О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 780. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 10 сентября 2022 года № 1005.

      Сноска. Утратил силу указом Президента РК от 10.09.2022 № 1005.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести изменения в следующие указы Президента Республики Казахстан:

      1) в Указ Президента Республики Казахстан от 26 июня 2013 года № 590 "Об утверждении Концепции новой бюджетной политики Республики Казахстан":

      в Концепции новой бюджетной политики Республики Казахстан, утвержденной вышеназванным Указом:

      в разделе "2. Основные принципы и подходы к формированию и реализации новой бюджетной политики в Республике Казахстан":

      в подразделе "Эффективное использование средств Национального фонда Республики Казахстан":

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Начиная с 2021 года, ежегодный фиксированный размер гарантированного трансферта из Национального фонда будет снижен до 2 000 млрд тенге.";

      2) в Указ Президента Республики Казахстан от 8 декабря 2016 года № 385 "О Концепции формирования и использования средств Национального фонда Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 63, ст. 397):

      в Концепции формирования и использования средств Национального фонда Республики Казахстан, утвержденной вышеназванным Указом:

      в разделе "5. Основные принципы и подходы по формированию и использованию средств Национального фонда":

      в подразделе "5.1. Принципы формирования и использования средств Национального фонда":

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Гарантированный трансферт.

      Начиная с 2021 года, гарантированный трансферт в республиканский бюджет будет зафиксирован в абсолютном значении в тенге и установлен в размере 2000 млрд тенге. Данный размер гарантированного трансферта соответствует объему поступлений от нефтяного сектора в Национальный фонд при цене 40 долларов США за баррель и инвестиционного дохода при средней индикативной доходности в 3,0 % в год.

      Средства, поступающие в Национальный фонд при цене на нефть свыше 40 долларов США за баррель, будут накапливаться в Национальном фонде.

      При этом, в целях плавного перехода на новое правило размер гарантированного трансферта из Национального фонда в республиканский бюджет будет снижен поэтапно:

      в 2019 году - 2 450 млрд тенге;

      в 2020 году - 2 300 млрд тенге;

      в 2021 году и последующие годы - 2 000 млрд тенге.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 780 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
(үзінді)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.09.2022 № 1005 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында:

      "2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 жылдан бастап Ұлттық қордан берілетін жыл сайынғы тіркелген кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2000 млрд теңгеге дейін төмендетілетін болады.";

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

      "5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары" деген кіші бөлімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепілдендірілген трансферт.

      2021 жылдан бастап республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт теңгемен абсолюттік мәнде тіркеліп, 2 000 млрд теңге мөлшерінде белгіленетін болады. Кепілдендірілген трансферттің осы мөлшері бағасы барреліне 40 АҚШ доллары болғанда Ұлттық қорға мұнай секторы түсімдерінің көлеміне және орташа индикативтік кірістілігі жылына 3,0 % болған кезде инвестициялық кіріске сәйкес келеді.

      Мұнай бағасы барреліне 40 АҚШ долларынан жоғары болғанда Ұлттық қорға түсетін қаражат Ұлттық қорда жинақталатын болады.

      Бұл ретте, жаңа қағидаға біртіндеп ауысу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері кезең-кезеңімен төмендетіледі:

      2019 жылы - 2 450 млрд теңге;

      2020 жылы - 2 300 млрд теңге;

      2021 жылы және одан кейінгі жылдары - 2 000 млрд теңге.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев