О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 "О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 7 марта 2025 года № 809

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 "О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении об Агентстве по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктами 52-1), 52-2) и 52-3) следующего содержания:

      "52-1) выдача заключений антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг при осуществлении государственных закупок способом из одного источника путем прямого заключения договора в случаях:

      приобретения товаров, услуг, являющихся объектами интеллектуальной собственности, у лица, обладающего исключительными правами в отношении приобретаемых товаров, услуг;

      приобретения государственным органом товаров, работ, услуг у акционерных обществ, товариществ с ограниченной ответственностью, сто процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и государственных предприятий, в отношении которых он осуществляет управление в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственном имуществе, соответствующие полномочия которых, в том числе государственного органа, установлены законами Республики Казахстан, указами Президента Республики Казахстан, за исключением случаев приобретения товаров, работ, услуг у организаций, обеспечивающих деятельность органов национальной безопасности, избирательных комиссий;

      52-2) выдача заключений антимонопольного органа об отсутствии иной возможности приобретения соответствующих товаров, работ, услуг на конкурентной основе при осуществлении государственных закупок способом из одного источника путем прямого заключения договора в случаях приобретения материалов выставок, семинаров, конференций, совещаний, форумов, симпозиумов, тренингов, а также оплаты за участие в указанных мероприятиях;

      52-3) разработка и утверждение правил выдачи заключений антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг и об отсутствии иной возможности приобретения соответствующих товаров, работ, услуг на конкурентной основе;";

      в подпункты 67) и 68) вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      дополнить подпунктом 69-1) следующего содержания:

      "69-1) принятие решения о приостановлении действия лицензии товарной биржи, биржевого брокера, клирингового центра товарной биржи в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о товарных биржах, а также опубликование информации о лишении (отзыве) лицензии на своем интернет-ресурсе;";

      дополнить подпунктом 74-1) следующего содержания:

      "74-1) утверждение правил формирования и ведения реестра недобросовестных участников биржевых торгов;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев одиннадцатого, двенадцатого пункта 1 настоящего Указа, которые вводятся в действие с 1 января 2026 года, и абзацев десятого, тринадцатого, четырнадцатого пункта 1 настоящего Указа, которые вводятся в действие с 1 июля 2025 года.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

"Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 809 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2) және 52-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "52-1) мынадай:

      зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғалардан сатып алған;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұлттық қауіпсіздік, сайлау комиссиялары органдарының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру;

      52-2) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер материалдарын сатып алған, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысу үшін ақы төлеген жағдайларда, шартты тікелей жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге де мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру;";

      52-3) ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге де мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      67) және 68) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "67) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасының мәселелері жөнінде ақпарат жариялау;

      68) биржа саудасын дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;";

      мынадай мазмұндағы 69-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "69-1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тауар биржасы, биржалық брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау, сондай-ақ лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жариялау;";

      мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "74-1) биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;".

      2. Осы Жарлықтың 1-тармағының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он бірінші, он екінші абзацтарын және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін оныншы, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев