О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 "О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 272

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 "О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан" следующие дополнения:

      в Положении об Агентстве по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:

      "8-1) утверждение перечня обязательных услуг, оказываемых субъектами естественных монополий и квазигосударственного сектора, в рамках защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности;";

      дополнить подпунктами 44-2) и 44-3) следующего содержания:

      "44-2) согласование перечня и объемов товаров, работ, услуг, а также перечня государственных предприятий учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, у которых приобретаются такие товары, работы, услуги, утверждаемых центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство системой органов внутренних дел Республики Казахстан;

      44-3) согласование перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений лиц с инвалидностью Республики Казахстан и (или) организаций, созданных общественными объединениями лиц с инвалидностью Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги, определяемого уполномоченным органом в сфере социальной защиты населения;";

      дополнить подпунктами 84-2) и 84-3) следующего содержания:

      "84-2) проведение функционального анализа деятельности в соответствии с методикой по проведению отраслевых (ведомственных) функциональных обзоров деятельности государственных органов, утверждаемой уполномоченным органом в сфере развития системы государственного управления;

      84-3) проведение цифровой трансформации;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

"Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 272 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 44-2) және 44-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "44-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін келісу;

      44-3) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардан сатып алынатын, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 84-2) және 84-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "84-2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;

      84-3) цифрлық трансформацияны жүргізу;".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев