Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, в марте – июне и сентябре – декабре 2020 года, а также очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в марте – августе и сентябре – декабре 2020 года

Указ Президента Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 266.

      Сноска. Заголовок в редакции Указа Президента РК от 30.04.2020 № 312 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 7 января 2005 года "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" и статьей 31 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Уволить в запас из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Службы государственной охраны Республики Казахстан в марте – июне и сентябре – декабре 2020 года военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы.

      2. Призвать на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Службу государственной охраны Республики Казахстан в марте – августе и сентябре – декабре 2020 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва.

      Сноска. Пункт 2 в редакции Указа Президента РК от 30.04.2020 № 312 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Местным исполнительным органам организовать и обеспечить проведение призыва граждан на срочную воинскую службу в марте – августе и сентябре – декабре 2020 года через соответствующие местные органы военного управления.

      Сноска. Пункт 3 в редакции Указа Президента РК от 30.04.2020 № 312 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Правительству Республики Казахстан, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан, Службе государственной охраны Республики Казахстан организовать финансовое и материальное обеспечение отправки граждан Республики Казахстан, призванных в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Службу государственной охраны Республики Казахстан для прохождения срочной воинской службы, и увольнения военнослужащих, выслуживших установленные сроки срочной воинской службы.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.04.2020 № 312 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына жəне "Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілер 2020 жылдың наурыз – маусымында жəне қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.

      2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.04.2020 № 312 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын жəне қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.04.2020 № 312 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді əскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне əскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді жəне мерзімді əскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген əскери қызметшілерді шығаруды қаржылай жəне материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ