О юбилейной медали в ознаменование 20-летия уполномоченного органа в сфере внешней разведки Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 6 ноября 2017 года № 577.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики Казахстан

      В ознаменование 20-летия образования уполномоченного органа в сфере внешней разведки Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Учредить юбилейную медаль "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл".

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл";

      2) описание и образец юбилейной медали "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 6 ноября 2017 года
№ 577

ПРАВИЛА
награждения юбилейной медалью
"Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл"

      1. Настоящие Правила определяют порядок награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" (далее – юбилейная медаль).

      2. Юбилейной медалью награждаются сотрудники Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" (далее – Служба "Сырбар"), положительно характеризуемые по службе и образцово выполняющие свой служебный долг, имеющие стаж службы не менее 20 лет, пенсионеры внешней разведки и другие лица, внесшие значительный вклад в деятельность в сфере внешней разведки Республики Казахстан.

      3. Порядок представления и рассмотрения ходатайств о награждении юбилейной медалью определяется директором Службы "Сырбар".

      4. Вручение юбилейной медали производится от имени Президента Республики Казахстан:

      1) директором Службы "Сырбар";

      2) заместителями директора Службы "Сырбар";

      3) руководителями структурных подразделений Службы "Сырбар".

      5. Вручение юбилейной медали производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично. Перед вручением оглашается приказ директора Службы "Сырбар" о награждении.

      6. Вместе с юбилейной медалью награжденному вручается удостоверение установленного образца.

      7. Юбилейная медаль носится на левой стороне груди. При наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них.

      8. Неврученные юбилейные медали и удостоверения к ним возвращаются в кадровое подразделение Службы "Сырбар" с указанием причин возврата, о чем делается соответствующая отметка в списках.

      Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейных медалей ведутся кадровым подразделением Службы "Сырбар".

 
  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 6 ноября 2017 года
№ 577

ОПИСАНИЕ И ОБРАЗЕЦ
юбилейной медали "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл"

      Юбилейная медаль "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" представляет собой диск диаметром 37 мм, выполненный из металла золотистого цвета – латуни.

      На лицевой стороне медали (аверсе) по центру расположено стилизованное рельефное изображение земного шара с объемным изображением беркута с расправленными крыльями. Рельеф изображения беркута блестящий. Голова беркута повернута в геральдическую правую сторону. В правой лапе беркута – копье с тумаром из конских волос желтого цвета, в левой – круглый стилизованный национальный синий щит, центральная часть которого рассечена двумя перевязями, выполненными элементами национального орнамента. К центру щита прикреплен тумар из конских волос желтого цвета.

      По контуру изображения земного шара на фоне синего цвета расположена надпись золотистого цвета на государственном языке, в верхней части – "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", в нижней части – "СЫРТҚЫ БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ". Надписи разделены клепками золотистого цвета. По центру в нижней части изображения земного шара на ленте бордового цвета в кругу нанесена цифра "20".

      На обратной стороне медали (реверсе) по центру нанесены цифры
"1997-2017". Под цифрами поверхность матированная. Цифры выступающие блестящие. 

      Медаль с помощью ушка и кольца соединена с шестиугольной колодкой шириной 32 мм, высотой 50 мм. Колодка обтянута шелковой муаровой лентой василькового (синего) цвета с двумя полосками золотистого (желтого) цвета. Ширина полосок – 2,5 мм. Расстояние между полосками – 14 мм. По краям ленты расположены полосы бирюзового (голубого) цвета шириной 6,5 мм. Внизу колодки прикреплены две расходящиеся лавровые ветви из металла золотистого цвета – латуни.

      Юбилейная медаль при помощи булавки с визорным замком крепится к одежде.

ЮБИЛЕЙНАЯ МЕДАЛЬ
"Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл"

     


Қазақстан Республикасының сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органының 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 577 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасының сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органының құрылғанына 20 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

      2) "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 6 қарашадағы
№ 577 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Мерекелік медальмен қызметі бойынша оң сипатталатын және өз қызметтік борышын үлгілі орындайтын, 20 жылдан кем емес қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің (бұдан әрі – "Сырбар" қызметі) қызметкерлері, сыртқы барлау зейнеткерлері және Қазақстан Республикасының сыртқы барлау саласындағы қызметке елеулі үлес қосқан басқа да адамдар наградталады.

      3. Мерекелік медальмен наградтау туралы өтініштерді ұсыну және қарау тәртібін "Сырбар" қызметінің директоры айқындайды.

      4. Мерекелік медальді тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан:

      1) "Сырбар" қызметінің директоры;

      2) "Сырбар" қызметі директорының орынбасарлары;

      3) "Сырбар" қызметі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жүргізеді.

      5. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында "Сырбар" қызметі директорының наградтау туралы бұйрығы жария етіледі.

      6. Наградталған адамға мерекелік медальмен бірге белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.

      7. Мерекелік медаль кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналастырылады.

      8. Табыс етілмеген мерекелік медальдар мен олардың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіле отырып, "Сырбар" қызметінің кадр бөлімшесіне қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі жасалады.

      Өткізілген наградтауларды есепке алу, сондай-ақ мерекелік медальдарды табыс ету барысы туралы есептілікті "Сырбар" қызметінің кадр бөлімшесі жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 6 қарашадағы
№ 577 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" мерекелік медалінің СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҮЛГІСІ

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" мерекелік медалі алтын түстес – латун металынан жасалған диаметрі 37 мм дискіден тұрады.

      Медальдің алдыңғы бетінде (аверсінде) ортасында қанаттары жазылған көлемді бүркіт бейнесі бар мәнерлі бедерлі жер шары бейнесі орналасқан. Бүркіт бейнесінің бедері жылтырақ. Бүркіттің басы геральдикалық оң жаққа бұрылған. Бүркіттің оң шеңгелінде – аттың сары түсті жалынан жасалған тұмары бар найза, сол шеңгелінде – дөңгелек мәнерлі ұлттық күміс қалқан, оның ортаңғы бөлігі алтын түстес ұлттық ою-өрнек элементтерімен орындалған екі ою-өрнекпен қиыса бөлінген. Қалқанның ортасына аттың сары түсті жалынан жасалған тұмар бекітілген.

      Жер шары бейнесінің нобайын бойлай көк түстің аясында жоғары бөлігінде – "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", төменгі бөлігінде – "СЫРТҚЫ БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ" деген мемлекеттік тілде бойлай жазылған алтын түсті жазу бар. Жазулар алтын түстес тойтарма шегелермен бөлінген. Жер шары бейнесінің төменгі бөлігінің ортасында күрең қызыл түсті лентада шеңберде "20" цифры жазылған.

      Медальдің сыртқы жағының (реверсте) ортасында "1997-2017" цифрлар жазылған. Цифрлардың төменгі жағы күңгірт. Цифрлар шығыңқы жылтыр.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Таған алтын (сары) түстес екі жолақшасы бар көктікен (көк) түсті жібек қатқыл лентамен тысталған. Жолақшалардың ені – 2,5 мм. Жолақшалардың аралығы – 14 мм. Лентаның шеттерін бойлай ені 6,5 мм көгілдір жолақтар орналасқан. Шығыршықтан төмен алтын түстес металл – латуннан жасалған шашыраған екі лавр дестесі бекітілген.

      Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІ