Об определении уполномоченных органов Республики Казахстан по реализации Соглашения о сотрудничестве государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности в области перевозок воинских и других формирований, их движимого имущества, а также продукции военного назначения

Указ Президента Республики Казахстан от 12 декабря 2017 года № 603

      В соответствии со статьей 3 Соглашения о сотрудничестве государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности в области перевозок воинских и других формирований, их движимого имущества, а также продукции военного назначения, совершенного в Душанбе 15 сентября 2015 года (далее – Соглашение), ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Определить Министерство обороны Республики Казахстан, Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан, Министерство иностранных дел Республики Казахстан уполномоченными органами по реализации Соглашения.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Секретариат Организации Договора о коллективной безопасности о принятом решении.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев

Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 603 Жарлығы

      2015 жылғы 15 қыркүйекте Душанбеде жасалған Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев