О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 6 мая 2016 года № 253.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в целях модернизации и повышения эффективности системы государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Министерство информации и коммуникаций Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в сфере информации, информатизации и связи.

      2. Реорганизовать Министерство национальной экономики Республики Казахстан с передачей Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан функций и полномочий в области формирования и реализации государственной политики в сфере управления земельными ресурсами, геодезической и картографической деятельности.

      3. Правительству Республики Казахстан обеспечить:

      1) по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан перераспределение штатной численности реорганизуемых и образованного государственных органов;

      2) принятие иных мер, вытекающих из настоящего Указа.

      4. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 6 "О структуре Правительства Республики Казахстан" следующее дополнение:

      в пункте 1:

      после строки "Министерство по делам государственной службы Республики Казахстан;" дополнить строкой следующего содержания:

      "Министерство информации и коммуникаций Республики Казахстан;".

      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ


Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің ақпарат, ақпараттандыру және байланыс саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;".

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев