ с целевыми индикаторами стратегического плана, степени достижимости показателей результатов.";

      подпункты 1) и 2) части третьей изложить в следующей редакции:

      "1) бюджетные заявки администраторов бюджетных программ на предмет их соответствия бюджетному и иному законодательству Республики Казахстан, прогнозу социально-экономического развития, действующим натуральным нормам и проектам стратегических планов или проектам изменений и дополнений в стратегические планы и проектам бюджетных программ, при этом при рассмотрении бюджетных заявок также используется база данных цен на товары, работы, услуги, установленная законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, в качестве ориентира при расчете по видам расходов по каждой бюджетной программе;

      2) показатели проектов бюджетных программ администраторов бюджетных программ, разрабатывающих стратегические планы, на предмет их взаимосвязи с целями и целевыми индикаторами стратегического плана;";

      подпункт 5) части второй пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "5) пояснительную записку, раскрывающую решения, заложенные в проекте республиканского бюджета, информацию в разрезе администраторов республиканских бюджетных программ, содержащую:

      краткое описание достигнутых показателей результатов за предыдущий год;

      краткое описание текущей ситуации, имеющихся проблем;

      описание путей улучшения ситуации и решения проблем, достижения целей и планируемых целевых индикаторов, определенных в проекте стратегического плана государственного органа;

      описание целей бюджетных программ и планируемых конечных результатов бюджетных программ;

      направления расходования бюджетных средств в разрезе бюджетных программ и бюджетных подпрограмм, описание прямых результатов бюджетных программ.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.


Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ


"Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 166 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.";

      14-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мақсаттарға қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нысаналы индикаторларды таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежесінің дұрыстығы тұрғысынан;

      2) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дәрежесі тұрғысынан бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарайды.";

      үшінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;

      2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;";

      21-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мыналарды:

      алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;

      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президентi

Н.Назарбаев