О юбилейной медали в ознаменование 30-летия Независимости Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2021 года № 575

      В целях поощрения граждан Республики Казахстан и иностранных граждан, внесших значительный вклад в развитие, становление государственности и укрепление суверенитета Республики Казахстан, а также в ознаменование 30-летия Независимости Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Учредить юбилейную медаль "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл".

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл";

      2) описание юбилейной медали "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 17 мая 2021 года
№ 575

ПРАВИЛА
награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл"

      1. Настоящие Правила регламентируют порядок награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" (далее – юбилейная медаль).

      2. Юбилейной медалью награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане, внесшие значительный вклад в становление государственности, укрепление суверенитета и социально-экономическое развитие Республики Казахстан.

      3. Представления к награждению юбилейной медалью вносятся Президенту Республики Казахстан Парламентом, Правительством, министерствами, иными центральными государственными органами Республики Казахстан, акимами городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, областей, а также общественными организациями.

      4. Юбилейная медаль вручается Президентом Республики Казахстан.

      Юбилейную медаль от имени и по поручению Президента Республики Казахстан также могут вручать:

      1) Государственный секретарь Республики Казахстан;

      2) акимы городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, областей, а также иные должностные лица, уполномоченные на это Главой государства.

      Вместе с юбилейной медалью награжденному вручается удостоверение установленного образца.

      5. Вручение юбилейной медали производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично. Перед вручением оглашается Указ Президента Республики Казахстан о награждении.

      6. Юбилейная медаль носится на левой стороне груди. При наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них.

      7. О вручении юбилейной медали в списке для награждения делается соответствующая запись.

      Неврученные юбилейные медали и удостоверения к ним возвращаются в орденские кладовые Управления делами Президента Республики Казахстан с указанием причин возврата, о чем делается соответствующая отметка в списках.

      Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейной медали ведутся Администрацией Президента Республики Казахстан.

 
  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 17 мая 2021 года
№ 575

ОПИСАНИЕ
юбилейной медали "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл"

      Юбилейная медаль "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" (далее – юбилейная медаль) имеет форму правильного круга диаметром 34 мм.

      На лицевой стороне (аверсе) юбилейной медали расположена надпись "ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ". В нижней части юбилейной медали размещено изображение национального орнамента.

      На оборотной стороне (реверсе) юбилейной медали в центральной части расположена надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ", выполненная в четыре строки. Внизу и вверху надписи расположены элементы национального орнамента.

      Все изображения и надписи на юбилейной медали рельефные, золотистого цвета. Поверхность аверса и реверса матированная.

      Юбилейная медаль изготавливается из металла желтого цвета (латуни).

      Юбилейная медаль при помощи ушка и кольца соединяется с колодкой шириной 32 мм и высотой 50 мм, обтянутой муаровой лентой цвета Государственного Флага Республики Казахстан. Посередине ленты проходит вертикальная желтая полоса шириной 5 мм, края которой обрамлены полосками красного цвета шириной по 2 мм.

      Юбилейная медаль с помощью булавки с визорным замком крепится к одежде.

     


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 575 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

      2) "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 575 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) наградтау тәртібін регламенттейді.

      2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.

      3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгізеді.

      4. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті табыстайды.

      Мерекелік медальді Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша сонымен қатар:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

      2) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы осыған уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар табыстай алады.

      Наградталған адамға мерекелік медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табысталады.

      5. Мерекелік медальді табыстау салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне табысталады. Табыстау алдында Қазақстан Республикасы Президентінің Наградтау туралы жарлығы жария етіледі.

      6. Мерекелік медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.

      7. Мерекелік медальдің табысталғаны туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жазылады.

      Табысталмаған мерекелік медальдар мен олардың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіліп, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.

      Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың табысталу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 575 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалінің СИПАТТАМАСЫ

      "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.

      Мерекелік медальдің бет жағында (аверсінде) "ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан. Мерекелік медальдің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген.

      Мерекелік медальдің сыртқы бетінің (реверсінде) ортаңғы бөлігінде төрт жол етіп "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ" деген жазу жазылған. Жазудың төменгі және жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

      Медальдағы бейнелер мен жазулардың бәрi де бедерлi, алтын түстес. Аверс пен реверс беті күңгірт.

      Мерекелік медаль сары түсті металдан (жезден) жасалады.

      Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен қапталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 5 мм тік сары жолақ өтеді, оның шеттері ені 2 мм қызыл түсті жолақтармен жиектелген.

      Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.


  "Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 30 жыл
мерекелік медалінің
сипаттамасына
ҚОСЫМША"