Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в марте - июне и сентябре - декабре 2022 года

Указ Президента Республики Казахстан от 4 марта 2022 года № 827.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актовПрезидента и
Правительства
РеспубликиКазахстан и
республиканской печати

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 7 января 2005 года "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" и статьей 31 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Уволить в запас из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Службы государственной охраны Республики Казахстан в марте - июне и сентябре - декабре 2022 года военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы.

      2. Призвать на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Службу государственной охраны Республики Казахстан в марте - июне и сентябре - декабре 2022 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва.

      3. Местным исполнительным органам организовать и обеспечить проведение призыва граждан на срочную воинскую службу в марте - июне и сентябре - декабре 2022 года через соответствующие местные органы военного управления.

      4. Правительству Республики Казахстан, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан, Службе государственной охраны Республики Казахстан организовать финансовое и материальное обеспечение отправки граждан Республики Казахстан, призванных в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Службу государственной охраны Республики Казахстан для прохождения срочной воинской службы, и увольнения военнослужащих, выслуживших установленные сроки срочной воинской службы.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2022 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.

      2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2022 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

      3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2022 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев